"Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне арналған. Оқушыларды жас ұлан ұйымына қабылдау жұмыс жоспары бойынша салынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№2 мектеп – гимназия» КММ















«Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз»

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты қабылдау рәсімі








Тәлімгер: А.Қуанышова



















«Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз»


«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты қабылдау рәсімінің сценарийі


(Фанфар)


1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!

2-жүргізуші: «№2 мектеп – гимназия» КММ оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!

2-жүргізуші: Тік тұр! «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының туы енгізілсін!

( Гимн орындалады)

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық – Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 13 съезінде жастарға арнаған сөзінде:

-Қазір сіздер үлкен өмірге қадам басасыңдар. Сіздер ата-аналарың мен Отан алдында өз міндеттерің барын сезінулерің керек. Ол міндет сіздердің өмір жолдарыңды айқындайды, сонымен бірге нағыз азаматтың борышы мен құқығын анықтайды. Мен сіздерді бәрінен бұрын, қалыптасып келе жатқан тұлға, кәсіби маман және шынайы патриот ретінде көремін. Бұл формуланы мен өмірімнің барлық кезеңінде өз ойыма түйдім. Ол маған әрдайым көмектесті.

2-жүргізуші: Патриот болу – бұл өз Отаныңды шынайы сүю. Өзіңе және өз халқыңа сену, қоғамға қызмет жасау. Жас ұрпақ өзгерістерден қорықпауы тиіс, керісінше, өміршең, серпінді жобаларды ұсынулары керек. Біз өз армандарыңды жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасадық және өз болашағымыздың іргесін қаладық. Мен оған сеніммен барамын және сіздер – жас қазақстандықтар, топтасқан біртұтас команда ретінде менімен бірге жаңа биіктерді бағындырасыңдар! Мен сіздерге сенемін! – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

1-жүргізуші:

Жас ұлан – жігерлі де жайдары ұйым

Төл меркең жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан жылға

Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

2-жүргізуші: Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен танысуға дайынсыздарма?

(Оқушылар: Дайынбыз! Дайынбыз! Дайынбыз!)

1-жүргізуші: Бүгін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты қабылдау рәсіміне

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

келіп отыр.

2-жүргізуші: Олай болса құттықтау сөз №2 мектеп – гимназиясының директоры Қалдыбаева Гүлнар Отарбайқызына беріледі.

1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата – анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнды жатқа айту керек.


1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанына адал.

2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын шексіз сүйеді.

1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – шыншыл, адал дос

1-жүргізуші:

Білімді – көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін,

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

2-жүргізуші:

Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!


АНТ

Мен, ___________________ Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

*Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

*Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

*Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

*Ата – анамды қадірлеуге;

*Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

*Білімге табандылықпен ұмтылуға;

*Салауатты өмір салтын ұстануға;

*Табиғатты аялауға;

* «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

*Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігін өнегесі негізінде ерлікке үйреніге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АТЫ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне шақырамыз.

(Жас ұлан ұйымының әні ойнап тұрады)

Ән: «_____________________». (Хабарланбайды)

2-жүргізуші: Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде шығарылсын!

1-жүргізуші: Тік Тұр! «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының туы шығарылсын!

2-жүргізуші:

Ризамын дәл осындай жастық шаққа,

Не жетер, Жас Ұлан деген лайық атқа!

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа!

1-жүргізуші: «№2 мектеп – гимназиясы» КММ оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.11.2021
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі