жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?»
|
Іс-шараның тақырыптары: |
«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?» |
||||
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
@pedagoglife тикток |
||||
|
Күні: |
|
||||
|
Сынып: |
11 « » |
||||
|
Сабақтың мақсаттары: |
|||||
|
Құндылық : |
«Заң және тәртіп» «Әділдік және жауапкершілік» Апта дәйексөзі: Талап бар жерде тәртіп бар |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сынып сағатының кезеңі\ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
бағалау |
ресурстар |
|
|
Ұйымдастыру |
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. «Сыбайлас жемқорлық» деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген. Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетейік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық. Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. «Ой
жалғау» 2. Өш алғаннан гөрі ...
(кешірген жөн) 6.Хан болсын, ханға лайық ...
(Заң болсын ) 6. Абыз болсын, абыз сайлау...
( парыз болсын)
Сабақты қортындылау: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .
Патриоттық ән . Атамекен орындалады. |
|
|
|
|
|
|
Сабақтың мақсаты: секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Негізгі міндеттері:
Сабақтың барысы
Христиандықта, исламда және басқа діндерде қандай да бір басым бағыттан әртүрлі себептермен бөлінген сенушілердің бірлестігі секта деп аталады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым. Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қатер төндіреді.
мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады.
Постер жасау және қорғау. 1-топ. «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни бағыттағы ұйымдардың тізімі». 3-топ. «Діни секталардың белгілері». 2-топ. «Сектанттардың қулықтарына қалай түспеуге болады?».
Пайдалы сілтеме: |
|
|
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf |
|
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген