400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Біз табиғат жанашыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзатты ерте заманнан бері табиғат ана асырап келеді. Табиғат ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып « сөйлесу қиын».
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Біз табиғат жанашырымыз
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,
қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау
қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Конференция, топтық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,үлестірмелі карточкалар
Сабақ. барысы: Ұйымдастыру кезеңі. –сәлемдесу -түгендеу

-оқушыларды екі топқа бөлу.

Тақырыпты ашу:

Видео көрсету: Табиғат тылсым сырлары туралы.

Жаңа сабақ. Табиғат 

Адамзатты ерте заманнан бері табиғат ана асырап келеді. Табиғат ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып « сөйлесу қиын».

Ең бірінші, табиғатты туған анадай түсіну, екінші, табиғатқа туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлындай қорғауың қажет.

Ой қозғау: екі топ жақтаушы, даттаушы болып пікірталасады.

1.Марат үйден шығып,мектепке сабаққа келе жатыр.Кенет жолдың шетінде бір торғай ұша алмай жатыр екен.Ол қасына жақындап барып,торғайды қолына көтеріп алды.Оның қанаты жараланып қалыпты.Марат торғайды алып қайтадан үйге келді.Ол торғайдың жарасын таңып,алдына су,жем берді.Марат торғайға қамқор болып жүргенде қоңырау соғылып,сабақ басталып кетті.Ол сыныпқа кешігіп келді?

2.Арман Айымның туған күніне не сыйларын білмей ойланып тұрған кезде,аулада өсіп тұрған гүлге көзі түсті.Ол қуанғаннан барлық гүлді жұлып алып,Айымға сыйлады.

Баяндама: Рахимжан Ділназ: Табиғат  - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталды. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соңын дәлелі.

 Баяндама: Әбіл Әлішер Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.

Суретпен жұмыс: екі топқа сурет беру,сурет бойынша ақындардың қандай өлең жолдарын білетіндерін ортаға салу.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал –мәтелдер өте көп.

Орман – ел дәулеті, жер сәулеті.

Бабалар еккен шынарды балалары саялайды.

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

Бір тал кессең, он тал ек.

Тау кенсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.

Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.

Жер қазына, су алтын, мал байлық.

Жаман әйел – ел қадірін білмес,

Жаман адам – жер қадірін білмес.

Табиғат – адамның алтын бесігі.

Таза ауа емес, астан бірақ пәс емес.

Мақалды жалғастыру

1.Жаңбырмен жер көгерер,батамен ел көгерер.
2. Ер-елдің көркі,орман тоғай.../жердің көркі/.
3. Бір тал кессең,.../он тал ек/.
4. Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.
5. Қорада малың болсын,көшеде.../талың болсын/
6. Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.
7. Бұлақ көрсең.../көзін аш/.
8. Сулы жер құрақсыз болмас,таулы жер.../бұлақсыз болмас/.
9. Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.
10. « Таза болса табиғат, аман болар адамзат» -деген, адам баласының тағдыры адамның өз қолыңда, осыны ескеріп, жауапкершілікті ұмытпасақ, ұрпақ алдындағы борышымызды өтер едік

Қорытынды
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.Табиғатты алайық!
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі