400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бізді емдейтін өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бізді емдейтін өсімдіктер

Мақсаты: :балаларға дәрілік шөптер жайында түсініктер беру.

Міндеттері :дәрілік шөптердің емдік қасиеттеріне тоқталу.Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйрету.ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру

Сөздік жұмыс: өсімдіктер

Билингвалды компонент : өсімдіктер-растения

Көрнекі құралдар : суреттер, кітаптар, түрлі-түсті қарындаштар.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті



Ой қозғайтын себептер

Шаттық шеңбері.

Жаңбыр жауды далада,
Аспанды бұлт торлаған.
Күннің көзін ашайық,
Жерге шуақ шашайық.

Балалар бір-біріне жүректерінің ыстық лебін сыйлап, ықыластарын білдіреді.



Ізденіс -ұжымдық -негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларға бет орамал көрсетіп, бұлардың түшкірген және жөтелген кезде қандай пайдасы барын сұрау.

Балаларға кептірілген шөптер жиынтығы, түбірлерін және бөлме өсімдіктерін көрсетіп, өсімдіктерін көрсетіп, өсімдіктердің тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайтынын, сонымен бірге олардың емдік пайдасы бар екенін айту.

Тәжірибе:/әртүрлі тұнбалар жасау/

Алоэ-бұл Оңтүстік Африкадан тараған, сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі. Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.

Бақ-бақ-оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

Емен-жас ағаштарының қабығы мен бұтақтарының қайнатылған сүзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауыз және тамақ шаюға және асқазан бұзылған жағдайда ішіп, емдік мақсатқа қолданады.

Қалақай-жабайы өсімдік. Жапырағының қайнатылған тұнбасы мен сығындысы қан тоқтату үшін қолданылады, әрі «С» дәруменінің қасиеті бар.

Сарымсақ –тыныс алу жолдарының алдын алу, ішек және асқазан бұзылуынан сақтайтын емдік құрал ретінде пайдаланылып келеді.

Мия-жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған дәрілер қақырық түсіреді. Қабынуға қарсы және түйнегенді басуға қолданылады.

Өгейшөп-жабайы өсімдік. Тұнбасы мен қайнаған суы қақырық түсіретін және терлететін дәрі ретінде қолданылады.

Асқабақ-қолдан өсірілетін өсімдік. Оның қабығынан тазартылған дәні ішек құртына қарсы қолданылады.





Балалар педагогті мұқият тыңдайды.



Шөптерден әртүрлі тұнба-лар жасап кө-реді.




Балалар емдік шөптер туралы мәлімет тыңдайды.








Қорытынды

-дәрілік шөптерді ата?

-олар не үшін керек?

-Мия, Өгейшоп өсімдіктердін пайдасы неде?

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дәрілік шөптер жайында;

Игереді: Дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін;

Меңгереді: Шөп тұнбасын дайындауды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі