тас
Жанғыш
тас көмір
әк
мұнай
саз
Пайдалы
қазбалар
металл
құм
тұз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Қаратай Тұрысоватындағы №53 мектеп гимназия
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
«Бізді қоршаған орта» үйірмесінің бағдарламасы
(Бұл бағдарлама 3 сынып оқушыларына арналған)
.
Сарсенбаева Индира Абилдаевна Бастауыш сынып мұғалімі
2025 жыл
ƏОЖ 379
КБЖ 74.262.27
Б 19
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп гимназиясы әдістемелік құрал «Бізді қоршаған орта» үйірмесінің бағдарламасы Сарсенбаева Индира Абилдаевна Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы қаласы «БІЛІМ ƏЛЕМІ» баспасы
Пікір берушілер:
Карсыбаева Раиса Канабековна – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
оқытушысы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.
Текесбаева Анар – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
«Педагогика және психология» кафедрасының кандидаты
ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14
Ұсынылып отырған оқулық қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл оқытушыға қойылатын талап та жаңашыл болатыны сөзсіз. Оқытушы алдындағы басты міндет оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Жаңа
технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып,
оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
ƏОЖ 379
КБЖ 74.262.27 Б19
ISBN 978 - 601 - 341 - 501 – 14
© Сарсенбаева Индира Абилдаевна
© ИП «Білім әлемі
Мазмұны
-
Түсінік хат 4
-
Курстың мазмұны мен құрылымы 5 - 6
-
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - 8
-
Сабақ жоспарларының үлгілері 9 - 25
-
Қорытынды 26
5 Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі оның сапасымен өлшенеді. Білім беру жүйесіндегі барлық бағыттың түпкі мақсаты – оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау.
Білім – қоғамның тұрақтылығы мен іргетасы, мәдени мұраны сақтайтын және ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін басты құндылық.
Менің педагогикалық ұстанымым – бастауыш сынып оқушысының
шығармашылық, танымдық, дербес ойлау қабілетін дамыту, оны өз бетінше ізденіп, қоршаған әлеммен байланысын түсіне білетін тұлға етіп тәрбиелеу.
Қазіргі заманда бастауыш білім берудің басты талабы – жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушының жеке әлеуетін ашу. Осы мақсатта ұсынылып отырған «Бізді қоршаған орта» үйірмесі оқушылардың табиғат пен адам арасындағы өзара байланысты түсінуіне, танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған.
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» Заңы мен 2023 жылғы
«Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» талаптарына сәйкес білім беру мазмұны жеке тұлғаның зияткерлік және рухани дамуына бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектептің басты мақсаты – білімді, ойы дербес, экологиялық мәдениеті қалыптасқан, шығармашылыққа бейім тұлға тәрбиелеу.
Бұл үйірме бағдарламасы оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыруға,
табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін қалыптастыруға, өздігінен ой түйіндей білуге мүмкіндік береді.
Өзектілігі
Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық білім беру — XXI ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі. Баланың табиғатпен ерте жастан танысып, оның
заңдылықтарын ұғынуы — экологиялық мәдениеттің негізін қалайды.
Бастауыш сынып кезеңі – баланың дүниетанымы мен ойлау жүйесі қарқынды дамитын кезең. Осы кезеңде экологиялық білім мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру – ұлттық сананы, жауапкершілікті және табиғатқа деген ізгі
көзқарасты тәрбиелеудің тиімді жолы.
Мақсаты
Оқушыларға қоршаған орта туралы жүйелі білім беру, табиғат пен адамның өзара байланысын түсіндіру арқылы экологиялық мәдениетін, зерттеушілік қабілетін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Міндеттері
-
Оқушылардың қоршаған орта жөніндегі білімін кеңейту және жүйелеу.
-
Табиғаттағы құбылыстардың өзара байланысын түсіндіру.
-
Экологиялық сауаттылық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
-
Оқушылардың өздігінен іздену және зерттеу дағдыларын дамыту.
-
Тілдік және коммуникативтік қабілеттерін арттыру, өз ойын дәлелдеп айтуға баулу.
-
Пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын кеңейту.
-
Ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы экологиялық тәрбие беру.
-
Топтық және жеке жұмыс барысында ынтымақтастық, дербестік пен өзін- өзі бағалау қабілеттерін жетілдіру.
Жаңалығы
Бағдарлама оқушылардың экологиялық мәдениетін ұлттық дүниетаныммен ұштастыра отырып дамытуға бағытталған. Үйірмеде зерттеу, жобалау, бақылау, цифрлық құралдарды пайдалану әдістері интеграцияланған.
Сонымен қатар, оқушылардың күнделікті өмірмен байланыс орната отырып, табиғат құбылыстарын практикалық тұрғыда түсінуіне мүмкіндік беріледі.
Күтілетін нәтижелер
-
Оқушылар қоршаған орта туралы кешенді ұғым қалыптастырады.
-
Табиғат пен адамның өзара байланысын түсінеді.
-
Экологиялық жауапкершілік сезімі мен табиғатты қорғау мәдениеті дамиды.
-
Зерттеу және бақылау дағдылары қалыптасады.
-
Өз пікірін еркін жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алады.
-
Ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің экологиялық мәнін ұғынады.
-
Пәнаралық байланыс арқылы дүниетанымы кеңейеді.
-
Өз бетінше шешім қабылдап, жобалық тапсырмалар орындай алады.
Құндылықтар
Бағдарлама Қазақстан Республикасының жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарына негізделеді. Үйірме барысында оқушылар төмендегі құндылықтарды меңгереді және күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады:
-
Құрмет – табиғатқа, адамдарға, ұлттық дәстүр мен мәдени мұраға құрметпен қарау.
-
Жауапкершілік – қоршаған ортаны қорғауда, өз іс-әрекетінің салдарын түсінуде жауапкершілік сезімін дамыту.
-
Еңбекқорлық – табиғатты аялаудағы еңбектің маңызын түсіну, еңбек етуге бейімделу.
-
Ынтымақтастық – топпен жұмыс істеу, бірін-бірі тыңдау және ортақ нәтижеге қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
-
Адалдық пен әділдік – зерттеу жұмыстары мен бақылауларда шынайы нәтижеге ұмтылу, өз еңбегін бағалай білу.
-
Шығармашылық – табиғатты тануда, экологиялық жобаларды орындауда жаңашыл ой мен шығармашылық көзқарасты дамыту.
-
Патриотизм – туған жер табиғатын қорғау арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру.
-
Салауатты өмір салты – табиғатпен үйлесімді өмір сүру, экологиялық таза әдеттерді қалыптастыру
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, қоршаған орта
Курсты ұйымдастыру формалары
Іздену, бақылау, пікірталас, зерттеу, шығармашылық тапсырмалар, табиғатқа саяхат, экологиялық жоба қорғау.
Бағалау жүйесі
Өзін-өзі бағалау, рефлексия, топтық бағалау, шығармашылық жұмыстар мен жобаларды қорғау, тест және байқау түрлері.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
|
№ |
Бағалау критерийі |
Дескрипторлар (оқушы не істей алады) |
Бағалау түрі |
Ұпай (0–3) |
Ескертпе |
|
1 |
Білімді меңгеру деңгейі |
Қоршаған орта, табиғат құбылыстары мен адам әрекеттері арасындағы байланысты түсіндіреді |
Қалыптастырушы |
0–3 |
3 – толық меңгерген |
|
2 |
Зерттеу дағдысы |
Бақылау, тәжірибе, ізденіс нәтижесін жазады және қорғайды |
Қалыптастырушы / жобалық |
0–3 |
2–3 ұпай – белсенді зерттеу |
|
3 |
Табиғатқа деген көзқарасы мен экологиялық мәдениеті |
Табиғатты қорғау туралы пікір білдіреді, іс-әрекетінде көрсетеді |
Қалыптастырушы |
0–3 |
Мінез- құлықтағы көрініс |
|
4 |
Шығармашылық және логикалық ойлау |
Берілген тақырып бойынша эссе, сурет, шағын жоба жасайды |
Қалыптастырушы / жиынтық |
0–3 |
Ерекше идея болса – 3 |
|
5 |
Коммуникативтік қабілет |
Өз ойын еркін жеткізеді, сұраққа толық жауап береді |
Қалыптастырушы |
0–3 |
Топтық жұмыс кезінде бағаланады |
|
6 |
Топпен және жұппен жұмыс |
Топ ішінде белсенділік танытады, бірлесіп шешім қабылдайды |
Қалыптастырушы |
0–3 |
Міндет бөлісе білуі ескеріледі |
|
7 |
Өзін-өзі бағалау және рефлексия |
Өз жетістігі мен қиын тұстарын анықтайды, қорытынды жасайды |
Қалыптастырушы |
0–3 |
Рефлексия парағымен |
|
8 |
Қорытынды жоба немесе презентация |
Өз тақырыбын қорғайды, дәлелмен сөйлейді, көрнекілік қолданады |
Жиынтық |
0–3 |
Курстың соңында өткізіледі |
|
Ұпай диапазоны |
Деңгей |
Түсіндірме |
|
0–7 ұпай |
Төмен |
Материалды ішінара меңгерген, қосымша қолдау қажет |
|
8–15 ұпай |
Орта |
Негізгі мазмұнды түсінеді, кейбір тұстарын жетілдіру қажет |
|
16–21 ұпай |
Жақсы |
Материалды жақсы меңгерген, өз ойын еркін жеткізеді |
|
22–24 ұпай |
Өте жақсы |
Жоғары деңгейде меңгерген, шығармашылық және зерттеушілік қабілеті дамыған |
Курс бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 3 сынып.
(Барлығы 34 сағат. Аптасына 1 сағат.)
-
№
Тақырыбы
Сағат саны
Күтілетін нәтиже
Уақыт
І.Қазақстан тарихынан
5 сағ
1
Қазақ мемлекеті
1
Қазақ халқының
(хандығы)
егемендікке жету
2
Егеменді қазақ елі
2
жолындағы күрескер,
3
Үш би, билік айту
1
ұлылардың өмірімен жете
өнері
танысу арқылы батыл,
4
«Шешендік өнер»
1
шешен,
әліппесі
қайсар, ержүректік
қасиеттері дамиды.
ІI. Салт –дәстүр,әдет- ғұрып
5 сағ
1
Қазақтың киіз үйі
1
Қазақтың салт-дәс түр,әдет- ғұрып
нақыштарын сақтап қалу үшін ат салы сады.
Ұлтымыздың басқа елдерден ерекшелігін
айқын дайтын белгілерді анықтайды.
2
Ұлттық киімдер,оған
1
қатысты ырымдар мен
тыйымдар
3
Ұлттық музыкалық
1
аспаптар
4
Ұлттық ойындар.
1
5
Сандар мағынасы
1
-
ІІІ.Қазақ батырлары, өнер қайраткерлері 4 сағ
1
Қазақ батырлары
1
Қазақ халқының батырлары,өнер
қайраткерлерінің еңбегін
2
Қару- жарақ атаулары
1
3
Ақын-жыраулар, күйшілер
2
-
бағалап оларды үлгі тұтады.
ІV. Біз –табиғат қорғаны 8 сағ
1
Табиғат сыйы
1
Табиғат сыйын,
байлығын қорғай біледі,
Экология
лық проблемалар ды шешу жолда рында өз үлес терін қосуға тыры сады. Өңіріміз
дегі тау жыныс тары, минералдар туралы
мәлімет жинақтай алады.
2
Пайдалы қазбалар
1
3
Су –тіршілік көзі
2
4
Экологиялық
проблемалар (дөңгелек үстел, пікірталас)
2
5
«Кездейсоқ оқиғадан шыға білу»шығарма-
шылық сабақ
1
6
Миниралды сулар.Сарыағаш
шипажайы.
1
V. Өсімдік пен жануарлар әлемі 6 сағ
1
Қазіргі экологиялық жағдайлар
«Іскерлік ойын»
1
Қазақстан қорықтары мен ұлттық бақтарын қорғау, сақтауға тырысады.
Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтардың қазіргі жағдайын біліп
отырады.
2
Қазақстан қорықтары
1
3
Жануарлар
тіршілігі.Жануарлар тіршілігіне не қажет
1
-
4
Қызыл кітап құпиясы
1
5
Табиғат достарының ережелері
1
6
Танымжорық
1
Т
VI. Туған ел. Отан 3 сағ
1
Отан отбасынан басталады
1
Туған еліміздің
мәдениетін жоғары деңгейде ұстайды.
Бәсекелестікке қабілетті
бола алады.
2
Адам және мәдениет
1
3
Қазақстан – ғарыштық мемлекет.
1
VІІ.Қорытынды. 3 сағ
1
Тест
Өткен материалдарды қайталайды, өз білім деңгейлерін қөрсетеді
2
«ХI ғасыр
көшбасшысы» сайысы
3
«Білгіштер бекеті» сайысы
Сабақ жоспарының үлгілері
Сабақ №7 Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер,оған қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халықтың өткен тарихына көз жібере отырып, ой-өрісін, ұлттық өнерге, киімге қызығушылығын ояту.
Ұлттық киімдердің түрімен, киімге салатын ою түрімен танысу. Дәстүрді насихаттау, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,пікірталас,әңгімелеу, жасап көрсету.
Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, «Ұлттық киім» альбом, дайын киімдер үлгілері, зергерлік бұйымдар, түрлі қағаз бен желім.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық II.Қызығушылығын ояту
Сұрақ- жауап: -Ұлттық киімді қай кезде киеміз?
-Қандай ерекшілігі бар?
-
Нақты ұғым беру
Қазақтың ұлттық киімдерін мынадай топтарға бөлуге болады:
-
Іштік киім
-
Сыртқы киім
-
Сулық киім
-
Ерлер бас киімі
-
Əйелдер бас киімі
-
Аяқ киімдер
Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою - өрнегі және кестесімен, басқа халыққа ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түсті жіп.
Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң
терілірінен жасап, барқыт қылсым, атласпен тыстайды. Тышоң бөріктердің бірнеше түрі бар.
Тымақ – Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық
болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «Қошқармүйіз»,
«шырмауық» өрнектерімен кестеленеді. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар:
-
Киім кию оң қолдан басталады.
-
Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.
-
Көпшілік алдында жалаңаш- жалпы жүруге болмайды.
-
Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.
-
Киім киюдің алдында оны сілку керек.
-
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.
-
Шалбарды және етікті отырып киеді.
-
Киімнің жағасын басуға болмайды.
-
Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.
-
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.
-
Бас киімді босағаға емес төрге іліп қояды.
-
Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.
-
Бекіту
Шығармашылық жұмыстар.
-Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің ?
-Ерлер мен әйелдердің киімдеріндегі ерекшеліктер қандай?
-Ұлттық киімдерге байланысты қандай нақыл сөздер айтуға болады?
-
Қандай ереже, қағида айтуға болады?
-
Қорытынды
Сарамандық жұмыс
-
Сырт киімдер моделін суретте көрсетілген үлгі бойынша құрастырыңдар.
-
Өз бетінше қазақ халқының киім үлгілерін жасау.
-
Көрме ұйымдастыру.
№ 14 сабақ Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,
өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Құндылық: Ел байлығын үнемдеп пайдалану және табиғатты қадірлеу.
Бұл оқушыларға пайдалы қазбалардың түрлерін үйретіп қана қоймай, олардың қорын сақтап, ақылмен пайдалану керектігін ұғындыруға бағытталған.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: Əдебиеттік оқу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
-
Психологиялық дайындық. -
Қайырлы күн деп айтамыз
-
Түсте бірге қайтамыз
-
Отбасының гүліміз
-
Көңілді өтер күніміз 3топқа бөлу
-
1 топ – «Əктас», 2 топ – «Күміс», 3 топ – «Қола». Өткен сабақты еске түсіру
![]()

Есте сақта!
«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»
ІІІ Кіріспе
П
Кенге жатпайтын
Тұз,әктас,мәрмәр, гранит,құм,саз
Кенді
Жанғш
Тас, көмір, мұнай,газ
Пайдалы қазбалар
айдалы қазбалар қолданылуына қарай3 ке бөлінеді.
Темір,мыс,қорға
-сын,алюминий, алтын,күміс
-
Жанғыш пайдалықазбалар
-
Кенді пайдалы қазбалар
-
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтпаев
Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтпаев туралы әңгімелесу
Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі.
Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын
т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында
алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз. Оқушы ойын тыңдау
І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар. ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Сурет бойынша жұмыс
Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту
Пайдалы қазбалардың шартты белгілері:
- Əрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты
белгілері бар. Тас көмір -
Мұнай-
Газ-
Темір
-
Алтын -
Мыс -
Тұз -
Əктас
-
Саз -
Алюминий – А
Дәптермен жұмыс:
Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу Ойын «Сен –маған, мен-саған» сұрақ қою
ІV. Сабақты қорытындылау:
Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.
Таскөмір, құм, мұнай, саз, темір, әктас
-
Жанғыш 9. Су өткізгіш
-
Қатты 10. Сусыма
-
Сұйық 11. Судан жеңіл
-
Судан ауыр 12. Газтәріздес
-
Қара түсті 13. Ақ түсті
-
Сары түсті 14. Ериді
-
Морт сынғыш 15. Созылмалы
-
Иісі бар 16. Су өткізбейді
17. Қоңыр түсті
П
Кенге жатпайтын
Кенді
айдалы қазбалар ҚАЗБАЛАР
![]()
көмір,шымтезек,темір,қорғасын,гранит,әктас,мұнай,табиғигаз мыс,алтын,алюминийқұм,саз,тұз
VІ. Оқушыларды бағалау.
№ 15 Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»
Сабақтың мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.
Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Құндылық: Табиғатты қорғау және су ресурстарына жауапкершілікпен қарау.
Бұл құндылық оқушыларға судың өмір үшін маңыздылығын түсінуге және оны үнемдеп пайдалануға тәрбиелейді.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі:
«Жылулық шеңбер»
Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат. Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
-Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? (балалардың жауаптары тыңдалады)
-Дұрыс айтасыңдар әрине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады).
-Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! -Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
-Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?
-
Судыңда сұрауы бар.
-
Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ.
-
Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.
1. Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың.
1. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.
Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)
1 Дәміде жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) 2 Моншағым көктің,
Тестім түбін шөптін. (Тамшы) 3 Көз жасын төгіп елжіреп, Жүреді көкте көлбіреп,
Жел қуса кетер селдіреп. (Бұлт)
- Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын? (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.
Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға
көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.
Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік.
I Тәжірибе «Су — мөлдір»
-
Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан
көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
-
Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
-
Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.
III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»
-
Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың
айырмашылықтарын айтады.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап, Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
-Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….
I Сиқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады) Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.
-
Стақанға таза су құйып, суға шикі 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа қоя тұрып, стақандағы суға тұзды
су түбіне батып кетеді Жақсылап ерітемін.

-
Енді жұмыртқаны қайтадан ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы осы суға саламын. Жұмыртқа тұздың мөлшері көбейген сайын оның
суға батқан жоқ! тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.

II Сиқыр (фокус) көрсету:
Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)
Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар
деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!) ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске
боялады. Балалар аң-таң болып қалады…
Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында»
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша)
Міндеттері: Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды? Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?
Су қайдан пайда болады екен?
Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық? (балалар жауаптары)

Су түссіз, бояу қосқанда өзгереді.
Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді. Судың пішіні болмайды.
№ 18 сабақ Сабақтың тақырыбы:Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның минералды су көздері туралы және Сарыағаш шипажайы туралы түсінік беру. Минералды су көздерінің маңызын түсіндіру.
Табиғатты қорғауға және оны аялай білуге, Отанға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бөтелкедегі минералды су, суреттер
Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны. Жер-суын қорғау бабаңның Өлмейтін мәңгі
ұраны.
ІІ.Үй жұмысын тексеру: картадан теңіз,көлдерді көрсету. ІІІ. «Ой қозғау» Сөзжұмбақ
-
Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Сұрақтар:
-
Судың қатты күйі./ мұз/
-
Құз бен тастың бұзылуынан, температура, су, жел, өсімдіктер
-
салдарынан жер бедерінің өзгеруі қалай аталады?/табиғи/
-
Жанармай алынатын майлы, қоймалжын зат.
-
/мұнай/
-
Қазба жұмысын жүргізетің адам. /археолог/
-
Төбелер, таулар физикалық картада қандай түспен көрсетілген?
-
/жасыл/
-
500м биік /тау/
-
Ойпат физ.картада қандай түспен көрсетілген?
-
Шойынды бөліп алу үшін қандай пеш қажет?
-
Қызғылт түсті қызғылт металл?
-
Қарағандыда өндірілетің пайдалы қазба. /көмір/
-
Жер беті алғашқыда газдан және неден тұрды?
-
Мысты басқа металдарға қосу арқылы алатын металл. /қола/
-
Картада ақ мұнара таңбасымен белгіленетің қазба байлық атауы. /газ/
-
Жердің беткі бетінің қабатының пішіні. /бедер/ Жауабы: минералды сулар.
-Кез келген адам судың қасиетің білуі қажет. Бұл адам үшін маңызды. Сусыз
тіршілік жоқ. Су – жердің негізгі байлықтарының бірі. Егер тұщы су жойылып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді.
-
Судың құрамын көрсету.
-
-
-
-
-
-
-
Судың құрамы
Оттегі
Сутегі
-
-
-
-
-
-
-
Топ бойынша жұмыс.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
-
- ші топ:Ыстық минералды су көздері.
2–ші топ: Бұлақтар.
3 - ші топ: Сарыағаш шипажайы.
-
Осы тұста оқушылардың зерігіп кетпесі үшін сергіту сәті өткізіледі.
Олар өзен мен көлдерге байланысты жұмбақтар шешіп, жазылғансұрақтар
ға жауап беріп, аталған өзен-көлдерді картадан көрсетеді. Мойны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы ? (Аққу)
Сурет артындағы сұрақ:
Каспий теңізіҚазақстанның қай тұсында орналасқан?
Кеудесі
қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)
Сурет артындағы сұрақ: Арал теңізі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?
Суға батпайды, қолға ұстатпайды. (Балық)
Сурет артындағы сұрақ:Балқаш көлі
Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

Тәулік бойы бақалап,
Мезгілімен жатпайды. (Бақа)
Сурет артындағы сұрақ: Зайсан көлі Қазақстанның қай тұсында орналасқан?
Шуға бөлеп жағаны,

-
Сарамандық жұмыс.
Алдарында тұрған судың дәмін татып көріп, өз пікірлерін айту.
XX ғасырда ұдайы өсіп келе жатқан техногендік әрекеттерге байланысты
экологиялық жағдай күрт шиеленісті. Жер бетіндегі сулар ластанды. Осындай жағдайға байланысты жер асты суларының маңызы өте күшейді. Əсіресе
адамзатты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейінгі екінші орында. Судың еріткіш рөлі аса зор. Жер қойнауындағы
химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”,
т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді.
Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары екіге бөлінеді: І. Грунт
ІІ. Артезиан
Мойынқұмда 300 - 500м тереңдікте 50 мың шаршы км жер асты теңізі бар. Қазақстанда Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан және
300 - ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталды.
-
Қосымша тапсырма.
-
ші топ Артезиан суы
-
ші топ Грунт суы
-
Ші топ Минералды су Қорытынды:
Экологиялық есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осылай
тұра берсе 1 сағатта және 1 тәулікте қанша литр су бекерге ағып шығын болады? Бағалау.
№ 20 Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның қорықтары»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтарымен танысу. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру.
Оқушылардың өздері дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту. Балаларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Құндылық: Табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, көрнекілік, ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, сурет салу. Сабақтың көрнекіліктер: интерактивті тақта, ребус.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, солармен сәлемдесіп алайық. Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар! Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық.
-
- слайд тақтадағы ребусты шешкізу:
- Балалар, қазақстанда неше қорық бар? Қане, атап жіберейікші.
-
– слайд көрсетіледі Қорықтар:
-
Ақсу – Жабағылы қорығы
-
Барсакелмес қорығы
-
Марқакөл қорығы
-
Үстірт қорығы
-
Батыс Алтай қорығы
-
Алакөл қорығы
-
Қорғалжың қорығы
-
Алматы қорығы
-
Наурызым қорығы
-
-
- слайд
-
– топ Ақсу – Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы.
-
– топ Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы.
-
– топ Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл қорығы. Сергіту сәті:
Музыка ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы тыңдайды.
Тыңдап болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не естіді соны айтқызу.
Қорықтар дегеніміз не?
Қорық деп – өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты айтамыз. Видео роликті көрсету.
Картадан қорықтарды тапқызу.
«Мазайка» ойынын ойнату.
-
- слайд « Қызғылт фламинго» суреті шығады Сұраққа жауап:
-
Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт)
-
«Əн салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы)
-
Екі өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы )
-
Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық ( Қорғалжын)
-
Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс - Алтай)
-
Наурызым орығы қайда орналасқан? (Қостанай) Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
-
Құмырсқаның илеуін бұзба.
-
Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
-
Аққуды атпа.
-
Жас шыбықты кеспе.
-
Құстың ұясын бұзба.
-
Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
-
«Сандар сөйлейді» ойыны 7 - слайд
12, 98, 19, 227, 9, 1, 64, 04, 14, 0.
Жауабы: Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрібар. Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған.
Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар. Алматы қорығы1964 жылы құрылған.
Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.
Туған жерге, табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке Ел жүрген жер мереке.
Жер көңді жақсы көреді Ат жемді жақсы көреді.
Табиғат - халық қазынасы
Табиғатсыз адамның күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта қорықтарды қорғау туралы не білдік, соны топтастырып жазайық:
«Топтастыру әдісі»
№ 25- сабақ Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жануарлардың топтарымен таныстыру, олар жайлы қысқаша мағлұмат беру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды білу;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру;
3.Қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Сөздік қорларын байыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне
не қажет?слайд
Құндылық: Табиғатқа құрмет пен жануарларды қорғау.
Күтілетін нәтиже: Жануарлар тіршілігі жөнінде көптеген мағлұмат алады.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
1. Сұрақ-жауап
-
Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде.
-
Өсімдіктің мүшелері және оның қызметі жайында айт.
-
Күзде жапырақ неге сарғаяды?
-
Шырынды және құрғақ жемістерге мысал келтір.
-
Өсімдікке не керек?
-
Өсімдіктердің көбею түрлері қандай? (тұқым, түйнек, пиязшық)
-
Жұмбақтар шешу 1)Мұхиттағы алып, Фонтанда балық. (Кит)
2)Өзінің үйі – қақпаны,
Шыбындарды аңдып жатқаны. (Өрмекші) 3)Үсті-басы жолақ,
Құйрығы шолақ. (Зебра)
-
Орманда жоғары Жерлерге қонады. Тұмсығын балға етіп
Ағашты соғады. (Тоқылдақ)
ІІ. Операциялық кезең
-
Слайд шоу «Жануарлар тіршілігі. Жануарлардыңтіршілігіне не қажет?1. 1.Жануарлардың топтары:
-
Сүтқоректілер
-
Құстар
-
Жорғалаушылар
-
Қосмекенділер
-
Балықтар
-
Бунақденелілер
-
-
Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайлар:
-
Ауа
-
Қорек
-
Жылу
-
Жарық
-
Су
-
-
Сүтқоректілер (1 сүтқоректінің суретін салу)
-
Сүтқоректілер ─ жануарлардың аздаған тобы.Олар құрлықта да, суда да өмір сүре береді. Олардың миы басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Құрлық
-
пен теңіздің ең үлкен сүтқоректілері ─ кит пен піл. Чемпион сүтқоректілер
-
Ең ірі кеміргіш
-
Су шошқасы
-
Ең ірі аю
-
Поляр аюы (500кг)
-
Ең ұйқышыл
-
Ұйқышыл тышқан
-
Ағашта тіршілік ететін ең ауыр сүтқоректі
-
Орангутанг (90 кг-ға дейін)
-
Құстар(1 құстың суретін салу)
-
Құстар ─ омыртқалы жануарлар.Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанатқа айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады.
-
Ұзақ өмір сүретін құстар:
Сібірлік ақ тырна, какаду және қаз рекорд жасап, 80 жыл өмір сүрген
-
Құс жұмыртқалары
-
Түйеқұс ең үлкен жұмыртқа салады.Оның жұмыртқасының ұзындығы – 20 см, одан 24 омлет дайындауға болады.
-
Ең кішкентай жұмыртқаны колибри салады. Оның ұзындығы 1 см.
-
Құстың миы ма, әлде ақылы ма?
-
Қарғалар мен көгершіндер қарапайым сандарды қоса алады.
-
Тотықұстар және қарала торғайлар адамның сөзін ұқсата алады, ал кейбір тотықұстар заттарды атап, санай алады.
-
Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер
(1 бауырмен жорғалаушы мен қосмекендінің суретін салу) Көптеген қосмекенділер ─ су жануарлары болып табылады.
-
Ал жорғалаушыларды құрғақ шөлейттерден де, батпақты жерлерден де ормандарда да табуға болады.
Ғажайып фактілер
-
Ірі қолтырауынның салмағы 450 кг тартады және 100 жастан астам өмір сүреді.
-
Ең ұзын бауырмен жорғалаушылар ─ жыландар.1912 жылы табылған өлі питоны өлшегенде 10 м-ді құраған.
-
Ең ауыр жылан ─ анаконда, салмағы 200 кг.
-
Балықтар (1 балықтың суретін салу)
Балықтар ─ судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Олардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
-
Ең үлкен балық ─ кит акуласы. Ол 18 метрге жетеді.Алайда салмағы 15 тоннаға дейін жететін кит акуласы тек ұсақ организмдермен ғана қоректенеді.
-
Бунақденелілер (1 бунақденелінің суретін салу)
Бунақденелілер кез келген жерде өмір сүреді және қорек талғамайды.Олардың басында көздері, аузы, екі мұртшасы орналасады. Бунақденелілердің көбісінің қанаттары бар.
Бунақденелілер туралы цифрлар Қоңыздар 400000
Көбелектер 165000
Құмырсқалар 140000
Шыбындар 120000
Cәйкестендіру тесті
Төмендегі жануарлардың қайсысы азықтың қай түрімен қоректенеді?
-
Тиін А. Ағаш, бұта жапырақтары
-
Қанқыз Ə.Бидай, жүгері дәндері
-
Құр Б.Өсімдік бітесі
-
Жұлдызқұрт В.Қарағайдың, шыршаның бүрі
-
Ит Г.Қарағай мен шыршаның қылқан жапырағы
-
Тауық Д.Ет
Қызыл кітап туралы қысқаша түсінік беру және онда кездесетін кейбір жануарларды көрсету
ІІІ.Рефлексия
-
Сабақтан өзіңе қандай құнды материал алдың?
-
Не түсінбедің?
-
Не білгің келеді?
Сабақ № 32 Оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы қорытынды тест тапсырмалары
I-нұсқа
Өтілген күні:
-
Қазақстан көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады? а) 7 ә) 8 б) 9
-
Жер беті жөніндегі карта:
а) табиғат зоналары ә) саяси әкімшілік б)физикалық
3.Қазақстанда көп кездеседі:
а) ойпат жерлер ә) төбелі жазықтар б) таулар 4.Республикамыздың солтүстігінде орналасқан-
а) сортаң далалар ә) батпақтанған жерлер б) құнарлы топырақты далалар
-
Каспий маңындағы ........а) тегіс жазық ә) төбелі жазықтар б) ойпат жерлер
-
Жазықтар болады а) тегіс, төбелі ә) жатық, тегіс б) аласа
,рельевті
-
Ауадағы ең көп таралған газ : а) азот ә) оттегі б) су булары
8) “Ауадай қажет” сөзі нені білдіреді?
а) көмір қышқыл газы ә) инертті газдар б) оттегі
-
Крахмал мен қантты түзу үшін өсімдіктерге қажетті газ: а) озон ә) көмір қышқыл газы б)
азот
-
Жердің беткі қабатындағы атмосфера құрамына кіреді ? а) су булары ә) бұлттар б) инертті
газдар
-
Атмосфера қабаттарынан кейін не басталады ?
а) су булары болмайтын кеңістік ә) бос кеңістік б) ауасыз кеңістік
-
Атмосфера құрамына кіретін , Жерді зиянды сәулеленуден қорғайтын газ: а) оттегі ә) озон б) азот 20
13.Ауа райының бір жерде жыл сайын қайталануы – бұл
а) жергілікті ауа райы ә) жергілікті климат б) жергілікті маусымдық өзгеріс
14)Ауа қабаты мен жердің өзара ықпалы неге байланысты ? а) ауа райына ә) бұлттылыққа б)
климатқа
-
Жылудың жер бетіне таралуына зор әсер етеді:
а) күн сәулесі ә) бұлттар б) жел
-
Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері-
а) саласы ә) арнасы б) сағасы
-
Жер бетінде неше мұхит бар? а) 2 ә) 3 б) 4
18) Ең суық мұхит: а) Атлант ә) Солтүстік мұзды мұхит б) Үнді
-
Ғаламшардағы ең үлкен мұхит: а) Атлант ә) Тынық б) Үнді
-
Жер бетінің су алып жатқан бөлігі... а) екіден бір ә) үштер екі б) төрттен екі
Орындаған оқушының аты-жөні:
II-нұсқа
-
Тиімді құм тоқтатқыш,қысқы азық, “тамырдағы шөп” деп атайды: а) құм қияғы ә) түйе ошаған б) ақсексеуіл
-
Шөл өсімдіктері арасында таптырмайтын күзгі және қысқы жайылымның негізгі азығы: а) құмқияқ ә) жусан б) сүттіген
-
Күріш,мақта,жүгері,жүзім өсіру үшін жалпы жағдай:
а) ылғал сүйгіш өсімдіктер ә) құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер б) жылу сүйгіш өсімдіктер
-
Бақша шаруашылығы қандай шөлді жерлерде дамыған ?
а) Қызылорда облысы ә) Оңтүстік Қазақстан облысында б) Алматы облысында
-
Солтүстік аудандарда жүгері не алу үшін өсіріледі? а) Жемшөп ә) Шөп б)
сүрлем
-
Күрішті негізінен қайда өсіреді?
а) Қызылорда облысында ә) Семей облысында б) Оңтүстік Қазақстан облысында
-
Еділбай тұқымы , оңтүстік –қазақ меринос тұқымы:
а) жылқы ә) қой б) ешкі
-
Шөптің биіктігі 3 м ,жапырақтары ұзын, жіңішке , сабағының ұшында масағы бар .Құрылыста ,сонымен қатар жылыту және орау материалы ретінде
пайдаланылады: а) қамыс ә) қоға б) құрақ 9.Суқоймасының үстін не толығымен жабады ? а) балдыр ә) балық оты б)
элодей
-
Су лилиясы: а) сары тұңғиық ә) лотос б) ақ тұңғиық
-
Жұмыртқасын суға салатын ғаламшардағы нң қомағай жыртқыш: а) сүңгуір қоңыз ә) инелік б)
суаршын
-
Күн төңірегінде Жермен бірге неше ғаламшар айналады? а) 7 ә) 9 б) 10 21
-
Күн төңірегінде айналатын ғаламшарлар :
а) құс жолын ә) ғарыш жүйесін б) күн жүйесін құрайды
-
Глобус - бұл : а) жердің бейнесі
ә) жердің кішірейтілген үлгісі б) жер бетінің кішірейтілген бейнесі
-
Біздің мемлекетіміз Қазақстан қайда орналасқан ?
а) Азияда ә) Еуропада б) Еуразияда
-
Мұздық құрлық деп қай құрлықты атайды? а) Антрактида ә) Арктика б) Австралия
-
Ең ыстық құрлық а) Австралия ә) Оңтүстік Америка б) Африка
-
Барлық жануарларды неше топқа бөлуге болады ? а) 2 ә) 3 б) 4
19 Қос мекендіні тап. а) жылан ә) бақа б) кесіртке
20.Шалғын жануарын ата: а) ақбөкен ә) түлкі б) бөдене
Орындаған оқушының аты-жөні:
Оқушылардың білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
|
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
|
I нұсқа |
б |
ә |
а |
б |
а |
а |
ә |
а |
б |
б |
ә |
а |
ә |
а |
б |
а |
а |
б |
ә |
б |
|
II нұсқа |
б |
б |
б |
ә |
б |
б |
а |
б |
ә |
а |
а |
ә |
ә |
б |
б |
б |
а |
б |
ә |
а |
Қорытынды
Үйірме жоспарындағы берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылылықтарын арттырып қана қоймай,қиялын,логикалық ойлауын,
сөйлеу тілін дамытуға ерекше көңіл бөлген дұрыс деп айтамын.
Жинақталған құралда тапсырмалар оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай,оны байқағыштыққа,
шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Əр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.
Беріліп отырған материалдың алуан түрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады.Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат, экскурсия, сайыс, дөңгелек үстел т.б. сабақтардың формалары ұсынылады. Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде қабылдауға, оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалды. Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады.
Оқушылардың дүниетану пәні бойынша білім көрсеткішіне салыстырмалы талдау.
-
Оқу жылы
сыныбы
Оқушы саны
Білім көрсеткіші
2022-2023 ж.
2
18
77%
2023-2024 ж.
3
17
87%
2024-2025 ж.
4
16
87%

2024-2025 ж
2023-2024 ж
2022-2023 ж
90
80
70
60
50
40
30
20
10
0
Пайдаланылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 2010 жыл
-
«Білім туралы» Заң ҚР Астана , 2008жыл.
3.1-4 сыныптарға арналған «Жаратылыстану» бағдарламасы. Астана 2013жыл.
5.4сыныпқа арналған дүниетану әдістемесі.Алматыкітап 2011жыл.
-
«Менің елім Қазақстан». Алматы 2003 жыл.
-
«Балалардың Жаңа энциклопедиясы». Алматыкітап 2012жыл.
-
«Мен және бәрі,бәрі,бәрі» «Аруна» баспасы 2006жыл.
-
«Дүниетану» оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер.
-
сынып. Алматы 2010жыл.
-
КовшарьА.Ф.Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен.Алматы. Алматыкітап ААҚ.2004жыл.
-
Бастауыш мектеп. 2008жыл. №2 10-11-беттер
Мұғалімдерге арналған әдебиеттер
-
«Табиғатпен таныстырудың әдістемесі» – бастауыш сынып мұғалімдері үшін экологиялық сабақтарды жүргізу әдістемесі. (Алматы, 2016 ж.)
-
«Бастауыш сыныпта табиғат пен экологияны оқыту» – теориялық және практикалық нұсқаулар. (Астана, 2018 ж.)
-
«Экологиялық тәрбие және шығармашылық сабақтар» – табиғатты қорғауға, жануарлар мен өсімдіктерді танытуға арналған сабақ жоспарлары мен тапсырмалар жинағы. (Алматы, 2017 ж.)
-
Ковшарь А.Ф. «Қазақстанның Қызыл кітабы: оқыту және таныстыру әдістемесі» – мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. (Алматы, 2004 ж.)
-
«Ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды бастауыш сыныпта оқыту» – қазақ ұлттық киімдері, салт-дәстүрлер тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқаулық. (Алматы, 2015 ж.)
-
«Жануарлар мен өсімдіктер әлемін оқыту әдістемесі» – жануарлардың тіршілігі, қорықтар, пайдалы қазбалар бойынша сабақтарға арналған әдістемелік материалдар. (Астана, 2019 ж.)
-
«Бастауыш сыныпта экологиялық ойындар мен сарамандық жұмыстар» – практикалық сабақ жоспарлары мен шығармашылық тапсырмалар. (Алматы, 2020 ж.)
-
«Табиғатты қорғау сабақтары: әдістемелік жинақ» – табиғатты сақтау, су ресурстарын үнемдеу, қорықтарды таныстыру бойынша сабақтарға арналған әдістемелік құрал. (Алматы, 2018 ж.)
-
«Дүниетану мен экология сабақтарын ұйымдастыру» – оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға арналған нұсқаулық. (Астана, 2020 ж.)
-
«Пайдалы қазбаларды оқыту: әдістемелік ұсыныстар» – сабақ жоспары, ойын, кестелер мен практикалық тапсырмалар жинағы. (Алматы, 2017 ж.)
Оқушыларға арналған әдебиеттер
-
«Табиғатты таны» – бастауыш сынып оқушыларына арналған экологиялық оқу құралы.
(Алматы: «Аруна» баспасы, 2015 ж.)
-
«Менің жасыл әлемім» – табиғат, өсімдік пен жануарлар әлемі туралы танымдық кітап.
(Алматыкітап, 2018 ж.)
-
«Қызықты экология» – балаларға арналған суретті энциклопедия.
(Алматы: «Фолиант», 2019 ж.)
-
«Жануарлар әлемі» балалар энциклопедиясы.
(Алматы: «Алматыкітап», 2016 ж.)
-
«Мен және табиғат» жұмыс дәптері.
(1–4 сыныптарға арналған тапсырмалар жинағы. Алматы, 2020 ж.)
-
«Дүниетану» (1–4 сынып оқулығы) – ҚР БҒМ бекіткен оқу құралы.
(Астана: «Мектеп», соңғы басылым)
-
Ковшарь А.Ф. «Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен».
(Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2004 ж.)
-
«Менің елім – Қазақстан» – туған өлке табиғаты мен мәдениеті туралы балаларға арналған кітап.
(Алматы, 2010 ж.)
-
«Балалардың жаңа энциклопедиясы» – табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы.
(Алматыкітап, 2012 ж.)
-
«Табиғатты қорғау – өз үйіңді қорғау» (әңгімелер мен өлеңдер жинағы).
(Балаларға арналған экологиялық әдебиет, 2017 ж.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз