400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз Ұлы Жеңістің шөбересіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыз туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біз Ұлы Жеңістің шөбересіміз


Менің атым – Ілияс, 6-сынып оқушысымын. Қазір біз отбасымызбен Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге дайындалып жүрміз. 75 жыл – біз үшін ұзақ мерзім. Алайда 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы туралы біз көптеген мәлімет білеміз. Қаншама бала әкесінен айрылып жетім қалған. Балаларын күткен аналардың көз жастары көл болған. Ата-анамның айтуы бойынша, менің үлкен аталарым да осы соғысқа қатысқан.

Әкемнің атасы Сүлейменов Кәден Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ері болған. Нағашы атам Тусупбеков Аманжол Ұлы Отан соғысында ауыр жарақат алып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Қос атамның соғыс жылдарындағы ерлігі, бастан кешкен қиын күндері туралы балалары немерелеріне айтса, бүгін сол немерелері, яғни менің ата-анам маған айтып отырады.

Қос атамның портретін жыл сайын «Мәңгілік полк» шеруіне алып шығу мен үшін үлкен мақтаныш. Кей кездері аталарымның үйдегі медаль, ордендерін тағып алып, далаға шыққым келеді. Алайда оған ата-анам рұқсат бермейді. Оның себебі де түсінікті. Отбасылық жәдігер қатарынан орын алатын құнды заттар төрден орын алуы орынды деп білемін.

Нұра кентінің орталығында орналасқан «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» тақтасында Кәден атамның есімі жазылған. Осакаровка кентінің мұражайында Аманжол атамның суреті ілінген. Осындай екі батыр атасы бар мен өте бақытты шөберемін. Ұлы Отанымызды неміс басқыншыларынан қорғау жолындағы аталарымның ерлігі мен үшін үлгі болады. Шөбереге үлгі болған сара жол ешқашан ұмытылмайды деген сенімдемін.



Сүлеймен Ілияс



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі