400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Біз тыныштықты қалаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біз тыныштықты қалаймыз" тәрбиелік ойын іс әрекеті мектепалды топтар мен сыныптарға арналған. Іс әрекет барысында балалар терроризм не екенімен танысады. Оның зардабы мен қасіретін түсінеді. Одан қалай сақтанып қорғануға болатын жолдарымен танысып, сабырлық пен ұстамдылыққа үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық топ

Тақырыбы: Біз тыныштықты қалаймыз.

Мақсаты:Балаларға терроризм, діни экстремизм туралы түсінік беру. Кез келген күдікті заттың қауіпті болатынын түсіндіру. Сақтық шараларымен таныстыру. Ұқыптылықты, байқампаздықты қалыптастыру. Адамдармен достық қарым‑қатынасты, сүйіспеншілікті, ұстамдылықты, сабырлықты тәрбиелеу, бейбітшілікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс‑тәсілдер: Түсіндіру, әңгіме, шығармашылық, тақпақтар оқу.

Көрнекілігі: тақырыптық плакаттар, бейнефильм.

Барысы: Шаттық шеңбері:

Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық Жүзімізге қараңыз Бал‑бұл жанған баламыз Бізге қымбат күн шуақ Бізге қымбат бұл уақыт

‑Балалар, бұл сағат бізге несімен қымбат екенін қазір білеміз.

‑Айтыңдаршы, біз қай елде тұрып жатырмыз? –Біздің елімізде тұратын халықтар қалай өмір сүріп жатыр? –Еліміз тыныш, халқымыз аман‑есен тұрып жатыр ма?

Ал мына бейнежазбаны қараңдаршы «Біз қарсымыз терроризмге»



‑Бейнежазбадан не көрдіңдер? (Балалардың жауабы) –Балалар қандай ойын ойнап жүрді? –қыздар не істеп отырды? –Қалай ойлайсыңдар балдардың жасағаны дұрыс па? Неге?

‑Ал терроризм дегенді естіп көрдіңдер ма? –Ол қандай болады? ‑Террорист деген кім? ‑Террорист қандай қауіп әкелуі мүмкін? (Суретке қарап айту). –Терроризмнің алдын алу шараларымен танысу(суретпен жұмыс).

Сергіту сәті

Бейбітшілік туралы тақпақтар оқу.

Әлем сүйген салтымыз бар, Бейбітшілік ел ұраны. Өмір сүйген халқымыз бар, Бейбіт елдің ұланы.

Халықтар өмірді қорғайды, Әділет ұранын қолдайды Шырқаңдар, кел достар, әр елде, Бейбіт күн жасасын әлемде!





Шығармашылық жұмыс «Біз терроризмге қарсымыз». Ұжымдық, жеке жұмыс.

Қорыиынды. –Біз бүгін не туралы айттық? ‑Төтенше оқиға орын алса не істеу керек екен? ‑Тағы не жасадық?

Іс‑әрекетімізді мына өлең жолымен аяқтайық, балалар!

Болмасын соғыс елімде, Балалар хормен айтады. Қыраным ұшсын көгімде. Болмасын, соғыс, болмасын, Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Күтілетін нәтиже: Біледі: Терроризм, экстремизм туралы түсікке ие; Түсінеді: Жақсы мен жаманды, терроризмнің белгілерін ажыратуды; Қолданады: Терроризмнің алдын алу шараларын, өз түсініктерін сурет пен жапсыруда бейнелей алуды; Бейбітшілік тақпақтарын жатқа айта алады;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі