Тақырыбы :
Біз –
Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз .
Мақсаты :
Оқушыларды туған жерін , елін , Отанын
сүюге , қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге,жерін , оның
табиғаты мен
байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін , жерін
қорғап оны
ойлай білетін ұлтжанды , патриот сезімі
ұя-
лаған , өз ойын айқын, көркем жеткізе
ала-
тын толыққанды жеке тұлға етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі
:Қазақстан рәміздері .Қазақстан картасы .
Қанатты сөздер .Мақал –
мәтелдер.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі .
2. Мұғалім: Отан дегеніміз - әр адамның туып
өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын
атамекені .
«Отансыз адам – қанатсыз
құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде
тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992
жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді .Қазақстан
тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам
басып келеді . Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер ,
ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр . Біздің елдігіміздің белгісі
болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп,
қастерлеуіміз керек . Еліміздің ертеңі, болшағы - сендердің
қолдарыңызда. сондықтан білімді , тәрбиелі , іскер , талапты бола
отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық
:
1- оқушы : Ендеше қазақстан
Республикасы :
Туымен тұғырлы ,
Елтаңбасымен елеулі ,
Әнұранымен айбатты .
2- оқушы : Құлақ түрем елімнің тынысына
,
Мақтанам, қуанамын табысына ,
Елбасы мен халқымыз аман болса ,
Айналар Орта Азия « Барысына»
Мұғалім : Барыс – биік
тауларды мекендейтін , өзінің балалығымен , тектілігімен ,
мәрттілігімен бағаланған аң .
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек
.
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін
жасалған Елбасымыздың « Қазақстан – 2030 » стратегиялық
бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді
шарлап кетті .
Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап
жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.
3- оқушы : Біз намыскер- қазақ елі ұланымыз
,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз .
«Талап , Еңбек Терең ой , Қанағат , Рақым» деп
Абай атамыз айтқан ұланымыз.
4- оқушы : Өзіңдікі елің де ,
Өзіңдікі жеріңде.
Өзіңді өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төрінде .
5- оқушы :Өзіңдікі туың да ,
От пен ауа суың да .
Жаса , Қазақстаным.
Белді бекем буын да .
6- оқушы :Асқар тау да сенікі ,
Бақша бау да сенікі .
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі .
7- оқушы: Елімнің аты ,
жерімнің аты –
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты , ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
8- оқушы: Білімді ұрпақ , білікті маман
,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң , ары сау адам –
Мерейің сенің , Республикам!
9- оқушы :Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың , Республикам!
Қазақтың атын , қазақтың затын –
Тұмар ғып тағын , Республикам!
10- оқушы
:
Қазақстан ! Туды алтын дәуірің ,
Алғандайсың жұлдыздардың
жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын
айбыным !
11- оқушы: Әуелі Отан – Ана алды ,
оттың басы ,
Ауыл алды аунаған шөптің
қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы
Ән: «Елім менің».
12- оқушы: Мен өзімнің Қазақстандай елде туылып ,
осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін . Жарқын болашақ
күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет
етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам
деймін.
13- оқушы:Отан дейміз от жаққан жерімізді
,
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз туған жер , атамекен,
Биік тау , орман , тоғай ,көлімізді .
14- оқушы:Отан , Отан !
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
15- оқушы: Тауды көрсең күн
көзімен таласқан
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан .
Менің байтақ Республикам таулары ,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
16- оқушы : Дала көрсең көк желекпен ұштасқан
.
Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан .
Менің байтақ Республикам даласы ,
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан .
17-оқушы : Республика ! Ерікті ел – Қазақстан
!
Келді ақыры көп күткен жаз
алыстан
Келді алыстан аңсатып , армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан . деп жырлаған
-дай тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ .Сондықтан осы
тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.
Ән: Туған жер .