400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Көкпекты ауданы

Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кокенова Айгүл Әшімқызы

Тақырыбы: «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз»

 Мақсаты: Ата-аналардың зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелеріне қауымның назарын аудару, сонымен қатар қоғамда балаларға қатыгездік жасауға жол бермеуге, сенушілікті тудыруды қалыптастыру.

Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Танысу: Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.

Жүргізуші:   Қайырлы күн құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті әлемдегі күрт өсіп бара жатқан проблемалардың бірі, бұл – балаларға жасалатын зорлық – зомбылықтың күн санап артуы. Бұл жайттар ешкімді де ешқашан бей-жай қалдырмасы анық. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болатын мәселе де осы: жалпы алғанда, “Мен және сен болып әлемді зорлық-зомбылықтан құтқара аламыз ба? ” осы сұрақтың жауабын табу. Ендеше жағдайы жан ауыртып, қоғамға қозғау салған осы мәселеге кім қалай қарайды? Шешудің жолы қандай? Көп болып сыр алмасып көрелік.

- Добрый вечер, дорогие друзья и гости родительского собрания! Мы рады тому, что, Вы, несмотря на свои многочисленные хлопоты и заботы, несмотря ни на что, пришли сюда. В любой школе: маленькой или большой; в любом классе, есть дети со своими учебными и личностными особенностями. В каждой семье, где растёт ребёнок, неизбежны вопросы, связанные с тем, как вырастить его здоровым, физически и психически закалённым, обогащённым духовно и нравственно, подготовленным к жизни и труду.

Сұрақ - жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

1)   Алдымен зорлық-зомбылық дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіздер? Қоғамымызда жасөспірімдер  арасында зорлық – зомбылық, келеңсіз жағдайлардың орын алуына сіздердің ойларыңызша, не себеп?

Зорлық – зомбылықтардың анықтамасы және диагностикасы

Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер уақытында балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден айдап шығу немесе баланы қамап, үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады.

 Эмоционалдық көңіл қоймауға баланың көзінше ата – аналарының ұрыс – керіс шығарып, төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады.

  Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі (16 пайызы осы жәбірленуге ұшырағандар). Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата – ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата – аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата – анасында деген қорытындыға келеміз.

  Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі аз, яғни балалардың 7 пайызында осындай жәбірлеу жағдайлары кездеседі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды күштеудің кең таралған түріне жатады.

 Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының жоққа шығаруы);

2. Жеке қамауда ұстау (Балаға қарым – қатынас керектігін жоққа шығару. Мысалы: баланы жертөледе немесе шкафта қамау);

3. Баланы бопсалау;

4. Елемеушілік;

5. Балағаттау;

6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

7. Балаға қысастық көрсету;

Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;

- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;

- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;

- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.

 қоюдасыз?

Жағдаяттар:

1- Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. Осы жасөспірімге қалай көмектесер едіңдер?

2- Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейтін жасөспірім.

3- Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалған жасөспірім.

4- Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шылқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңдер?

Талқылау.

Осы балалардың ойлаған қылықтары дұрыс па?

Қандай кеңес айтасыңдар?

Ендеше,осындай жасөспірімдерге біздер әрдайым кеңесімізді беріп,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болып өтулеріне ат салысайық.

Тема нашей встречи серьёзна, актуальна и трудна.

Всегда считалось, что самое безопасное место для детей — это собственный дом и семья. Однако, факты ставят это утверждение под сомнение. По данным статистики, около двух с половиной миллионов несовершеннолетних в возрасте до 14 лет избивают родители, более 50 тыс. ежегодно убегают из дома, спасаясь от жестокого обращения, более 50% преступлений в быту совершаются в присутствии детей, 30-40% всех тяжких преступлений в быту совершается в семье.

Сабыр сақтай біліңіз .Әңгіме.

Жақында ғана мынадай бір хабарды көзім шалған.

Әкес іжаңа машина сатып алады. Сыртқа шыққанда сегіз жасар ұлының қолындағы темір таяқшамен машинаның алдыңғы бөлігін шұқылап отырғанын көреді де, дереу ұлының қасына жетіп барып, темір таяқшаны тартып алған әке ашу үстінде ұлының қос қолынан ұра бастайды...

Сәлден соң жынданып барып, есін жиған кісідей ұлын құшақтап, емханаға жүгіреді.

Дәрігер сәбидің сынған саусақтарын қалпына келтіруге қанша тырысса да өнімі болмайды. Амалсыздан, қос қолын білезіктен кесіп тастауға тура келеді...

Бала операциядан оянған сәтте қатты ауырып тұрған шолақ білегіне қарап, көздеріне жас толып: «Әке, кешіріңізші, машинаңызды бұзып қойғаным үшін кешіріңіз!» дейді жыламсырап, өкініштен сөйлеуге шамасы келмей қалған әкесіне. Сәлден соң тағы: «Әке! - дейді үмітпен, - менің саусақтарым енді қанша күннен соң өседі?...»

... Байғұс әке үйіне қайтқан соң өкініштен машинаның алдында жылап отырып,баласының жазуына көзі түсті. Баласы былай деп жазыпты « Мен сені жақсы көрем, Әке»- деп жазыпты.

Прослушайте небольшой рассказ-быль, его мы не будем обсуждать, пусть он поставит точку сегоднешней теме

Однажды, когда мужчина полировал свой автомобиль, его 6- летняя дочь подняла камень и нацарапала несколько слов на боку автомобиля. В гневе отец схватил руку ребенка и стал бить по ней, не понимая, что вырывает её.

В больнице девочка потеряла все пальцы из –за многочисленных переломов. Когда дочка увидела своего отца… с глазами, полными слёз и боли, она спросила: «Папа, когда мои пальцы вырастут снова?» Мужчина ничего не ответил, ему было больно. Он возвратился к своему автомобилю, и стал его пинать.

Опустошённый своими поступками, сидя перед автомобилем, он посмотрел на царапины – дочь написала «Люблю тебя, папа»…

Қандай бақытсыздық деші!  Ашу мен ыза үстінде бұл сорлы әке мұндай қасіретке жолығамын деп мүлде ойлаған жоқ қой.

Сабыр! Сабыр!

Сәбиіңіз алдындағы тамағын төгіп алғанда, олардың тынымсыз сәттерінде, тоқтаусыз жылаған кездерінде бұл әңгімені еске алыңыз.

Айналаңыздағы жаныңызға жақын адамдарға бола сабыр-тағатыңызды жоғалтудан бұрын, бір минут ойланыңыз.

Мал-мүлік қалпына келер. Тіпті сынған қол да. Бірақ, аяусыз соққы жеген бейшара көңіл ешқашан қалпына келмейді.

Қателіксіз адам баласы жоқ..  Бәріміз де солай.

Тек қана ашу мен ойсыздық, сабырсыздық адам баласын ғұмырының соңына дейін қинайды.

Әр іске кірісуден бұрын ойлан және сабырлы бол.

Қортындылай келе  айтқымыз келеді: Сабырлы болыңыздар! Сабырлылық – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі.

Қорытынды

Сонымен  өз  ойларыңмен  бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір  сүру  үшін  күйретуші  ойлардан  аулақ  болуымыз  керек  екен  ұқтыңыздар.

Мазасыз  жаман , жағымсыз , мағынасыз  ойлар  адамды  психикалық , тәндік  жарақатқа  шалдықтырып , тіпті  өлімге  әкеліп  соғады .

Өздерің  ойлаңдаршы ? Сонда  не  өзгереді ? Одан  сен  не  ұтасың ?

Оның  кімге  пайдасы  , кімге  зияны  тиеді ? ...

 Ештеңе де  өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш  пайдасы  жоқ , керісін -

ше  өзіңе   жақын  адамдарыңа  зияныңды  тигізесің .

Әрине  дұшпаныңа  күлкі , достарыңа , ең  қымбат  адамыңа , ата – анаңа,

бауырларыңа  орны  толмас  қайғы ,  қасірет  әкелесің , одан  басқа  ештеңе  жоқ.

«Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.

Жаттығу: «Тілек шамы».

Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Бүгінгі сынып сағатын мына өлең жолдармыен аяқтағым келіп тұр.

Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
1191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі