400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Біз тату отбасымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенің, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу. Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.











Тренинг

Тақырыбы: «Біз тату отбасымыз»

Өткізген: Саматова Г С































Тақырыбы: «Біз татау отбасымыз»

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенің, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу. Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

Көрнекілігі: экран арқылы слайд, ата-ана туралы нақыл сөздер,шарлар.

Керекті құрал-жабдықтар: маркер,фламастер, ақ қағаз.

Әдісі: топпен жұмыс( ата-анамен жұмыс)

Топтың қатысу ережесі.

Топтың толық қатысуы.

1.Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

Қатысушылардың ашық,әділ болуы.

Белсенді, өз ойларын еркін айту.

Тренингтің барысы:

  1. Танысу «тренингі»

  2. Көңіл күй түсі

  3. Сұрақ-жауап

  4. Жаттығу «жанұя бақыты»

  5. Жапсыру «күз кереметі»

  6. «Қолыннан танып біл» Ойын

  7. Тілек шамы

1 Кезең. Танысу тренингі. Шаттық шеңберін құрады.

Нұсқау: Алдымен өз есімдерінің алдыңа адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзініздің отбасыныз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы. Мен нұрлы- Нұрлыгүлмін:

Мен көрікті- Әсеммін:

Мен дарынды- Дидармын:

  1. Кезең. «Көңіл-күй» түсі

  2. Бүгінгі көңіл күйінізді қандай түспен бейнелейсиз?

Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап алады. Қатысушылардың бүгінгі тренингке келгендерін проектордан көрсету.

Сары- өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.

Көк- байсалдылық, қанағаттылық белгісі, қонақжай адамдар

Жасыл- жүрген ортасында белсенді адамдар.

Ақ- мейірімді адамдар

Қызыл- алдыңа мақсат қойса жетпей тыңбайтын адамдар.

Қара- ішімдегіні тап деп отыратын мінезді адамдар.

3.Кезең. Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл күйін бақылау.

Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мадақтау кезіңде қолданатын сөздерді, ал екінші жағына , сөгіс жариялау кезіңдегі сөздерді жазыңыз.

Талдау: Қай жағы көп болды? Мадақтау жағы ма? Әлде сөгіс жариялау жағыма?

Неліктен ол жағы коп болды деп ойлайсыз?Оның көп болуына ата-ананың әсері бар деп ойлайсызба?Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

  1. Кезең. Жаттығу: «Жанұя бақыты»

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білім көтеруіне көмектесу.

«Жанұя бақыты» атты жаттығуымызды бастайық.

Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя » моделін құру. Яғни ата-ана өзінің отбасының суретін салу, және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек. 10 минут уақыт беріледі.

  1. Кезең. «Қолынан танып біл!» Жаттығу

Ананың кезі барма кекті болған.

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы»,-депті оған....

Адамның бауыр еті, жүрегі бала,-демекші көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

  1. Сізге балаңызды табуға не комектесті?

  2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндініз?

  1. Кезең: Жапсыру: «Күз кереметі» тақырыбында жеміс-жидектер , жапырақтар жасап жапсыру керек.

  2. Кезең. «Сөйлемді аяқта» әдістемі.

Мен отбасымды жақсы көрем, себебі ......

Отбасы бұл......

Отбасым бақытты болу үшін.......

Отбасымда зорлық зомбылыққа жол жоқ, себебі........

Мен қалар едім отбасымның...............

  1. Кезең. Ой-түйін: «Тіліек шамы».

Мақсаты: Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы,ұшақ ұя жылулықтың мекені. «Отбасы » атауының мәніне терең үңілетін болсақ, оттында үлкен маңызы бар екенің сезінеміз. Сондықтан оттың басы басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлерінізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алма қалған ойларыңыз болса барлығыңыздыда осы жерде айтуларынызды сұраймын.

Қорытынды:- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалр арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніңе терең үңілер болсақ, оттың да үлкен шамы бар екенің сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса. Өз бақытымызды бағалай білейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
914
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі