Біз стреске бой бермейміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз стреске бой бермейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойындағы стресті, жағымсыз эмоцияларды жою.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО. Қаратөбе ауданы, Сәуле ауылы Жақсыбай негізі орта мектебінің психологі Гүлмира Нығметова

Тақырыбы: «Біз стреске бой бермейміз» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы стресті, жағымсыз эмоцияларды жою.

Көрнекілігі: карточкалар,доп, жүрекше

Жоспары:
«
Сәлемдесу » флештренинг
«
Эксперимент» жаттығуы
«Табиғат мінезі» жаттығуы
«
Сілкіп таста» жаттығуы
«
Майшам» қорытынды жаттығуы

«Мені ата» жаттығуы. 
Мақсаты: Топ мүшесі сезімін дамыту,бір-бірімен жақындастыру
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: Әр қатысушы өз есімдерін атайды және әр түрлі қимылмен сәлемдеседі. Қатысушылар сол кісінің есімін және қимылын қайталайды. Осылай тренинг жалғасады. Барлық қатысушы сәлемдесіп болғаннан кейін барлық қатысушының есімімен юқимылын есте сақтай отырып, қайталанады.

Эксперимент.

Мақсаты: Стрестік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: әрбір қатысушыға карточкалар беріледі, осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған. Берілген мәтінді оқу керек.

Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек:

ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАЙТТЫМЕНІҢМОЙНЫМЫМНА

НҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы,БІРУАқыттажҮГРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫңдыбыСЫеСТІЛді

Талдау:

Сіз тапсырманы лезде орындадыңыз ба?

Оны тез орындауға не қажет болды?

Сіздің ойыңызша бақылау нені білдіреді?

Өз- өзіңізді бақылауды қалай дамыту керек?


«Сенімділік»
Мақсаты:
өзіне сенімділігін арттыру.
«Мен өзіме сенемін, өйткені....» сөйлемін аяқтау.

« Аутотренинг»

Көзімізді жұмып отырамыз, жай әуенмен оқылған сөзді мұқият тыңдай отырып, ой елегінен өткіземіз. Әуен тақтағаннан кейін көзімізді ашып «Қандай сезімде болдыңыз?» ойларын ортаға салу.

Сергіту сәті. “ Сілкіп таста”

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің  жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген  сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Әр оқушы бойындағы бір жағымсыз қасиеттерді айтып шықсын
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

Мен ақылдымын.

Менің жаным тыныш

Мен қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

Маған сенімділік күш береді.

Мен бәріне де дайынмын.

«Майшам» жаттығуы. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі