"Біз стресске бой бермейміз" тренингі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз стресске бой бермейміз" тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біз стресске бой бермейміз" тренингі.Мақсаты: Оқушылардың бойындағы стресті, жағымсыз эмоцияларды жою. Міндеті: Стресс туралы түсінік беру арқылы позитивті ойлауды дамыту; Қарым-қатынастың үйлесімділігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Момышұлы атындағы ЖББОМ














«Біз стреске бой бермейміз» (тренинг-сабақ)










Өткізген: педагог-психолог Тлеуғали А.А










2021-2022 оқу жыл


Тақырыбы: «Біз стреске бой бермейміз» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы стресті, жағымсыз эмоцияларды жою.

Міндеті: Стресс туралы түсінік беру арқылы позитивті ойлауды дамыту;

Қарым-қатынастың үйлесімділігі;
Өзін-өзі тану процесін тереңдету;
Топтағы адамдардың көмегімен өзін тану;

Көрнекілігі: карточкалар,доп,майшам

Тренинг құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

III. Негізгі бөлім.
1.
«Мені ата» тренингі
2.
«Эксперимент» тренингі
3. «Сенімділік» тренингі

4. «Табиғат мінезі» тренингі
5.
«Сілкіп таста» тренингі

IV. Қорытынды бөлім.
1. «Майшам» қорытынды тренингі

Тренингтің жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту.

Психолог сөзі: «Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар.Сіздерге бүгін берілетін тапсырма өз-өздеріңізді жақсылап таныстыру. Стрестік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету. Өз-өзіне сенімділігін арттыру.»

1. «Мені ата» тренингі  
Мақсаты: Топ мүшесі сезімін дамыту,бір-бірімен жақындастыру
Нұсқау: Қазір мына көңілді доп шеңбер бойымен,әрі сіздің қолыңыздың көмегімен жылжиды.Кімнің қолына доп жетеді,сол кісі өз есімін айтады.Жүргізушіге доп қайтып келгеннен кейін ,доп қайтадан кері кетеді.Енді,кімнің қолына доп жетсе,сол оқушы өзін топ қалай атағанын қаласа,сол есімді ,не лақап атын айтады және топ мүшелері тренинг барысында оны солай айтады.Және есімдер қайталанбағаны жақсы.

2. «Эксперимент» тренингі

Мақсаты: Стрестік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету.

Нұсқау: Әрбір қатысушыға карточкалар беріледі, осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған. Берілген мәтінді оқу керек. Сіз 30 секунд ішінде 3 жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек:

ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАЙТТЫМЕНІҢМОЙНЫМЫМНА

НҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы,БІРУАқыттажҮГРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫңдыбыСЫеСТІЛді

Талдау:

Сіз тапсырманы лезде орындадыңыз ба?

Оны тез орындауға не қажет болды?

Сіздің ойыңызша бақылау нені білдіреді?

Өз- өзіңізді бақылауды қалай дамыту керек?

3. «Сенімділік» тренингі.
Мақсаты: 
өзіне сенімділігін арттыру.
Нұсқау: «Мен өзіме сенемін, өйткені....» сөйлемін аяқтау.

4. «Табиғат мінезі» тренингі. 

Мақсаты: Иық ,мойын,омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою,босаңсу.
Нұсқау: Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да

кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. 
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. 
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. 
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. 
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. 
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды. 

5.Сергіту сәті: “ Сілкіп таста” тренингі.

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің  жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген  сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Әр оқушы бойындағы бір жағымсыз қасиеттерді айтып шықсын.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

Мен ақылдымын.

Менің жаным тыныш.

Мен қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

Маған сенімділік күш береді.

Мен бәріне де дайынмын.

«Майшам» тренингі. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2021
1552
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі