400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?» 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары:

«Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» «Секталардың ықпалына қалай түспеуге болады?»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

11 « »

Сабақтың мақсаттары:

  • “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

  • секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Құндылық :

«Заң және тәртіп» «Әділдік және жауапкершілік»

Апта дәйексөзі: Талап бар жерде тәртіп бар

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру



































Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

 

Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек.  


 «Сыбайлас жемқорлық» деген не? 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетейік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда  Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей  халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.

Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

 «Ой жалғау» 
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 

2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн) 
3. 
Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Тура биде... (туған жоқ) 

6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
3. Әдепті бала ... (арлы бала) 
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
5. Әділ істің...(арты игі)                                                                        

6. Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7.  Би болсын, би түсетін... ( үй болсын 

 

Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .


Патриоттық ән . Атамекен орындалады.



































































Picture 3





Сабақтың мақсаты: секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен

зардаптарын ұғындыру.

Негізгі міндеттері:

  1. діни секталардың бала өміріне қауіптілігін түсіндіру;

  2. деструктивті бағыттағы секталардың ұстанымдарын ажыратуға үйрету;

  3. елін, жерін сүйетін, отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин)

Христиандықта, исламда және басқа діндерде қандай да бір басым бағыттан әртүрлі себептермен бөлінген сенушілердің бірлестігі секта деп аталады. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қауіп төндіреді.

  1. Негізгі бөлім (6 мин)

Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.

Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге

асырылады:

  • Әлеуметтік желілер ең тиімді және кең тарту жолы.

  • Спортпен айналысатын жас жігіттер мен қыздарды тартады. Спорт түрлерімен айналысатын (күрес, бокс және басқа түрлері).

  • Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге көмек көрсету орталықтары да қолжетімді.

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

  • Діни секталардың белгілері: ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «Беташар», «Сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады.

  • Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді.

  • Дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды кәпірлік жасайды деп айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады.

  • Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады.

  • Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алужәне т.б.) орындаудан бас тартады.

  • Медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза

мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады.

  • Білім мекемелеріндегі жекеленген пәндерге (биология, дене шынықтыру,ән- күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

Постер жасау және қорғау.

1-топ. «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни бағыттағы ұйымдардың тізімі».

3-топ. «Діни секталардың белгілері».

2-топ. «Сектанттардың қулықтарына қалай түспеуге болады?».

  1. Қорытынды: сабақты қорытындылау.


Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf
































Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf






































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
266
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі