жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біз қалай қозғаламыз
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Жаратылыстану Сынып: 1 |
Мектеп: «Төрткүл» жом |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні : Ахметбекова Қ. |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы:Біз қалай қозғаламыз. |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
|||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру; 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау; |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: әртүрлі заттардың қозғалысына мысалдар келтіре алады. Оқушылардың басым бөлігі: табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтай алады. Кейбір оқушылар: адамның қозғалысын зерттеу бойынша қосымша тапсырмалар орындай алады |
||||||
|
Бағалау критерилері |
түрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіреді. Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды. |
||||||
|
Сөздік қор
|
Үш тілде меңгереді: қозғалыс-двежения-movement |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. |
||||||
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі, сергіту сәттері, белсенді әрекеттер |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
дүниетану, дене шынықтыру |
||||||
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
аудио жазба, слайд |
||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Заттардың адамның көмегінсіз қозғалмайтынын біледі |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 5-минут |
-Ұйымдастыру кезеңі -топқа бөлу -психологиялық ахуал орнату Аққу болып ұшамыз Көлге келіп қонамыз Көлдің бетін құшамыз Қайта самғап ұшамыз |
Шаттық шеңбері Топқа бөлу
|
|||||
|
Сабақ ортасы 5-минут 10-минут 5-минут 5-минут 5-минут 5-минут
|
Сабақты ойыннан бастаңыз.Оқушылар музыка әуеніне ілесіп,белгілі бір қимыл-қозғалыстарды(бастарын,мойындарын,иықтарын айналдыру,қолдарын алға-артқа қозғау,жүгіру)жасаулары тиіс.Жаттығу аяқталған соң оқушылардан қандай қимыл-қозғалыс жасағандарын сұраңыз. Тыңдалым: Адамның қозғалысы дене мүшелерінің қимыл-қозғалысына, яғни бүгілуге, жазылуға және айналуға негізделген. Дене мүшелерінің ішінде ең көп қоз ғалатыны — аяқ пен қол, сонымен қатар дене мен баста қозғалыста болады. Адамның денесі жүру, жүгіру, секіру сияқты әртүрлі қимыл-қозғалыстар жасай алады. Осы қозғалыстың әсерінен адам заттарды қозғалысқа келтіре алады.Жануарлардың қозғалысы. Жануарлар да адам сияқты қозғалады. Алайда қимылдарында біраз айырмашылықтар бар: адам секіреді, жүгіреді, жүреді, жорғалайды, ал жануарлардың кейбіреуі осылардың біреуін ғана жасай алады. 1-топ Оқушыларды оқулықтағы тапсырманың суреттеріне қаратып, мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Бейнеленіп тұрған жануарлар қандай қимыл-қозғалыс жасайды? Адам осындай қимыл-қозғалыс жасай ала ма?”. Осы қимыл- қозғалысты жасауларын сұраңыз.
Зерттейік. Бұл жұмысты алаңда өткізуге болады. “Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраңыз. Топта асық ойнауды (немесе кеглді шарлармен құлатуды) ұсыныңыз. “Оқушылар асықты (кеглді) қалай қозғады?” — деп сұраңыз. Оларды жанасты ма әлде қашықтықтан басқарды ма? (Жоқ, оларды басқа асықпен (шармен) қозғады.)
Дескриптор:басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көрсете алады. 2-тапсырма Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа желімдеңіз.
ӨРМЕЛЕЙДІ СЕКІРЕДІ ҰШАДЫ ЖҮГІРЕДІ ШАБАДЫ ЖҮЗЕДІ Дескриптор: Білім алушы - суреттегі жануарларды атайды; - суреттегі жануарларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады. 3-тапсырма Сәйкестендіру Суреттерге мұқият қараңыз. Қозғалыстың қалай жасалғандығын анықтаңыз. Тиісті сөздермен сәйкестендіріп сызыңыз
«Итеру» және «тарту» арқылы айналаңыздағы денелерді қозғалтып көріңіз. Қозғалту үшін қандай күш жұмсағаныңызды, қай дене мүшесіне күш түскені туралы әңгімелеңіз. Дескриптор: Білім алушы - тарту арқылы қозғалатын денелерді анықтайды; - итеру арқылы қозғалатын денелерді анықтайды; - айналасындағы денелерді қозғалысқа түсіреді; - денені қозғалту барысындағы әсерді сипаттайды. 4-тапсырма.Мына суретті аяқта.Олардың қозғалысына керек нәрсені толықтырып салып,боя.
Деңгейлік тапсырмалар: 1. Қозғалыстың аздығы денсаулыққа қалай әсер ететінін анықта. 2. Жануарлар не үшін қозғалыс жасайтынын ата (тіршілік ету үшін: қорегін табу, тірі қалуүшін.) 3.Адам дене мүшелерінің ішінде ең көп қозғалатын мүшелерді сипатта.
|
Топтық жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Желім,қиынды суреттер Жапсырмалау Белсенді оқыту
Саралау |
|||||
|
Сабақтың соңы 5-минут |
Есте сақта! Адамдармен жануарлар қимыл қозғалыс жасай алады. Заттар өз бетінше қозғала алмайды
|
|
|||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады |
Бағалау критерийі: Білім алушы * Денелердің қозғалысын сипаттап айтады. * Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді * Қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығы түсіндіреді |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
-Сабақтың мақсаты дұрыс қойылған. -Қозғалыстың тірі табиғат үшін маңыздылығын білді. -сақталды. |
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||
шағым қалдыра аласыз












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген