400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: « Біз салауатты өмір салтын қалаймыз»

Өткізген : Абилова А.Ж

Мақсаты:

 1. Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

2. Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндір, оған тәрбиелеу;

3. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу, оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсарту.


Қажетті материалдар: мультимедиялық тақта, плакаттар, сурет салу құралдары.


Көрнекіліктер: «Біз өмірді қалаймыз», «Біз бақытты жандармыз» плакаттары.


Шаттық шеңбері.

Балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қолдарына жүрекше сыйлап, бір бірлеріне жылы лебіздер айтқызу.


Жаңа ақпарат.

Дәйексөз: «Малым – жанымның садағасы,

Жаным – арымның садағасы»

«Ұят – ар сақтайды, арлыны ел мақтайды» атты халық мақалының мағынасын ашу.


Ой қозғау.

Сұрақтарды таңдап, жауап беріп, пікірлесу.

Ұятты адам кешірімді болуға лайықты ма?

Кешірім сұраған сәтіңіз болды ма?

Айналаңнан не үшін кешірім сұрар едіңіз?

Ар, Намыс, Ұят ұғымдары туралы не білесіз?

Өз ісіңе қатты ұялған кезіңіз болды ма?

Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдадыңыз?

Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

«Ар-намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

Кешірім сұраған оңай ма, әлде кешіру оңай ма?

Адамдар неліктен жаман іс – әрекеттер жасайды?


Сергіту сәті.

Ойын «Әріп таңдау»

Ойынның мақсаты: балалардың көңіл – күйлерін көтеру, жылдам ойлауға, ұтымдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: ойыншылар дөңгелене отырып, қобдишадан әріп таңдайды.

Сұрақтар қойылған кезде, оқушылар жауапты сол таңдалған әріптен бастап жауап беруге тиісті.

Сұрақтар:

Сіз анаңызды қалай жақсы көресіз?

Өмірде біреуге қолдау көрсеткенде, қалай қолдайсыз?

Кешірімді болу үшін қандай қасиеттер болу керек?

Достарыңызға не тілер едіңіз?

Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?

«Ғашықтық» деген сөзді қалай түсінесіз?

Біреу үшін өміріңізді қиюшы едіңіз бе?

Адам бойында көптеп кездесетін қандай қасиеттерді білесіз?

Өз бойыңызда жалпы қандай қасиеттер бар?

Қасыңдағыларыңызға не тілейсіз?


Тапсырма.

Тапсырманы оқушылар 4 топқа бөліну негізінде орындайды. Қағазға жазған ой пікірлерін топтан 2-3 оқушы шығып қорғайды.

Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіздер? Ол қасиеттер неге әкеледі?

Адам бойындағы қандай жаман қасиеттерді білесіздер? Ол қасиеттер неге әкеледі?

Біз өз өміріміздегі қателесіп жасаған жаман әдеттеріміз.

Біз өз өміріміздегі жасаған мақтанышты әрекеттеріміз.


Бекіту.

Видеотаспа мазмұнымен оқушыларды таныстыру, ой пікірлерін түйіндеу.

Талқылау:

Қандай жаман қасиеттерді байқадыңыздар?

Қандай жаман әдеттер бар?

Жаман әдеттер ар – ұятқа әсер ете ме?

Адам баласы жаман әдеттерге неге әуестенеді?

Адам баласы жаман әдеттен бас тарта ала ма?

Видеотаспадағы қыз баланың әрекетінің орнына сіз не айтасыз?

Видеотаспадағы қыз бала әрекетінің орнында сіз не жасар едіңіз?

Видеотаспадағы ұл балаға сипаттама беріңіз

Видеотаспадағы ұл баланың әрекеті қандай?

Видеотаспадағы бала әрекетінің орнындағы сіздің әрекетіңіз?


Қосымша ақпарат.

Әлем бойынша Шри-Ланкадан кейін өзіне-өзі қол жұмсау саны бойынша Қазақстан Республикасы 2 орында тұр.

Қазақстанда өлім себептері бойынша жол апаттарынан кейін өзіне-өзі қол жұмсау 4 орында тұр.

