400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз! 11 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

13.01.2025

Сынып: 11 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Құндылықты дарыту

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту


Қауіпсіздік сабағы

Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады

Мақсаты

секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы

2.Кіріспе сөз: Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.

Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: жаңан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.




презентация

Сабақтың ортасы

- Сыбайлас - жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
2. Ойын – Орындық
Шарты: 5 - бала, 4 - орындық. Музыка тоқтағанда орындық жетпеген бала ойынан шығады. Алдын ала 1 - баланы даярлап қоям, Ол балаға орын жетпей қалады, бірақ ойынан шыққысы келмейтінін айтып, ақша ұсынады 100 теңге. Ойын жүргізуші, 100 теңге аз 200 теңге дейді. Сөйтіп осы ойынның соңыны жеңіске жетеді.

Мұғалім:- Ойын ұнады ма|?
- Неліктен ұнамады?
- Ойын кезінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
- Неге бұл оқушы ойында қалды?
- Ол не істеді?

3. Мұғалім: Сыбайлас - жемқорлық деген не?
“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.








Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер.
1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4. Адалдық — ардың ісі.
5. ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7. Ақиқат сөзде алалық жоқ.
8. Әділ айтқан жеңер.
9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.




Сыбайлас - жемқорлықты қала жоюға болады?
1. Пара бермеу және алмау.
2. Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.







презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сабақтың мақсаты: секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Негізгі міндеттері:

  1. діни секталардың бала өміріне қауіптілігін түсіндіру;

  2. деструктивті бағыттағы секталардың ұстанымдарын ажыратуға үйрету;

  3. елін, жерін сүйетін, отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу. Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин)

Христиандықта, исламда және басқа діндерде қандай да бір басым бағыттан әртүрлі себептермен бөлінген сенушілердің бірлестігі секта деп аталады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қауіп төндіреді.

  1. Негізгі бөлім (6 мин)

Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.

Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

    • Әлеуметтік желілер ең тиімді және кең тарту жолы.

    • Спортпен айналысатын жас жігіттер мен қыздарды тартады. Спорт түрлерімен айналысатын (күрес, бокс және басқа түрлері).

    • Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге көмек көрсету орталықтары да қолжетімді.

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

    • Діни секталардың белгілері: ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «Беташар», «Сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады.

    • Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді.

    • Дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды кәпірлік жасайды деп айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады.

    • Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады.

    • Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және

т.б.) орындаудан бас тартады.

    • Медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады.

    • Білім мекемелеріндегі жекеленген пәндерге (биология, дене шынықтыру, әнкүй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

Постер жасау және қорғау.

1-топ. «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни бағыттағы ұйымдардың тізімі».

3-топ. «Діни секталардың белгілері».

2-топ. «Сектанттардың қулықтарына қалай түспеуге болады?».

  1. Қорытынды: сабақты қорытындылау.

Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі