«Самал»
бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ны
Е
Р Т Е Ң Г І Л І К
Тақырыбы:
“Біз отанның сарбазы”
ІІ
кіші «Бөбек» тобы
Тәрбиеші:
Сегизбаева Мираш Мынбасиевна
Төрткүл
елді мекені
06.05.2019
жыл
“Біз
отанның сарбазы”
Мақсаты:
Балаларға 7- мамыр Отан қорғаушылар
күні мерекесін сезіндіру. Олардың
еңбектері туралы кеңінен түсіндіру.Рухы
күшті ел, алынбайтын қамал ел қорғайтын
балалар тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар! Құрметті әріптестер, ата-
аналар, қымбатты балалар.
Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,
7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі де
келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің
қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны
Отан қорғаушы азаматтарымызға деген
ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес. ”Отан қорғаушылар” күні
мерекесі құтты болсын.
Ендеше
бүгін “Бөбек” тобының “Біз отанның
сарбазы” атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер.
Бүгінгі
тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған
берік пен бірліктің нәтижесінде келді.
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң
атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі
нақ солардың арқасында. Отанамызда
әрқашан тыныштық болсын.
Ендеше
Е.Елдарынның орындауында “Ассалаумағалейкум”
әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Отанымызды қорғауда еліміздің өркендеуі
жолында еңбек атқарып жатқан ағаларымыз
қаншама, сол ағаларымызға тілейтініміз
Еңбектерің
жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты
шуақ, нұр құйылсын көп.
Шын
жүректен құттықтап біз тілейміз
Бар
жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Келесі
кезекте ұлдардың орындауында “Сарбаздар”
биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі,
қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді
ағаларымызға жігерлеріңіз мұқалмасын,
асқақ шыңдарды бағындырып, қонар
тұғырларыңыз биіктей берсін дей келе
балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Дидар:
Баламын мен бүгін
Кіп-кішкентай
баламын
Ертең
менде өскенде
Ел
қорғауға барамын.
Кәусәр:Тыныштық,
жаса тыныштық!
Осы
сөз бізге тым ыстық
Көркейе
берсін еліміз
Көркейе
берсін ырыс құт!
Ұлжан:Отан
алтын бесігім
Отан
деп соғады жүрегім
Отаным
менің тірегім
Тек
сені ойлап жүремін.
Бекасыл:Ер
есімін алып жүрген
Жас
түлектер қаншама
Батыр
аға-апаларын
Таныстырып
баршаға.
Жүргізуші:
Ағалар
біздің кең арқау асқарымыз
Жолын
қуар солардың жастарымыз
Абзал
жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен
иілген бастарымыз.
Келесі
кезекте “Балбөбек” тобының спорттық
өнерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Мың
бұралып билеген
Бишіні
кім сүймеген
Күміс
көмей бишілерге
Кімдер
басын имеген дей отырып қыздардың
орындауында “Шашу” биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Осымен “Біз Отанның сарбазы” атты
ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қорытынды
сөзді әдіскер Жорабек Назира Рахымқызына
береміз.
Сау-
саламатта болыңыздар!