Батыс зерттеушілерінің мәліметтері бойынша өзіне-өзі қол жұмсаған жасөспірімдердің

15 ішімдік пен нашақорлықтың әсерінен бұл әрекетке барған.

Жауапсыз махаббат үшін 16 жастағы өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің арасында 42,2 қыздар, 36,6 ұлдар.


Суицидтік мінез-құлық, оның түрлері мен себептері

Өзін-өзі өлтіру -өзін-өзі өлтірген немесе оған барған тұлғаның –

суициденттің психоәлеуметтік теріс бейімделуімен аяқталатын, шешілмеген жанжалдың салдары.

Өзін-өзі өлтіру – философиялық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық,

адамгершілік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Суицидалды мінез-құлық мыналардан тұрады:

аяқталған өзін-өзі өлтіру;

суицидалдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру);

ниет (өзін-өзі өлтіру идеясы).

Суицидтік мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады: кәрі адамдар

және жасөспірімдік шақтағы жас адамдар. Жастар арасында жеке адам аралық қ

атынастары бұзылған «жалғыздар», алкоголь немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар,

гомосексуалистер сияқты суицидалдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.

Жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру себептерінің ең кең тарағандарына мыналар жатады:

жақын қоршағандарының арасынан ең сүйікті адамынан айырылу;

жауапсыз қалған тәкаппар махаббат сезімі;

өзінің абыройының құлағанын сезіну;

алкогольдік мас болудың;

психотроптық құралдарды қолданудың нәтижесінде жеке басты қорғау механизмдердің бұзылуы;

токсикомания және нашақорлық;

адам өз мінез-құлқына бақылау жасау қабілетін жоғалтқанда болатын фрустрация немесе аффект жағдайы.

Суицидтің жалпы қабылдаған себептері:

- мінез-құлықтың бұзылуы, депрессия сияқты психикалық бұзылулар немесе дәрі-дәрмектердің

негізінде пайда болған психикалық бұзылулар;

- осының алдындағы өзін-өзі өлтіру ниеті;

- депрессияның, үмітсіздіктің, көмексіздіктің терең сезімдері;

- есірткі мен алкогольді қолдану;

- айырылысу немесе айырылу іспеттес отбасындағы жанжал сияқты өмірлік стресстік жағдайлар;

атыс қаруларын қолдануға жетерлік жағдайлар.

Бақытсыз махаббат, сатып кету, ата-аналарымен болған жанжал, жалғыздық,

материалдық қиындықтар – осының бәрі жасөспірімнің иығына ауыр күш болып басылады,

өзін-өзі өлтіру туралы ой проблемаларды шешудің бірден-бір жолы сияқты көрінеді.

Ұл балаларда ол 12-13 жаста шарықтау шегіне жетсе,

қыздардың көптеген маңызды проблемалары 14-16 жастарында ушығады екен де, өзін-өзі өлтіру

туралы ой сұрағандардың 30 % ойында жүр. Суицидальды мінез-құлықтың дұрыс себебін түсіну үшін

әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті?» және «неге?» оны жасағысы келеді.

Бірінші сұраққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының обьективтік жағдайына талдау

жасауды қажет етеді. Екінші сұраққа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін, қоршағандарының

оны қалай қабылдайтынын және ол осы суицидальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге

қолы жетті деген мәселелерді түсіндіруі керек. Қалай болса да суицид – ең алдымен адамның өз бетімен өмірлік

күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы.

Болуы мүмкін суицидальды қауіптердің индикаторларына мыналарды жатқызады:

мінез-құлығындағы белгілі-бір белгілер: суицидальды қорқытулар, осының алдындағы

өзін-өзі өлтіру ниеті, адамның мінез-құлқындағы немесе жеке басындағы үлкен өзгерістер,

«өмірден шаршағаны» немесе «жағдайдың тұйықталғаны» туралы арыздары, сондай-ақ, соңғы өтініштеріне дайындығы;

депрессия, үмітсіздікті, қауқарсыздықты бастан кешіру, қамығу, жалғыздық, ешкімге

қажетсіздік сезімі және әлеуметтік оқшаулану және т.б. сияқты психоэмоционалдық белгілі бір жағдайлар.

Суицидальды мінез-құлық белгілерін ертерек анықтау үшін мыналар маңызды:

ауырған ауруларын немесе миынан алған жарақатын есепке алу;

қосымша стресс-фактор ретінде отбасындағы күрделі қатынастарын бала психикасына әсерін;

тым ашуланшақтықтың, тым әсершілдіктің, ұяңдықтың пайда болуының, өз кемтарлығын

сезінуінің, өз кемшіліктеріне қатысының, өз табыстары мен абыройын төмендетудің себептеріне талдау жасау.

Жоғары суицидальдық қауіп төнгенде адамды жалғыз көмексіз қалдыруға болмайды.

Жасөспірімге қоршағандарының оны қамқорлыққа алғанын көрсету үшін, оның өмірлік

мақсаттарының болашағы бар екенін сезіндіру үшін әлеуметтік қызметкер жасөспіріммен

суицидальды келісімге отыруы керек. Бұл оның суицидальды шешімін біраз уақытқа шегере

тұруын өтіну, егер суицидальдық ойлар жоғалмаса, онда суицидальды әрекетке барарда

социономмен байланысуды сурау деген сөз. Бұл кейде өзінен-өзі емделіп, кетуге апаратын

уақытты ұтуға, жасөспіріммен басқа да мінез-құлық түрлерінің жолдары туралы ақылдасуға,

сондай-ақ маңызды микро әлеуметтік қоршағандары мен мамандардың әсер етуіне мүмкіндік береді.

Өзіне қол жұмсау тәуекеліне барған жасөспірімдердің көбінің мақсаты – ата-аналардың және жақын достардың

назарын өзіне аудару. Балалардың көбі аналарына қасақана жасағысы келеді. Аналары тым қатал болғандықтан

немесе оларға көп уақыт бөліп, әңгімелеспегендіктен аналары оларды түсінбейтіндігін айтады. Сонда өзін өлтіргеннен

кейін анасы өзінің қателігін түсінеді деп ойлайды.

17 жастағы Жаннаның анасы Сауле С.

Менің қызым біраз уақыт бір жігітпен жүріп айырылысқаннан кейін күйзеліске ұшырады, тамақ ішпеді, ұзақ уақыт

төсекте жата беріп, ешкіммен сөйлескісі келмеді. Тек телефон сылдырын естіген кезде, жігіті деп ойлап, төсектен

ұшып тұратын. Онымен қайтадан жүремін деп үміттенетін. Мен онымен әңгімелесіп, көңіл-күйін көтеруге тырыстым:

«Сен сияқты әдемі қызда әлі талай әдемі жігіттер болады» дейтінмін. Бірақ бұл сөздер оны одан әрі ашуландыратын.

Жанна көзіне жас алып, оған ешкім керек еместігін, мен оны түсінбейтінімді айтатын. Бірнеше күннен кейін Жанна көп

мөлшерде түрлі дәрілер қабылдады, бірақ медицина мамандары оны құтқарды. Жанна екінші рет өзіне қол жұмсайма деп,

қасынан кетпедім. Сонда ғана оған қолдау болатын басқа сөздер арқылы әңгімелестім. Оған өзімнің жас кезімде үйленген

ер адамға ғашық болып, оны қатты сүйгенім жайлы, сол кездері уайымдап, болған қиыншылықтар мен проблемаларды

қалай шешкенім туралы әңгімеледім.


Қорытындылау.

«Қолшатыр» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың білім жетістіктерін молайту, ой пікірін ортаға салдырту. Жан жақты ашылу

деңгейлерін байқау, қорқыныш пен үрей сезімдерін қадағалау.

Біз дұрыс өмір салтын қалаймыз! Ал оған қол жеткізуіміз үшін біз неден аулақ болуымыз керек? Ұсынылған парақ

қағаздарына бірнеше нұсқасын жазу. Жазғаннан соң оқып, қолшатырдың үстіне жапсыру. Барлығы қолшатыр астына

жиналады.

Яғни мұндағы сабақ мақсаты, балаларды біріктіру, қарым – қатынастарын жақсарту, бір мақсатты көздетіп, дұрыс жолға

қоя білу.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі