жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біз қалай тамақтанамыз?
|
Сабақ тақырыбы: Біз қалай тамақтанамыз? |
Мектеп : Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебі |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні: Сыздыкова Рита Тоганбаевна |
||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру |
||||
|
Тірек сөз |
Жібек жолы, тағам, сусын |
||||
|
Оқулық |
Біз қалай тамақтанамыз? 70 – 71 беттер. |
||||
|
Жұмыс дәптері |
Тағам түрлері , 47- жұмыс парағы, 49-бет. Менің таңғы асым , 48 – жұмыс парағы, 50 – бет. Отбасылық ас мәзірі , 49- жұмыс парағы, 51 – бет. |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
- Ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білу: - Тағам және сусын туралы ажырата білу; - Бұрынғы және қазіргі кездегі елестету тәсілдерімен таныстыру. |
||||
|
Бағалау критериилері: |
1. Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді. 2.Тамақтану ережелерін біледі. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Татулық, достық салауатты өмір салтын ұстануды бала бойына қалыптастыру. |
||||
|
Пән аралық байланыс |
көркем еңбек, жаратылыстану |
||||
|
Акт |
Слайд |
||||
|
Бастапқы білім |
Ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындар түрлерін біледі. |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңберін құруға оқушыларды ортаға шақырамын» Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза мөлдір көңілімен Бүгінгі сабағымызды бастаймыз! «Сиқырлы дорба» әдісі арқылы топқа бөлу. Дорба ішіне жеміс – жидек, көкөністерді салып қояды. Оқушылар оны сыртынан ұстап, ішіндегі жеміс – жидек, көкөністер арқылы топқа бөлінеді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар өз топтарының атауларына қысқаша түсінік беріп өтеді. 1 – топ көкөністер 2 – топ жеміс –жидектер 3 – топ сусындар Дескриптор: - Жеміс – жидек, көкөністер ұғымы туралы білді. -Олардың пайдасы туралы әңгімелейді. Кері байланыс Бағалау «Шапалақ» Топтық жұмыс кезінде топтар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды. Біздің бас қаламыз – Астана қаласында қандай монумент бар екен? Оқушылар - Бәйтерек монументі бар. Өте дұрыс тамаша балалар. Астанамыз Астана қаласында – Бәйтерек монументі бар екен. Кім Астана қаласына барып сол монументті өз көзімен көріп келді екен? ( оқушылар жауабы) |
«Миға шабуыл»
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
1 - тапсырма Оқулықпен жұмыс: Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген , сондықтан оларға жылы киім керек болған жоқ. Олар үй салды. Қолайсыз ауа – райы және жыртқыш аңдардан қорғану үшін олар үй салды. Көп уақыттарын азық іздеуге жіберді. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Көбіне жабайы мамонттарды шұңқырға құлатып ұзақ уақытқа дейін азық етіп күн көрген. Алғашқы адамдар от жағып үйренген кезде аулаған аңдарының етіп пісіріп жеген. Осы әдіспен тамақ жеген пайдалы деп шешті қазіргі заманда диетолгтар. Өйткені таза отқа піскен еттің пайдасы өте көп екен. Біріншіден еттің бойындағы микроптар отта өліп қалады. Ең алғашқы адам тектес гоминидтердің сүйектері мен тістеріне зерттеу жүргізген кезде қазіргі көп кездесетін ауру түрлері – сүйек , тіс аурулары мен қатерлі ісік , жүрек- қан тамыры ауруларымен ауырмағаны белгілі болған екен. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап Оқушылар оқулықтың 70 – бетіндегі суреттерді салыстырады. Бір оқушы қазіргі және ежелгі адамдардың тамақтанудағы ұқсастығын , ал екінші оқушы айырмашылығын табады. Дескриптор: 1.Тамақтану ережелерін біледі. 2.Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді. 3.Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады. Кері байланыс Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Жарайсың ! Сонымен біз не жайлы білдік? ( ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдардың тамақтану ерекшелектері туралы білдік) 2- тапсырма Оқулықпен жұмыс: Оқушылар айтайықшы кім азанда ұйқыдан тұрғанда қандай тамақ және сусын ішесіңдер? Оқушылар : ( жауабы) Оқушыларға азық – түлік түрлері жазылған үлестірмелі парақша таратып беремін. « Сөйлейтін қабырғаға» А 4 мөлшердегі қағазға « жеміс - жидектер» , « ет өнімдері», « сүт өнімдері» , « ұн өнімдері» жазып іліп қоямын сол бойынша балалар қолдарындағы сәйкес қағаздарды іліп шығады. Дескриптор: 1.