400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біз ұландар» әскери-патриоттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп













«Біз ұландар» әскери-патриоттық сайысы







Ұйымдастырушы: Телемген М.О




















Жыңғылды-2018ж






Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Мектеп директорының тәрбие

___________ А. Саудабаева жөніндегі орынбасары

«___» _________ 2018 ж. _____________ Л. Шалбарбаева

«____»__________2018 ж.






Е. Айшуақұлы атындағы орта мектебі.

Ұйымдастырушы: Телемген М.О



9 мамыр – Ұлы Жеңіске 73 жыл және 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында өткізілетін


«Біз ұландар» әскери-патриоттық сайысы


«Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз

тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды

да тәрбиелеуіміз керек». Н. Назарбаев



Сайыстың мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.


Сайыстың жоспары:

1.Өткізілетін орны және уақыты:


Сайыс 2018 жылдың 05 мамыр күні мектептің алғашқы әскери дайындық алаңында өтеді.


2. Сайысқа 9, 10 сынып оқушыларынан құралған 5 бөлімше қатысады. 1-ші бөлімше -10А- сыныбы, 2-ші бөлімше – 10Ә- сыныбы, 3-ші бөлімше – 9А- сыныбы, 4-ші бөлімше – 9Ә- сыныбы, 5-ші бөлімше – 9Б-сыныбы, 6-шы бөлімше – 8 сынып


3.Жас ұландардың киім үлгісі:

Әскери және спорттық киім.


Жарыс бағдарламасы:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2.Сайыстың ашылуы

3.Әділқазылар алқасымен таныстыру

4.Марапаттау.


Жарыс түрлері:

1). Сап түзеу және саптық байқау;

2). АК-74 қаруын бөлшектеу және жинау;

3). Белтемірге тартылу;

4). Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету;

5). Пневматикалық винтовкадан ату

6). Еденге қолын тіреп, жатып тартылу;



Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары:

Оқушыларды бөлімшелерге бөліп, сапқа тұрғызу;

Әскери жетекші:

-Түзел! Тік тұр!

-9 мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығы және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Жас ұландар» әскери-патриоттық сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Әскери жетекші:

-Саламатсыздар ма, Жас ұландар! (Жас ұландар хормен «Саламатсыз ба әскери жетекші мырза!» деп жауап береді.)

Әскери жетекші:

-Сіздерді алда келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! (Жас ұландар хормен «Ура!», «Ура!», «Ура!» деп жауап береді.)

Әскери жетекші:

-Еркін тұр!


1). Сап түзеу және саптық байқау.

Қатысушылар ұжымдық ісәрекеттер бөлімше құрылымындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, екі қатарлы сапқа тұруы, саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орнында және қозғалыстағы бұрылыстар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі.


2). «АК-74 қаруын бөлшектеу және жинау» жаттығуы.

Жаттығудың шарты: Қатысушылар саны 2 Жас ұлан. Қатысушылардың жаттығуды орындауға жұмсаған ең аз уақыты бойынша анықталады. Жаттығуға берілген уақыт «Баста!» пәрмені естілісімен есептеле бастайды. Бір жас ұлан бөлшектейді, екінші жас ұлан жинайды.


3). «Белтемірге тартылу» жаттығуы.

Жаттығу шарты: бұл жарысқа команданың төрт мүшесі қатысады. Тартылуды барынша көп жасаған саны бойынша анықталады. (ұпай саны/ тартылу).


4). Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөніндегі жарыс.

Жарыстың шарты: Қатысушылар саны – 3 жас ұлан. «Алға!» пәрмені бойынша жарысқа қатысушылар мәреге дейін 15 метр қашықтықта жатқан жарақаттанушының сынған аяғын және басын таңады. «Газдан қорған!» пәрмені бойынша қатысушылар газтұмылдырықтарын киеді, жарақаттанушыны зембілге салып мәре сызығына дейін алып келеді. Уақыт «Алға!» пәрменінен бастап жарақаттанушыны мәре сызығына алып өткенге дейін есептеледі.


5). Пневматикалық винтовкадан ату жарысы

Жарыстың шарты: Команданың екі мүшесі қатысады. Әрбір команданың (әр бөлімшенің) мүшесіне сегіз оқтан беріледі. Үш оқ сынақ есептелмейді. Қалған бес оқ есептеледі.


6). Еденге қолын тіреп, жатып тартылу жарысы

Бір минутта еденге қолын тіреп, жатып қанша рет тартылады,сол есептеледі.Команданың (бөлімшенің) екі мүшесі осы сайысқа қатысады.


7). Марапаттау.

Ойын қорытындысы бойынша үш командалық жүлделі орын анықталады. Жарыс жеңімпаздары диплом қағаздарымен марапатталады.


Қорытынды:

Бүгінде жаңа Қазақстанның жастарын тәрбиелеудегі басты құндылық – олардың отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Сондықтан білімді де, іскер де, білікті патриоттар қалыптастыруда әскери-патриоттық сайыстардың маңызы зор.





































« Біз ұландар» әскери – патриоттық сайысы


Бақылау парағы


№

қ/с

Сыныбы

(бөлімше)

Саптық

жүріс

Пневма

тикалық

винт.ату

АК-74

Бөлшектеу,жинау

Белтемірге

тартылу

Мед.

көмек

Еденге қолын

тіреп,жатып

тартылу

Ұпай

Орын

1.

10а









2.

10ә











3.

9а











4.

9ә











5.

9ә











6.

8














Әскери жетекші Телемген М



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
1585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі