Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бізді қоршаған орта" үйірмесінің бағдарламасы 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған дүниетану бойынша "Бізді қоршаған орта" үйірмесінің бағдарламасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті














«Бізді қоршаған орта»

үйірмесінің бағдарламасы


4 сынып





К.Б.Куспанованың іс – тәжірибесінен













Орал, 2016




Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №1 04.03.2016 жыл









Құрастырған:

Куспанова К.Б Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі

бастауыш сынып мұғалімі



Рецензенттер:


Пікір жазған:

Сагынаева Д.Қ. БҚО ББОӘК әдіскері

Исеева А.Е. Ақжайық БББ әдіскері







Ұсынылып отырған үйірме жоспары 4- сынып оқушыларына арналған.

Бұл үйірме жоспары дүниетану пәнінін терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда көмекші қызмет атқарады.

Бұл жинаққа оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге, қосымша пәндерді терең меңгеруге, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар енгізілген. Осындай тапсырмалар арқылы өз пікірі бар, құзыретті тұлға тәрбиелеуге, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеруге болады

Аталған үйірме жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне арналып жасалған.

.

.









Мазмұны



1.Түсінік хат ____________________________________4


2. Курстың мазмұны мен құрылымы __________________ 5 - 6


3.Күнтізбелік - тақырыптық жоспар __________________7 - 8


4.Сабақ жоспарларының үлгілері____________________ 9 - 25


5.Қорытынды _________________________ 26


5 Қолданылған әдебиеттер _________________________27






































Кіріспе


Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал.      Менің  ұстаздық тәжірибемде, оқыту-тәрбиелеу  барысында алдыма қойған мақсатым – әлемнің  бүтіндей  бейнесін  қабылдай  алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасайтын  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай  алатын   шығармашыл  тұлға  қалыптас-

тыру.

    Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технология-

ны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың негізгі міндеті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру,білім беру бүгінгі таңда отбасының, мектептің барша елдің, халықтың міндеті» деген болатын.Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру

әр ұстаздың негізгі міндеті.

Үйірменің мақсаты – бізді қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту. «Бізді қоршаған орта» бағдарламасы оқулықтың мазмұнын толық ашуға көмек беру мақсатын және оқушының танымдық қабілетін дамытуды көздейді. Беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады.Сондықтан, бұл үйірме жұмысы оқушылардың 4 сыныпта алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып,дағдысын қалыптастыруға арналған.

Оқушылардың қоршаған ортаны, табиғатты, өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемін ұғынуға, өзінің туған жерін, Отанын танып білуге бағыт-бағдар беру арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
















Түсінік хат

Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және Қазақстан жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады.

Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі мақсаты – тәрбиелі де білімді өз-өзіне сенімді,жаңаша,тәуелсіз ойлай алатын,өзіндік шешім қабылдай алатын, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру –баланың білім игеру кезіндегі өзіндік іс- әрекеттері мен ізденуін белсендіріп, шығармашыл қабілетін дамыту арқылы шешілмек. Шығармашылық шеберлікті бірден, тек сабақ үстінде дамыту мүмкін емес. Сол себепті танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып бір жүйеге келтіру керек.

Бастауыш сынып - баланың дүниетанымын,логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бала ақыл-ойының даму үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі,есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.

Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің алатын орнын ерекше.Өйткені, дәстүрлі мәдениетте халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеуге ,тілдерін дамыта түсу,олардың үлгі өнегесін бойларына дарыту басты мақсат.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы М.Әуезов. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, қоршаған ортаныңқұдіретін

түсініп,табиғат пен адамарасындағы байланысты ұғындырып, табиғат және оның байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Бізді қоршаған орта»курсы бойынша бағдарлама 4 сыныпта аптасына

1 сағаттан,барлығы 34 сағат.














Мақсаты:

  • Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

Оқушыларға қоршаған ортаның бір–бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру

  • Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып- үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру.

  • Оқушыны өз пікірі бар, құзыретті тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу.

  • Оқушыға сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың ойлау мен танымдық қызметі, түсініктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Ауызша, жазбаша әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқулық арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын, дүниетанымын молайту.

Адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс


Күтілетін нәтиже:

  • Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамиды.

  • Оқушылар оқу материалын негізге ала отырып, көрген – білгенін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шешен сөйлеуге жаттығады. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

  • Оқушылардың өзіндік ізденісі нәтижесіндегі күнделікті өмірдегі оқиғаларды және фактілерді түсінуі арқылы танымдық қызығушылығы дамиды, зерттеу, тұжырым жасау дағдылары қалыптасады және назар аудару, елестету,есте сақтаулары арта түседі.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, өзін – өзі тану, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.


Курсты ұйымдастыру формасы:

Іздену, есептеу, пікір алмасу, топпен жұмыс, танымжорық, зерттеу жұмысы әдістерін пайдалану.


Курсты қорытындылау формасы:

Өз тұжырымдары,есептеулері, ізденістерін презентациялау, тест, сайыс түрінде.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

  • Рефлексия.Өз - өздерін бағалау, сайыс, тест



Арнайы курстың мазмұны мен құрылымы.



І.Қазақстан тарихынан. (5с.)

Қазақ мемлекеті (хандығы). Егеменді қазақ елі.Үш би, билік айту өнері. Шешендік өнер.


ІI. Салт -дәстүр,әдет- ғұрып. (5с.)

Қазақтың киіз үйі. Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар мен тыйымдар. Ұлттық музыкалық аспаптар. Ұлттық ойындар. Сандар мағынасы.


ІІІ.Қазақ батырлары, өнер қайраткерлері. (4с.)

Қазақ батырлары. Қару- жарақ атаулары. Ақын-жыраулар, күйшілер.

ІV. Біз –табиғат қорғаны (8)

Табиғат сыйы. Пайдалы қазбалар. Су-тіршілік көзі. Экологиялық проблемалар. Кездейсоқ оқиғадан шығу. Тау жыныстары мен минералдар.


V. Өсімдік пен жануарлар әлемі. (6с.)

Қазіргі экологиялық жағдайлар. Қазақстан қорықтары. Ұлттық бақтар. Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтар. Табиғат достарының ережелері.Танымжорық


VІ.Туған ел .Отан (3с.)

Отан отбасынан басталады. Адам және мәдениет. Қазақстан –

ғарыштық мемлекет.


VІІ. Қорытынды. (3с.)

Тест . «ХI ғасыр көшбасшысы» сайысы. «Білгіштер клубы»


















Курс бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 4 сынып.

(Барлығы 34 сағат. Аптасына 1 сағат.)


Тақырыбы

Сағат

саны

Күтілетін

нәтиже

Уақыт

І.Қазақстан тарихынан 5 сағ

1

Қазақ мемлекеті (хандығы)

1

Қазақ халқының егемендікке жету жолындағы күрескер, ұлылардың өмірімен жете танысу арқылы батыл, шешен,

қайсар, ержүректік қасиеттері дамиды.


2

Егеменді қазақ елі

2


3

Үш би, билік айту өнері

1


4

«Шешендік өнер» әліппесі

1


ІI. Салт –дәстүр,әдет- ғұрып 5 сағ

1

Қазақтың киіз үйі

1

Қазақтың салт-дәс түр,әдет- ғұрып нақыштарын сақтап қалу үшін ат салы сады. Ұлтымыздың басқа елдерден ерекшелігін айқын дайтын белгілерді анықтайды.


2

Ұлттық киімдер,оған қатысты ырымдар мен тыйымдар

1


3

Ұлттық музыкалық аспаптар

1


4

Ұлттық ойындар.

1


5

Сандар мағынасы

1



ІІІ.Қазақ батырлары, өнер қайраткерлері 4 сағ

1

Қазақ батырлары

1

Қазақ халқының батырлары,өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалап оларды үлгі тұтады.


2

Қару- жарақ атаулары

1


3

Ақын-жыраулар,

күйшілер

2


ІV. Біз –табиғат қорғаны 8 сағ

1

Табиғат сыйы

1

Табиғат сыйын, байлығын қорғай біледі, Экология

лық проблемалар ды шешу жолда рында өз үлес терін қосуға тыры сады. Өңіріміз

дегі тау жыныс тары, минералдар туралы мәлімет жинақтай алады.


2

Пайдалы қазбалар

1


3

Су –тіршілік көзі

2






4

Экологиялық проблемалар (дөңгелек үстел, пікірталас)

2


5

«Кездейсоқ оқиғадан шыға білу»шығарма-

шылық сабақ

1


6

Миниралды сулар.Сарыағаш шипажайы.

1


V. Өсімдік пен жануарлар әлемі 6 сағ

1

Қазіргі экологиялық жағдайлар

«Іскерлік ойын»

1

Қазақстан қорықтары мен

ұлттық бақтарын қорғау, сақтауға тырысады.

Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтардың қазіргі жағдайын біліп отырады.


2

Қазақстан қорықтары

1


3

Жануарлар тіршілігі.Жануарлар тіршілігіне не қажет

1


4

Қызыл кітап құпиясы

1



5

Табиғат достарының ережелері

1


6

Танымжорық

1


VІ.Т

VI. Туған ел. Отан 3 сағ

1

Отан отбасынан басталады

1

Туған еліміздің мәдениетін жоғары деңгейде ұстайды. Бәсекелестікке қабілетті бола алады.


2

Адам және мәдениет

1


3

Қазақстан – ғарыштық мемлекет.

1


VІІ.Қорытынды. 3 сағ

1

Тест


Өткен материалдарды қайталайды, өз білім деңгейлерін қөрсетеді


2

«ХI ғасыр көшбасшысы» сайысы



3

«Білгіштер бекеті» сайысы























Сабақ жоспарының үлгілері

Сабақ №7 Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер,оған қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халықтың өткен тарихына көз жібере отырып, ой-өрісін, ұлттық өнерге, киімге қызығушылығын ояту.
Ұлттық киімдердің түрімен, киімге салатын ою түрімен танысу.
Дәстүрді насихаттау, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,пікірталас,әңгімелеу, жасап көрсету.
Сабақтың түрі: Сарамандық

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, «Ұлттық киім» альбом, дайын киімдер үлгілері, зергерлік бұйымдар, түрлі қағаз бен желім.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

II.Қызығушылығын ояту

Сұрақ- жауап: -Ұлттық киімді қай кезде киеміз?

-Қандай ерекшілігі бар?

III. Нақты ұғым беру

Қазақтың ұлттық киімдерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Іштік киім
2. Сыртқы киім
3. Сулық киім
4. Ерлер бас киімі

5.Әйелдер бас киімі
6.Аяқ киімдер

Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою - өрнегі және кестесімен, басқа халыққа ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түсті жіп.
Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілірінен жасап, барқыт қылсым, атласпен тыстайды. Тышоң бөріктердің бірнеше түрі бар.

Тымақ – Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық

болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «Қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді.

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар:

1. Киім кию оң қолдан басталады.

2.Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.

3.Көпшілік алдында жалаңаш- жалпы жүруге болмайды.

4.Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.

5.Киім киюдің алдында оны сілку керек.

6.Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.

7.Шалбарды және етікті отырып киеді.

8.Киімнің жағасын басуға болмайды.

9.Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.



10.Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

11.Бас киімді босағаға емес төрге іліп қояды.

12.Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.

IV.Бекіту

Шығармашылық жұмыстар.

-Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің ?

-Ерлер мен әйелдердің киімдеріндегі ерекшеліктер қандай?

-Ұлттық киімдерге байланысты қандай нақыл сөздер айтуға болады?

- Қандай ереже, қағида айтуға болады?

V.Қорытынды

Сарамандық жұмыс

- Сырт киімдер моделін суретте көрсетілген үлгі бойынша құрастырыңдар.

- Өз бетінше қазақ халқының киім үлгілерін жасау.
- Көрме ұйымдастыру.


14 сабақ Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсаты:   Пайдалы қазбалардың  түрлерімен  таныстыру.

Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.Өз ойларын ашық

білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын,

танымдық қабілетін дамыту.

Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекілігі Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер, слайд

Пәнаралық  байланыс:  Әдебиеттік оқу, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру 

  • Психологиялық дайындық.

  • Қайырлы күн деп айтамыз

  • Түсте бірге қайтамыз

  • Отбасының гүліміз

  • Көңілді өтер күніміз

3топқа бөлу

  • 1 топ – «Әктас», 2 топ – «Күміс», 3 топ – «Қола».

Өткен сабақты еске түсіру












Shape1

Есте сақта!

«Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»

ІІІ Кіріспе

Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай3 ке бөлінеді.


Пайдалы қазбалар



Shape4 Shape3 Shape2



Жанғш

Кенді

Кенге жатпайтын


Shape7 Shape6 Shape5




Тас, көмір,

мұнай,газ


Темір,мыс,қорға-сын,алюминий,

алтын,күміс

Тұз,әктас,мәрмәр,

гранит,құм,саз






1.Жанғыш пайдалықазбалар

2.Кенді пайдалы қазбалар

3.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтпаев

Қазақтың тұңғыш геологы Қаныш Сәтпаев туралы әңгімелесу

Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында

алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.
Оқушы ойын тыңдау

І топ:  Жанғыш  пайдалы қазбалар.

ІІ топ:  Кен пайдалы қазбалар.

ІІІ топ:  Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Сурет бойынша жұмыс

Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту

Пайдалы қазбалардың шартты белгілері:

- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.

Тас көмір - Мұнай- Shape9 Газ- Shape10 Темір - Shape11 Алтын - Shape12

Мыс - Shape13 Тұз - Shape14 Әктас - Shape15 Саз -Shape16 Алюминий – А


Дәптермен жұмыс:

Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу

Ойын «Сен –маған, мен-саған» сұрақ қою

ІV. Сабақты қорытындылау:

Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.

Таскөмір, құм, мұнай, саз, темір, әктас

1. Жанғыш 9. Су өткізгіш

2. Қатты 10. Сусыма

3. Сұйық 11. Судан жеңіл

4. Судан ауыр 12. Газтәріздес

5. Қара түсті 13. Ақ түсті

6. Сары түсті 14. Ериді

7. Морт сынғыш 15. Созылмалы

8. Иісі бар 16. Су өткізбейді

Shape17

Пайдалы қазбалар ҚАЗБАЛАР

17. Қоңыр түсті



Shape19 Shape20 Shape18


Shape23 Shape22 Shape21

Кенге жатпайтын пайтынжатпайтын

Кенді

Жанғыш



көмір,шымтезек,темір,қорғасын,гранит,әктас,мұнай,табиғигаз мыс,алтын,алюминийқұм,саз,тұз

VІ. Оқушыларды бағалау.


15 Сабақтың тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

 Сабақтың мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

-Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)       

-Дұрыс айтасыңдар әрине. Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады).

-Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! -Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

-Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

  1. Судыңда сұрауы бар.

  2. Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

  1. Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

  1. Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

  1. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт)

- Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)







(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік.

I Тәжірибе «Су — мөлдір»

Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған

ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».


Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

-Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….

I Сиқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.

 1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді               Жақсылап ерітемін.




3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып

жүреді.

II Сиқыр (фокус) көрсету:

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

 Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында»

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша)

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.

Сабақты қорытындылау:  

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)







Су түссіз, бояу қосқанда өзгереді.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.


18 сабақ Сабақтың тақырыбы:Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы.

Сабақтың мақсаты:Қазақстанның минералды су көздері туралы және Сарыағаш

шипажайы туралы түсінік беру. Минералды су көздерінің маңызын түсіндіру.

Табиғатты қорғауға және оны аялай білуге, Отанға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: бөтелкедегі минералды су, суреттер

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Өлмейтін мәңгі ұраны.

ІІ.Үй жұмысын тексеру: картадан теңіз,көлдерді көрсету.

ІІІ. «Ой қозғау» Сөзжұмбақ

  1. Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Сұрақтар:

  1. Судың қатты күйі./ мұз/

  2. Құз бен тастың бұзылуынан, температура, су, жел, өсімдіктер

  3. салдарынан жер бедерінің өзгеруі қалай аталады?/табиғи/

  4. Жанармай алынатын майлы, қоймалжын зат. /мұнай/

  5. Қазба жұмысын жүргізетің адам. /археолог/

  6. Төбелер, таулар физикалық картада қандай түспен көрсетілген?

  7. /жасыл/

  8. 500м биік /тау/

  9. Ойпат физ.картада қандай түспен көрсетілген?

  10. Шойынды бөліп алу үшін қандай пеш қажет?

  11. Қызғылт түсті қызғылт металл?

  12. Қарағандыда өндірілетің пайдалы қазба. /көмір/

  13. Жер беті алғашқыда газдан және неден тұрды?

  14. Мысты басқа металдарға қосу арқылы алатын металл. /қола/

15.Картада ақ мұнара таңбасымен белгіленетің қазба байлық атауы. /газ/

16.Жердің беткі бетінің қабатының пішіні. /бедер/

Жауабы: минералды сулар.

-Кез келген адам судың қасиетің білуі қажет. Бұл адам үшін маңызды. Сусыз тіршілік жоқ. Су – жердің негізгі байлықтарының бірі. Егер тұщы су жойылып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді.


2. Судың құрамын көрсету.

Судың құрамы

Оттегі

Сутегі





3.Топ бойынша жұмыс.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.

1 - ші топ:Ыстық минералды су көздері.

2–ші топ: Бұлақтар.

3 - ші топ: Сарыағаш шипажайы.

4.Осы тұста оқушылардың зерігіп кетпесі үшін сергіту сәті өткізіледі.

Олар өзен мен көлдерге байланысты

жұмбақтар шешіп, жазылғансұрақтар

ға жауап беріп, аталған өзен-көлдерді картадан көрсетеді.

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы ? (Аққу)

Сурет артындағы сұрақ:

Каспий теңізіҚазақстанның қай тұсында орналасқан?


К еудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

Сурет артындағы сұрақ: Арал теңізі Қазақстанның қай   

т ұсында орналасқан?


Суға батпайды, қолға ұстатпайды. (Балық)

Сурет артындағы сұрақ: Балқаш көлі

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

Тәулік бойы бақалап,

Мезгілімен жатпайды. (Бақа)


Сурет артындағы сұрақ: Зайсан көлі

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

                                         

Шуға бөлеп жағаны,

Қ анаттарын қағады.

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді. (Шағала)

Сурет артындағы сұрақ: Есіл өзені Қазақстанның

қай тұсында орналасқан?

5. Сарамандық жұмыс.

Алдарында тұрған судың дәмін татып көріп, өз пікірлерін айту.


XX ғасырда ұдайы өсіп келе жатқан техногендік әрекеттерге байланысты экологиялық жағдай күрт шиеленісті. Жер бетіндегі сулар ластанды. Осындай жағдайға байланысты жер асты суларының маңызы өте күшейді. Әсіресе адамзатты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейінгі екінші орында. Судың еріткіш рөлі аса зор. Жер қойнауындағы

химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады.

Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”, т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді.

Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары екіге бөлінеді:
І. Грунт
ІІ. Артезиан
Мойынқұмда 300 - 500м тереңдікте 50 мың шаршы км жер асты теңізі бар. Қазақстанда Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан және

300 - ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталды.

6. Қосымша тапсырма.

1-ші топ Артезиан суы

2-ші топ Грунт суы

3-ші топ Минералды су
Қорытынды:
Экологиялық есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осылай

тұра берсе 1 сағатта және 1 тәулікте қанша литр су бекерге ағып шығын болады?

Бағалау.





20 Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның қорықтары»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтарымен танысу. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру. Оқушылардың өздері дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту. Балаларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, көрнекілік, ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, сурет салу.
Сабақтың көрнекіліктер: интерактивті тақта, ребус.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, солармен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық.
2 - слайд тақтадағы ребусты шешкізу:
- Балалар, қазақстанда неше қорық бар?
Қане, атап жіберейікші.
3 – слайд көрсетіледі
Қорықтар:
1) Ақсу – Жабағылы қорығы
2) Барсакелмес қорығы
3) Марқакөл қорығы
4) Үстірт қорығы
5) Батыс Алтай қорығы
6) Алакөл қорығы
7) Қорғалжың қорығы
8) Алматы қорығы
9) Наурызым қорығы
4 - слайд
I – топ Ақсу – Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы.
II – топ Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы.
III – топ Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл қорығы.
Сергіту сәті:
Музыка ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы тыңдайды.
Тыңдап болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не естіді соны айтқызу.
Қорықтар дегеніміз не?
Қорық деп – өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты айтамыз.
Видео роликті көрсету.
Картадан қорықтарды тапқызу.
«Мазайка» ойынын ойнату.
5 - слайд « Қызғылт фламинго» суреті шығады
Сұраққа жауап:
1. Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық ( Қорғалжын)




5. Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс - Алтай)

6. Наурызым орығы қайда орналасқан? (Қостанай)
Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
1. Құмырсқаның илеуін бұзба.
2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
3. Аққуды атпа.
4. Жас шыбықты кеспе.
5. Құстың ұясын бұзба.
6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
«Сандар сөйлейді» ойыны 7 - слайд
12, 98, 19, 227, 9, 1, 64, 04, 14, 0.
Жауабы: Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрібар.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған.
Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар.
Алматы қорығы1964 жылы құрылған.

Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.
Туған жерге, табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?


Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке
Ел жүрген жер мереке.

Жер көңді жақсы көреді
Ат жемді жақсы көреді.

Табиғат - халық қазынасы
Табиғатсыз адамның күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта қорықтарды қорғау туралы не білдік, соны топтастырып жазайық:

«Топтастыру әдісі»













25- сабақ Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жануарлардың топтарымен таныстыру, олар

жайлы қысқаша мағлұмат беру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды білу;

2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру;
3.Қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Сөздік қорларын

байыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?слайд
Күтілетін нәтиже: Жануарлар тіршілігі жөнінде көптеген мағлұмат алады.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту

1. Сұрақ-жауап
─ Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде.
─ Өсімдіктің мүшелері және оның қызметі жайында айт.
─ Күзде жапырақ неге сарғаяды?
─ Шырынды және құрғақ жемістерге мысал келтір.
─ Өсімдікке не керек?
─ Өсімдіктердің көбею түрлері қандай? (тұқым, түйнек, пиязшық)
2.Жұмбақтар шешу
1)Мұхиттағы алып,
Фонтанда балық. (Кит)
2)Өзінің үйі – қақпаны,
Шыбындарды аңдып жатқаны. (Өрмекші)
3)Үсті-басы жолақ,
Құйрығы шолақ. (Зебра)
4)Орманда жоғары
Жерлерге қонады.
Тұмсығын балға етіп
Ағашты соғады. (Тоқылдақ)
ІІ. Операциялық кезең

1.Слайд шоу «Жануарлар тіршілігі. Жануарлардыңтіршілігіне не қажет?1.

1.Жануарлардың топтары:
• Сүтқоректілер
• Құстар
• Жорғалаушылар
• Қосмекенділер
• Балықтар
• Бунақденелілер
1.2. Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайлар:
• Ауа

Қорек

Жылу

Жарық

Су

1.3. Сүтқоректілер (1 сүтқоректінің суретін салу)
• Сүтқоректілер ─ жануарлардың аздаған тобы.Олар құрлықта да, суда да өмір сүре береді. Олардың миы басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Құрлық пен теңіздің ең үлкен сүтқоректілері ─ кит пен піл.

Чемпион сүтқоректілер
• Ең ірі кеміргіш

Су шошқасы
• Ең ірі аю

Поляр аюы (500кг)

Ең ұйқышыл

Ұйқышыл тышқан
• Ағашта тіршілік ететін ең ауыр сүтқоректі
• Орангутанг (90 кг-ға дейін)
1.4. Құстар(1 құстың суретін салу)
• Құстар ─ омыртқалы жануарлар.Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанатқа айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады.
Ұзақ өмір сүретін құстар:
Сібірлік ақ тырна, какаду және қаз рекорд жасап, 80 жыл өмір сүрген
• Құс жұмыртқалары
• Түйеқұс ең үлкен жұмыртқа салады.Оның жұмыртқасының ұзындығы – 20 см, одан 24 омлет дайындауға болады.
• Ең кішкентай жұмыртқаны колибри салады. Оның ұзындығы 1 см.
• Құстың миы ма, әлде ақылы ма?
• Қарғалар мен көгершіндер қарапайым сандарды қоса алады.
• Тотықұстар және қарала торғайлар адамның сөзін ұқсата алады, ал кейбір тотықұстар заттарды атап, санай алады.
1.5. Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер

(1 бауырмен жорғалаушы мен қосмекендінің суретін салу)

Көптеген қосмекенділер ─ су жануарлары болып табылады.
• Ал жорғалаушыларды құрғақ шөлейттерден де, батпақты жерлерден де ормандарда да табуға болады.
Ғажайып фактілер
• Ірі қолтырауынның салмағы 450 кг тартады және 100 жастан астам өмір сүреді.
• Ең ұзын бауырмен жорғалаушылар ─ жыландар.1912 жылы табылған өлі питоны өлшегенде 10 м-ді құраған.
• Ең ауыр жылан ─ анаконда, салмағы 200 кг.
1.6. Балықтар (1 балықтың суретін салу)
Балықтар ─ судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.

Олардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.

Ең үлкен балық ─ кит акуласы. Ол 18 метрге жетеді.Алайда салмағы 15 тоннаға дейін жететін кит акуласы тек ұсақ организмдермен ғана қоректенеді.
1.7.Бунақденелілер (1 бунақденелінің суретін салу)
Бунақденелілер кез келген жерде өмір сүреді және қорек талғамайды.Олардың басында көздері, аузы, екі мұртшасы орналасады. Бунақденелілердің көбісінің қанаттары бар.
Бунақденелілер туралы цифрлар
Қоңыздар 400000
Көбелектер 165000
Құмырсқалар 140000
Шыбындар 120000
Cәйкестендіру тесті
Төмендегі жануарлардың қайсысы азықтың қай түрімен қоректенеді?
1.Тиін А.Ағаш, бұта жапырақтары

2.Қанқыз Ә.Бидай, жүгері дәндері
3.Құр Б.Өсімдік бітесі
4.Жұлдызқұрт В.Қарағайдың, шыршаның бүрі
5.Ит Г.Қарағай мен шыршаның қылқан жапырағы
6.Тауық Д.Ет

.Қызыл кітап туралы қысқаша түсінік беру және онда кездесетін кейбір жануарларды көрсету
ІІІ.Рефлексия
─ Сабақтан өзіңе қандай құнды материал алдың?
─ Не түсінбедің?
─ Не білгің келеді?


Сабақ № 32 Оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы

қорытынды тест тапсырмалары

I-нұсқа

Өтілген күні:__________

1.Қазақстан көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады?

а) 7 ә) 8 б) 9

2.Жер беті жөніндегі карта:

а) табиғат зоналары ә) саяси әкімшілік б) физикалық

3.Қазақстанда көп кездеседі:

а) ойпат жерлер ә) төбелі жазықтар б) таулар

4.Республикамыздың солтүстігінде орналасқан-

а) сортаң далалар ә) батпақтанған жерлер б) құнарлы топырақты далалар

5) Каспий маңындағы ........а) тегіс жазық ә) төбелі жазықтар б) ойпат жерлер 6. Жазықтар болады а) тегіс, төбелі ә) жатық, тегіс б) аласа ,рельевті

7.Ауадағы ең көп таралған газ : а) азот ә) оттегі б) су булары

8) “Ауадай қажет” сөзі нені білдіреді?

а) көмір қышқыл газы ә) инертті газдар б) оттегі

9.Крахмал мен қантты түзу үшін өсімдіктерге қажетті газ:

а) озон ә) көмір қышқыл газы б) азот

10.Жердің беткі қабатындағы атмосфера құрамына кіреді ?

а) су булары ә) бұлттар б) инертті газдар 11)Атмосфера қабаттарынан кейін не басталады ?

а) су булары болмайтын кеңістік ә) бос кеңістік б) ауасыз кеңістік

12)Атмосфера құрамына кіретін , Жерді зиянды сәулеленуден қорғайтын газ:

а) оттегі ә) озон б) азот 20

13.Ауа райының бір жерде жыл сайын қайталануы – бұл

а) жергілікті ауа райы ә) жергілікті климат б) жергілікті маусымдық өзгеріс

14)Ауа қабаты мен жердің өзара ықпалы неге байланысты ?

а) ауа райына ә) бұлттылыққа б) климатқа

15.Жылудың жер бетіне таралуына зор әсер етеді:

а) күн сәулесі ә) бұлттар б) жел 16.Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері-

а) саласы ә) арнасы б) сағасы

17.Жер бетінде неше мұхит бар? а) 2 ә) 3 б) 4

18) Ең суық мұхит: а) Атлант ә) Солтүстік мұзды мұхит б) Үнді 19. Ғаламшардағы ең үлкен мұхит: а) Атлант ә) Тынық б) Үнді 20.Жер бетінің су алып жатқан бөлігі... а) екіден бір ә) үштер екі б) төрттен екі

Орындаған оқушының аты-жөні:__________________________


II-нұсқа


1.Тиімді құм тоқтатқыш,қысқы азық, “тамырдағы шөп” деп атайды:

а) құм қияғы ә) түйе ошаған б) ақсексеуіл

2.Шөл өсімдіктері арасында таптырмайтын күзгі және қысқы жайылымның

негізгі азығы: а) құмқияқ ә) жусан б) сүттіген

3.Күріш,мақта,жүгері,жүзім өсіру үшін жалпы жағдай:

а) ылғал сүйгіш өсімдіктер ә) құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

б) жылу сүйгіш өсімдіктер

4.Бақша шаруашылығы қандай шөлді жерлерде дамыған ?

а) Қызылорда облысы ә) Оңтүстік Қазақстан облысында б) Алматы облысында

5. Солтүстік аудандарда жүгері не алу үшін өсіріледі?

а) Жемшөп ә) Шөп б) сүрлем

6.Күрішті негізінен қайда өсіреді?

а) Қызылорда облысында ә) Семей облысында б) Оңтүстік Қазақстан облысында

7.Еділбай тұқымы , оңтүстік –қазақ меринос тұқымы:

а) жылқы ә) қой б) ешкі

8. Шөптің биіктігі 3 м ,жапырақтары ұзын, жіңішке , сабағының ұшында масағы бар .Құрылыста ,сонымен қатар жылыту және орау материалы ретінде пайдаланылады: а) қамыс ә) қоға б) құрақ

9.Суқоймасының үстін не толығымен жабады ?

а) балдыр ә) балық оты б) элодей

10.Су лилиясы: а) сары тұңғиық ә) лотос б) ақ тұңғиық

11. Жұмыртқасын суға салатын ғаламшардағы нң қомағай жыртқыш:

а) сүңгуір қоңыз ә) инелік б) суаршын

12.Күн төңірегінде Жермен бірге неше ғаламшар айналады?

а) 7 ә) 9 б) 10 21

13. Күн төңірегінде айналатын ғаламшарлар :

а) құс жолын ә) ғарыш жүйесін б) күн жүйесін құрайды 14.Глобус - бұл : а) жердің бейнесі ә) жердің кішірейтілген үлгісі б) жер бетінің кішірейтілген бейнесі

15.Біздің мемлекетіміз Қазақстан қайда орналасқан ?

а) Азияда ә) Еуропада б) Еуразияда

16.Мұздық құрлық деп қай құрлықты атайды?

а) Антрактида ә) Арктика б) Австралия

17. Ең ыстық құрлық а) Австралия ә) Оңтүстік Америка б) Африка

18.Барлық жануарларды неше топқа бөлуге болады ? а) 2 ә) 3 б) 4

19 Қос мекендіні тап. а) жылан ә) бақа б) кесіртке

20.Шалғын жануарын ата: а) ақбөкен ә) түлкі б) бөдене


Орындаған оқушының аты-жөні:__________________________



Оқушылардың білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

I

нұс-

қа

б

ә

а

б

а

а

ә

а

б

б

ә

а

ә

а

б

а

а

б

ә

б

II

нұс-

қа

б

б

б

ә

б

б

а

б

ә

а

а

ә

ә

б

б

б

а

б

ә

а
















Қорытынды


Үйірме жоспарындағы берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылылықтарын арттырып қана қоймай,қиялын,логикалық ойлауын,

сөйлеу тілін дамытуға ерекше көңіл бөлген дұрыс деп айтамын.

Жинақталған құралда тапсырмалар оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.

Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

Беріліп отырған материалдың алуан түрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады.Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат, экскурсия, сайыс, дөңгелек үстел т.б. сабақтардың формалары ұсынылады. Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде қабылдауға, оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалды. Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады.


Оқушылардың дүниетану пәні бойынша білім көрсеткішіне

салыстырмалы талдау.


Оқу жылы

сыныбы

Оқушы саны

Білім көрсеткіші

2012-2013 ж.

2

18

77%

2013-2014 ж.

3

17

87%

2014-2015 ж.

4

16

87%









Пайдаланылатын әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандарты. 2010 жыл

2.«Білім туралы» Заң ҚР Астана , 2008жыл.

3.1-4 сыныптарға арналған «Жаратылыстану» бағдарламасы. Астана 2013жыл.

    1. сыныпқа арналған дүниетану әдістемесі.Алматыкітап 2011жыл.

5.«Менің елім Қазақстан». Алматы 2003 жыл.

6.«Балалардың Жаңа энциклопедиясы». Алматыкітап 2012жыл.

7.«Мен және бәрі,бәрі,бәрі» «Аруна» баспасы 2006жыл.

8.«Дүниетану» оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер. 4- сынып. Алматы 2010жыл.

9.КовшарьА.Ф.Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен.Алматы.

Алматыкітап ААҚ.2004жыл.

10.Бастауыш мектеп. 2008жыл. №2 10-11-беттер





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
8110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12