400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз қалай қозғаламыз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне , көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану

Күні:10.01.2020

Сынып: 1 «А»

Мұғалімнің аты-жөні:

Канатбек М

Сабақтың тақырыбы:

Біз қалай қозғаламыз?

Оқу мақсаттары

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау.

Сабақтың

мақсаты

Барлық оқушылар: Адам өміріндегі және табиғаттағы қозғалыс түрлерін мұғалімнің көмегімен анықтайды.

Көптеген оқушылар: Табиғаттағы қозғалыстың өз бетінше және адам көмегімен қозғалатынына тәжірибе жасау арқылы зерттейді.

Кейбір оқушылар: Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығына аргументтер келтіреді.

Бағалау критерийі

Қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын анықтай алады.

Қозғалыстың табиғаттағы маңыздылығын анықтай біледі.

Тілдік мақсаттар

Әсер ету, басқару, айналдыру

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел идеясының құндылықтарына жататын тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурс-тар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалаймын.

Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнатамын.

«Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа күш-қуат беру;

Жаттығу барысы:

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «еуропалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италияндықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «еуропалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италияндықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

«Мен шымырмын» ойыны:

1,2,3-ке саналу арқылы топқа біріктіремін.

 1-топ ұлдар: жерден тартылу жаттығуын

2-топ қыздар: секіртпемен секіру

3-топ қыздар мен ұлдар: жүгіру жаттығуын

4-топ:ұлдар: турникке тартылу жаттығуын жасайды.

Осы жаттығу­лардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелеріне салмақ түсетінін және қалай қозғалысқа түсетінін түсініп, айтып беруі тиіс.

-Балалар , бүгін біз адамның қандай қозғалыстар жасайтынын; денелердің қалай қозғалыс жасайтынын анықтап; жануарлардың қандай қозғалыс жасайтыны білетін боламыз.

Дескриптор:

Қозғалыс түрлерін жасайды.

Осы жаттығу­лардың әрқайсысын жасағанда қай дене мүшелері қозғалатынын айтады .




«Сәлем-десу» жаттығу













Ойын












Сабақтың ортасы



Оқулықпен жұмыс

«Мен ойыншығымды қалай қозғалтамын» ойыны.

1-топ ұлдар: машина жіппен тартатын

2-топ ұлдар: пультті машина

3-топ қыздар: бесік

4-топ қыздар: қол арбасы

Мақсаты : Әр топ өз ойыншығының қалай қозғалатынын көрсетіп, түсіндіріп беруі керек.

Дескриптор:

Ойыншықтың қалай қозғалатынын көрсетеді.

Қалай қозғалатыны түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс

30-жұмыс парағы

1-тапсырма.Ұқсас суреттерді бірдей түспен. Итерілуді қажет ететін жаттығуларды орындап жатқан балаларды қызыл түспен, тартылып жатқан балалардың суретін жасыл түпен бояңдар.

«Зерттейік.» ойыны

Мақсаты: Асық пен машина ойыншықты «әсер ету» арқылы қозғалысқа түскенін дәлелдеп айтып беруі керек.

“Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраймын.Әр түрлі жауап нұсқалары тыңдалады.

Бір оқушы асық ойнауды , бір оқушы машина ойыншықты доптардың көмегімен қозғауды ұсынамын.

Сұрақ :“Оқушылар асықты (машина ойыншықты) қалай қозғады?” — деп сұраймын.

Жауап нұсқасы: -Жоқ, оларды басқа асықпен (доппен) қозғады.

Дескриптор:

Заттарды басқа заттардың әсер етуі арқылы қозғауға болатынын айтады.

Оқулықпен жұмыс

Модельденген оқу

Заттарды қозғалысқа келтіру үшін оларды итеріп не тартып қана қоймаймыз. Оларды тербетуге немесе пульттің көмегімен басқаруға болады екен.

«Сен білесің бе?» айдары: ең алғашқы пульт арқылы қозғалатын ойыншық 100 жылдай бұрын пайда болды. Ол – қайықтың модельі еді.

«Үндемес» ойыны.

Әр топқа әртүрлі жануарлар суреттері беріледі. Ал оқушылар ол жануардың қалай қозғалатынын қимылмен көрсетулері тиіс.

Тұжырым жасау.

1-сұрақ: Адамның және жануардың қозғалыстарында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

2-сұрақ:Адамдар мен жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды?

1-топ: құрбақа мен жылан

2-топ: ит пен жылқы

3-топ: түйе мен шегіртке

4-топ: құс пен көбелек

Дескриптор:

1.Жануарлардың қалай қозғалатынын көрсетеді, атайды.

2.Адамның және жануардың қозғалыстарында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екенін айтады.

3. Адамдар мен жануарлар үшін қозғалыс неліктен маңызды екенін айтады.

Дәптермен жұмыс

30-жұмыс парағы

2-тапсырма.Жануарлар қалай қозғалады?

Қоршаудың төменгі жағына жазылған сөзге сәйкес қозғалатын жануарлардың суретін салыңдар.

Оқулық












Жұмыс дәптері, түрлі түсті қарын-даш



Асық, машина ойыншық














Оқулық










Суреттер





















Жұмыс дәптер, түрлі түсті қарын-даш


Сабақтың соңы





«Алады, алмайды» әдісімен кері байланыс алу

Сұраққа оқушылар тек «алады» немесе «алмайды» деп жауап беруі керек.

1-сұрақ: Адамдар және жануарлар әртүрлі қимыл қозғалыс жасай......алады.

2-сұрақ: Заттар өз бетінше қозғала.....алмайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі