Материалдар / Біз Тәуелсіз елдің-болашағымыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз Тәуелсіз елдің-болашағымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
2788
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

«Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, еліне жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың санасына жеткізу.

Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету, мемлекеттіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер. «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып суреттер қойылды.

Тәрбие сағатының өтуі:

Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар бүгінгі «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты тәрбие сағатқа қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25- жыл толғалы жатыр. Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең-байтақ қасиетті топырақта өніп-өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллионнан асып отыр. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі- Астана қаласы.

Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 25-жыл толғалы отыр, 25-жылда жеткен жетістіктеріміз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан-байтақ жеріміз- ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы. Біз өзіміздің әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған іс-шаралар елімізде, мектебімізде жалғасын тауып жатыр.

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік туралы кім қандай өлең біледі. Бір шумақ болса да балалар айтып бере аласыңдарма?

Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

1 оқушы:

Тәуелсіздік-асқақ рух пен асқақ үн,

Тәуелсіздік –баға жетпес асқағың.

Толса –дағы 25 жасқа азат күн,

Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың.

Ата-бабам арман еткен ежелден.

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен,

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.

2 оқушы:

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен,

Еркіндігін елінің сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

3 оқушы:

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты. Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды. Осы жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып тағып соттады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің 1991жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 індегі оқиғаларға қатысқандығы үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қылмыстық Кодестің 65-ші бабымен Қ Рысқұлбеков ақталды деп танылды. Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Әділдік әрқашанда жеңбек. 1992 жылдың 21 ақпан күні Република Жоғарғы Сотының Пленумы болып, алты алаштың ардақ тұтқан жас азаматтары Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екендігі дәледеніп, оларда ақталды деп танылды. Осы Жарлықты «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеті, «Парасат» журналы арқылы барша қазақстандықтар оқып теледидардан естіді. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, елімізге нұр септі. Яғни мәңгілік егемендік алып келді.

4- оқушы:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын.

Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құйды.

Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді,міне Парижде өткен «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді.

Оқушылардың Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған тақпақтарын айтуға кезек беріледі.

5- оқушы:

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік ұраным!

Тәуелсіздік айбынды менің жыр әнім!

Армандаған ата-бабам ежелден,

Ерлігіңді жырға қоссын ұланың.

Қазақстан егеменді еліміз,

Көркеюде жылдан-жылға жеріміз.

25-жылда жеткен талай жеңіске,

Азат елде өмір сүріп келеміз.

Қазақстан жасай берсін мәңгілік!

Аты шықсын жер әлемге жаңғырып,

Мақтан тұтам, қазақ деген елімді,

Әрқашанда мәртебесін асырып!

6- оқушы:

Бабалар рухымен кеңессем,

Өзіңменен бекіп белім тең өскен.

Егемендік елдігіме бүгінгі

Қол жеткізген аруақ-ұрпақ емес пе ең?

Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,

Еңсем биік көрінсе екен ертең деп

Көкбайрақ ту желбірейді көгімде,

Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп.

Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,

Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған,

Егеменді елдің жайын бүгінгі,

Ақын емес ой толғатып жазбаған.

7- оқушы:

Халқымыздың бірлігі асып,

Дәулеті тасып

Ел межесі елуге еніп,

Қазақстанды Азия барысына айналдыратын,

Болашақ азаматтарымыз!

Қазақстан- тіл жетпейтін болашақ!

Ер болуды міндеттейтін болашақ!

Қорытынды сөз. Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келеді: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік, Ғасырдың тойы болшы келе берер деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!