жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Біз, таланттарды іздейміз" сабақтан тыс шара
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТАЛДЫҚОРҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Қош
келдің Біз,таланттарды
іздейміз!
бізге,
Жасталап!
Ұйымдастырушы топ кураторы: К.С.Айнагулова
ТАЛДЫҚОРҒАН
«Студенттік өмір» әнімен ортада 283 топ студенті Тыныштай Ерхан
Фанфар ойнайды.
Сахнаға
екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар!
Өндірістік оқыту шеберлері!
2-жүргізуші:Бармысыздар,
менің құрдастарым!
Талдықорған
гуманитарлық-техникалық колледжінің
1 курс білім алушыларының «Біз, таланттарды
іздейміз!» атты өнер байқауын тамашалауға
қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Құрметті 1 курс білім алушылары, сіздердің
колледж табалдырығын аттағандарыңызға
да біраз уақыт болды.арман қуып, мамандық
үйренуге келген қадамдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Мамандық таңдау-әрбір баланың ең маңызды шешімдерінің бірі.Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»деген екен.
1-жүргізуші:
Иә,дұрыс айтасың, Біржан «Ештен кеш жақсы» демекші біздің бүгінгі шарамыз әр түрлі себептермен кішкене кешігіп қалды, айып етпеңіздер,ендеше бүгін біз биылғы жылы біздің колледж табалдырығын аттаған студенттердің өнерлерін тамашалаймыз!
2-жүргізуші:
Бүгінгі
байқауымыздың бағдарламасымен таныс
болыңыздар:
1. Таныстыру:
Топтың
төлқұжаты (топтың, мамандықтың қысқаша
сипаттамасын көрсету).
2. Әзілің
жарасса...(әзіл сықақ көрсету)
3. «Өнер
сайысы» (топ
студенттерінің өнері-би, күй, ән,
көркемсөз, фокус, т.б)
4.Сұрақ-жауап
(Колледж өмірінен сұрақтар)
Ескертетін
жайт: сайыстың барлық кезеңдері 5 ұпайлық
жүйемен бағаланады, регламент 5-7 минут
аралығында
1-жүргізуші
Балалар
бар өнерлі де ортада,
Білген жақсы
оны дұрыс қорыта да.
Әділеттен
аумайтұғын ешқашан,
Қазылар да орын
алды ортадан,-деп бүгінгі
байқауға қатысатын топтардың ұйымшылдығын,
мамандыққа деген көзқарастарына,
шығармашылығына жалпы өнерлеріне баға
беретін қазылар алқасымен таныс
болыңыздар:
1,
2-жүргізуші:
1. Әділқазы алқасының төрағасы -
колледж директоры Ә.Қ.Жұмаділов
2.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары-Х.С.Карипжанова
3.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
С.М.Кунапиянова
4. Колледж
психологы-Ұ.А.Джакубаева
5. Жастар
ісі комитетінің төрайымы-Найманова
Мадина Қайратқызы
1-жүргізуші
Топтарымыз дайын болса, бүгінгі «Біз таланттарды іздейміз!» атты байқауымызды бастаймыз!
2-жүргізуші: Байқаудың 1 кезеңі «Таныстыру» бұнда әр топтың студенттері берілген уақыт аралығында байқау талаптары бойынша өздерінің мамандыққа деген көзқарастарымен бөліседі. Осы уақыт аралығында қазылар алқасы әр топтың дайындаған көріністерінің үйлесімділігін, таныстыру мәнерлерін, сахнада өздерін ұстау, сахнадағы өнерлерінің бір - бірімен жалғасуы мәнері мен бүгінгі іс-шараға деген жауапкершіліктерін сарапқа салынады.
2-жүргізуші:
Ал,
қош келдің!
Кешегі жас түлегiм,
Жағдайыңды
өте жақсы білемін.
Колледжіміз асқақ
бiлiм ордасы
Құрметпенен жайған қызыл
кiлемiн.- деп № 288 «Дизайн» мамандығының
білім алушыларын ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
Колледжімді
жатырқама, жасқанба,
Бәрі солай,алғаш
қадам басқанда.
Студенттiк жаңа өмір
басталар
Оқу ордам саған есік
ашқанда-деп № 289 « Электромонтер»
мамандығының жігіттерін қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Бақыт
боп атар әр таңым,
Тілім мен салтымды
сақтадым.
Еңбек пен өнер тербеткен,
Колледжім - менің мақтаным.-деп №
290 «Жиһаз жинақтаушы» мамандығының
білім алушыларын шақырамыз!
1-жүргізуші:
Жастары
жаңалықтың біліп тілін,
Еңбекпен
көрінеді ұл мен қызың.
Маманды өрге
сүйреп көрсетуде,
Колледждің мәртебесі
биік бүгін-дей келе № 291 «Радиоэлектроника
және байланыс» тобының студенттерін
ортаға шақырамыз!
2-жүргізуші:
Өнер
көп жаның елеңдер,
Жарып шыққан
өзекті.
Ал, қанеки өрендер,
Аласың
қайсың кезекті,- дей отыра, кезекті
байқауымыздың 2 кезеңімен жалғастырамыз.
1-жүргізуші:
«Әзілің жарасса...» кезеңінде топ
студенттерінің дайындаған әзілдерінің
шебер орындалуы, сахна мәдениетінің
сақталуы бағаланады.
1-жүргізуші:
Ендеше,
288 топ білім алушыларының өнерлерін
тамашалайық,қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Бүгінгі үлкен думанды қыздыра түсетін топ 289 топ білім
алушыларын қарсы алайық!
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: 290 топ сахнаға шақырамыз.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: 288 топ білім алушыларының өнерлерін тамашалайық! Қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші: Байқаудың соңғы ІІІ кезеңі Өнер сайысы. (топ студенттерінің өнері-би, күй, ән, көркемсөз, фокус, т.б.)
Қазір ІІІ кезең бойынша өнер көрсететін білім алушылар 288 топ
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: 289 топ білім алушыларының өнерлерін тамашалайық Қарсы алыңыздар
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: 290 топ білім алушыларын қарсы алайық.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
1 жүргізуші: Алдарыңызда 291 топ білім алушылары!
2-жүргізуші: Байқауымыздың соңғы «Сұрақ-жауап» кезеңі де келіп жетті, сахна төріне бүгінгі сайысқа қатысушылардың барлығын шақырамыз!
Әр топтан 5 студенттен ортаға шығады,3 сұрақтан алады.
1.Колледж миссиясы қандай?
2.Колледж гимнінің авторлары кім?
3.Колледжде неше оқу кабинеті мен өндірістік шеберхана бар?
4.Оқу орны қашан құрылды?
5.Колледж қашаннан бері «колледж» статусын алды?
6.Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасарының толық аты жөні кім? т.с.с
Сайысымыз
өз мәресіне жетті, топтарды сахна сыртына
шығарып салайық, әділқазы алқасы шешімін
шығарғанша .................... орындауында бір
ән, қабыл алыңыздар! Ән:...............
2-жүргізуші:
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға
шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін
ешқашан да кесірлер.
Барлығы да
ортаға сап өнерін,
Көрсетті ғой
қолдарынан келерін.
Әділқазы айтсын
соңғы шешімін,
Қайсы өнерлі, асырды
екен өнерін.
Сөз кезегі әділқазы
алқасының төрағасы Жұмаділов Әсет
Қазиұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Өнердің биігіне талмай ұшқан,
Көбейсін өнерпаздар әрбір тұстан
Ата-салт, дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін, Қазақстан
1-жүргізуші:
Өрендерім,
түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде
бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік
жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа
бөлеңдерші қазақ халқын,- деген тілек
айтып,
«Біз, таланттарды іздеміз!»
атты өнер байқауын жабық деп жариялаймыз.
1,2 жүргізуші: (бірге) Қош, сау болыңыздар!
Біздің колледждегі түрлі мамандықты игеріп, белгілі бір маман иесі атанып, болашақта өз ойын, арманын іске асыру мұндағы әрбір студенттің алдына қойған мақсаты.Бүгінгі кештің мақсаты топтардың ұйымшылдығын мамандыққа деген көзқарастарын, шығармашылығын дамыту, өзі білім алып жатқан колледждің мәртебесін көтеруге, жауапкершілікке бағыттау.Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз жақсы білім мен тәрбие алып, болашақта еліміздің игілігіне жарауымыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген