Материалдар / Біз өз Отанымызды сүйеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз өз Отанымызды сүйеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш мұғалімдеріне Отан туралы ашық тәрбие сағатта керек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Біз өз Отанымызды сүйеміз»

Мақсаты:  Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд.





Біз бүгін «Біз өз Отанымызды сүйеміз» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жер іүлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрысайтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы , таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады

1-жүргізуші: Жасмин

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

2-жүргізуші Нұрислам

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

1-жүргізуші: Жасмин

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кеңбайтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

Қалдыбаеава Аяжан:1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

Дилара:1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Али:1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

Мирас:1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

Назарбек:1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Байтақ:1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

Сымбат:1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Ч.Аяжан:1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

Айкен:1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

Назерке:1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

Арайлым:1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

Ерқожа:2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

Қасымжомарт:2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Нұрислам:Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.

2-жүргізуші Нұрислам

Енді барлық оқушылардың қатысуымен «Алға Қазақстан» флешмоб биі

1-жүргізуші: Жасмин

Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан — менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.

Алматы — біздің тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мемлекетіміздің алтын діңгегі.

Астана келбеті — ұлт келбеті.

Астана — Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.


Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек;

1-жүргізуші: Жасмин

Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.


2-жүргізуші Нұрислам
Отаным менің - Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағын.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қазағым. 

3.Жазира:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәрбереді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отанмәңгігүлденеді.

4.Асқар:
Отандеген - Атамекен,
Отандеген - туғанжер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

5.Аяулым;
Отан – менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегім мен сеземін

6.Батырхан

Отаным – менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.

Айкен:
Отаным – мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Тамерлан :
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, ҰлыОтан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.



Қарақат:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңг ісоғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

Саяна:
Біз жасұлан – Отан ан аөркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Мереке:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

Елдос:
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңажол, жасқаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бір ақ өз үйіңнен басталады.

Мирас:
Қазақстан – көк байрақты ел едің,
Сен дегенделүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

Аяжан:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жасұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.



1-жүргізуші: Жасмин

Құралбаев Нұрислам «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) 








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!