Азық – түлік, сусын түрлерін біледі. 2. Жеміс – жидектер мен тамақ өнімдерінің пайдасын түсінеді. 3.Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады. Кері байланыс Бағалау: жарайсың! Балалар сендер тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар. Бірақ арамызда шатасып жатқан оқушылар болды. Сондықтан тапсырма орындағанда ұқыпты болайық! Ширату
Оқулықпен жұмыс: Орындап көр? 3 – тапсырма Тапсырманы рөлдік ойын бойынша өткіземін. Үш топты қала аттары бойынша атап шығамын. 1 – топ Қазақстан 2 – топ Англия 3 – топ Ресей Енді балалар сендер осы елдің өкілдері боласыңдар. Бір – бірлеріңе қонаққа барасыңдар. Ал сендер қонақ келгенде оларды жақсылап күтіп алыңдар. Қонақтарға дастарқан жайып қойыңдар. Оларға сыпайы сөйлеп, төрге шығарыңдар. Мысалы: « Сәлеметсіздір ме , қош келдіңіздер , төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын т.б сөздерді айтып қонақты күтіп аламыз. Қонақ келгенде қалай қарсы аламыз ? Әр топ өз жауаптарын айтып шығады. Дескриптор: Қонақты қалай күту керек екенін біледі. Қонаққа қандай сөздер айтуды үйренеді. Дастарқан жаю керек екенін түсінеді. Бағалау: « Жұлдызша» әдісі бойынша әр топта жұмыс жасаған оқушыларға таратып берем 4 – тапсырма Сен білесің бе ? Балалар сендер еліміздегі шипалы сусындар туралы білесіңдер ме? (оқушылар жауап береді) Елімізде сусын түрлері көп кездеседі. Мысалы: шұбат, қымыз, айран, ашымық т.б Соның ішінде – қымызға тоқтала кетсек. Қымыз ол бие сүтінен алынатын сусынның бір түрі. Қымыз – шипалы сусын. Қымыздың отаны – Қазақстан. Топта сүйекше лақтыру арқылы әр топқа қымыз туралы не білгендерін айтқызу. Дескриптор: Қымыз туралы біледі. Қымызды қайдан алатынымыз туралы ақпарат алады. Емдік қасиеттерін түсінеді. Кері байланыс Бағалау: Жарайсың! Әлі де талпыну керек . Қосымша тапсырмалар « Жалғастыр» ойыны «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздер айтамыз. Мысалы: « Шырын» енді келесі оқушы шырын сөзінің ең соңғы әрпі « н » әрпінен басталатын тағам түрін немесе сусын айтады «нан» деп жалғастырады. Ойын осылай жалғасады. Дескриптор : Тағам мен сусынның айтылуы мен жазылу жолдарын ажырата алады. Кері байланыс Бағалау: жарайсың? Мұқият бол! Тез ойлау дағдылары қалыптасады. 5– тапсырма Тағам түрлерін сызба арқылы қос. Дескриптор: Сызба арқылы суреттерді екі топқа бөлді. Кері байланыс Бағалау: өте жақсы, жұмысты орындадыңдар. 6- тапсырма Парақшалар таратып беремін. Оқушылар тағам мен сусын суретін салады. Дескриптор: Оқушылар тағам мен сусын суретін сала алады. Кері байланыс Бағалау: өте жақсы, жұмысты орындадыңдар. 7- тапсырма дәптермен жұмыс (ТЖ)-«Үштік »әдісі –«Ойлан-жұптас-бөліс» Бір күндік ас мәзірін құрастыру. Суреттер топтамасы арқылы ас мәзірін құрастыру. Әр топ өздеріне тиісті суреттерді жапсыру. 1 -топ- таңғы ас 2 -топ - түскі ас 3-топ- бесін 4- топ- кешкі ас Дескриптор: 1.Бір күндік ас мәзірін құрастырады. 2.Қай уақытта қандай тамақтану керектігін біледі. Кері байланыс: Бағалау: өте жақсы, жұмысты орындадыңдар. Дәптермен жұмыс: 8 – тапсырма “Галерея шарлау”
әдісі. Кері байланыс: от шашу арқылы бағалау. Бағалау: « Қар лақтыру» арқылы сұрақ-жауаппен сабақты қорыту -Бүгін біз не үйрендік? -Тамақтану ережесі туралы кім айтады? -Пайдалы –зиянды тағам туралы не айтасыңдар? - Ерте кездегі адамдармен қазіргі адамдардың тамақтану мәзірінде не өзгеріс бар екен? |
Кітаппен жұмыс 70 - бет «Ой қозғау»
Оқулық 71 -бет
Оқулық 71 - бет
Оқулықпен жұмыс: 71 – бет «Сүйекше» әдісі
Дәптермен жұмыс 49 –бет, 47 – жұмыс парағы
Дәптермен жұмыс: 49- жұмыс парағы 50 – бет.
49 – жұмыс парағы. 51 – бет
|
|||
|
Сабақтың соңы |
|
|
|||
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 13.02.2021 355
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||













Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген