400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бізбен кестелеу техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кесте өнері- сәндік қолданбалы өнердің кең тараған түрі, көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Біз кестемен тоқу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен бізбен әртүрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен мата бетіне тоқылады. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Біз (ключок) кестемен тоқу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі: Абдрахманова Айгуль

Тақырыбы: Біз кесте техникасы

Мақсаты: Біз кесте техникасымен таныстыру, бізбен мата бетіне тоқу техникасын көрсетіп, тоқылу технологиясын меңгерту. Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру. Жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, көркемдік талғамдарын арттырып, түстерді шебер қолдана білу, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға, салт- дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, сарамандық, көрнекілік, сөздік
Сабақтың көрнекілігі: Буклет,біз (ключок), жіп түрлері, мата, ою үлгісі, қайшы, мақал- мәтелдер, кроссворд, тесттер, үлгілер


Сабақтың жүргізу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) 
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
1. Ұйымдастыру            Сәлемдесу. 
 «Шаттық шеңбері» балалар шеңбер құрып тұрып, бүгінгі күнге тілек айтады.
Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.) 
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) 

1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?
2. Кестелеу дегеніміз не?
3. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
4. Жұмыс орны дегеніміз не?
5. Мата неден тұрады?
6. Талшықтардың түрлері

Психологиялық дайындық.(1минут)

Гүл ексең терлеп
Мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек
қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

Мақалдың жалғасын тап. 
Кесте туралы 
1. Кестенің сыры түрінде, Кілемнің сыры ................... (түгінде) 
2. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз .......................(сынайды) 
3. Қыз еркем, кестесімен ........................... (көркем) 
4. Ұл еркем, өрнегімен .............................. (көркем) 
5. Шебердің қолы ................, шешеннің тілі ....................(ортақ) ) 
6. Шеберді өнер ......................(асырайды) 
7. Шебердің ісі ..............., шешеннің сөзі .................(мерген) ) 
8. Білім – инемен .........................(құдық қазғандай) 
9. Іздей білген ирімнен де ине ...............(табады  
10. Жүніне қарай матасы, теміріне қарай .......... (балтасы)

Жаңа сабақ: (3минут)
Мағынаны тану 
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады
Кесте өнері- сәндік қолданбалы өнердің кең тараған түрі, көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Біз кестемен тоқу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен бізбен әртүрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен мата бетіне тоқылады. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Міне өздеріңіз көріп отырғандай біз (ключок) кестемен тоқу, айқас кестелеу және бастырылған кестелеу, әр түрлі жіптермен орындалған изонить( жіппен бейнелеу). Бұлардың әрқайсысының өзіндік орындалу технологиясы әр түрлі.

Айқас

Шынжырлы

Біз кесте

Тор тігіс

Кесте тігіс

Түйін тігіс

Көктеу тігіс


Кесте тігіс

Осы тігістерді тігу арқылы мынандай кесте тігістерін тігуге болады.

Біз кестенің айырмашылығы

Ұқсастығы

Тізбекті тігістің айырмашылығы

Біз (ключок) кестесі мата бетіне тоқылады.

Мата бетінде біз кесте мен тізбекті тігіс бірдей көрінеді.

Тізбекті тігіс матаны ілмек ортасынан инемен тігіледі.



Бүгінгі біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тоқылу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тоқылады. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, бізді алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан біз ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

Адасқан әріптер


НЕИ

ЫШАЙҚ

ПЖІ

ААТМ

Шыққан сөздерге байланысты қауіпсіздік ережесін еске түсіру

1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.
3. Инені киімге қыстыруға болмайды.
4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6.  Жіпті қысқа сабақтау керек.
7. Мата кестеге сай гүлсіз мата болуы керек.

Видеоматериал көрсету (1минут)

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Сарамандық жұмыс 
Нұсқау карта ( тарату)

Инені алға тігісі – тігістің ең көп таралған түрі. Ол инені соңғы инешаншымнан алға жылжыта отырып, матаны тесіп өткенде пайда болған инешаншымдардың үзік-үзік сызығы болып келеді. Инешаншымдардың арақашықтығы мен ұзындығы бірдей болуы керек.(күй ойнатылады)

ББҮ (2 мин.) 
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу 
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім? 


Бағалау (2 мин.) 
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 
Бақылайды, бағалайды. 
Үйге тапсырма (1 мин.)

Жұмыстарын жалғастыру

Жұмыс орнын жинау (1мин)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1020
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі