400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бізді қоршаған табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қосымша мәлімет алу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныбы: 8

Тақырыбы: Бізді қоршаған табиғат

Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрісін кеңейту.

2. Білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін сөйлеу тілі

дамыту

3. Табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара

сыйластыққа тәрбиелеу.

Даналық сөздер: «Біз табиғаттың иесіміз. Ол біз үшін өмірге қажетті мол байлықтың көзі. Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман және тау. Ал адамға – Отан деген екен. ( Михаил Причивес).

Көрнекіліктер: Табиғат жөнінде даналық сөздер, суреттер

Жоспары

  1. Мұғалімнің бағыттау сөзі

  2. Команданың сәлемдесуі ( әр топ атын, ұранын таңбаларын қорғайды )

  3. Танымдық сұрақтар

  4. Жұмбақ жарысы

  5. Капитандар сайысы

  6. Ән сайысы

  7. Танымдық ойындар, сөзжұмбақ шешу

  8. Суреттер жарысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу

  9. Қортынды:

1. Танымдық сұрақтар

1. Қуаң жерлердегі өсімдіктерде жапырақ орнына неге тікенек өседі? / бұл өсімдіктің климатқа бейімделіп, ылғалды үнемді сіңіруге байланысты/

2. Неліктен ағаштың басындағы жапырақтар кешірек түседі? Түңгі гүлдер неге ақ? Жауабы: / олар тозаңдандырушы жәндіктерге бірден көрінеді /

3. Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды? Жауабы: / жарқанат/

4. Қай өсімдіктің жапырағы тікенек болып өзгерген? Жауабы: / кактус/

5. Қай бауырмен жорғалаушы туралы « терісіне сыймаған» деп айтылған? Жауабы: / жылан түлегенде/

2. Жұмбақ жарысы: (көрермендерге) Жұмбақ айтам сіздерге Жауабын айт көрермен Тура тапқан адамға Әділ баға берем мен.

  1. Отырса – жасыл Ұшса сарғаяды Жерге түсіп қараяды / жапырақ/

  2. Ешкімнен қорықпайды Бірақ қалтырайды / терек /

  3. Ата отыр тон киіп / аю/

  4. Сауыттан мықты шапаны Жәндіктің нағыз табаны / тасбақа.

  5. Төгіліп жерге ақ моншақ ғайып болды сол шақта - ақ / қар/

3. Капитандар сайысы: / қағаз, қалам алып шығып сөздерден өлең шумағын құрастыру/

1 карточка / қайырымды, әдемі/, / жақсы көру/, /сақтау /

2 карточка / достар, болмайды, ренжіспеу, жұлу, үзу

4. Ән сайысы: / Әр топ кезекпен бір - бір ауыздан табиғат туралы әндер орындайды/

5. Танымдық ойындар: / Табиғат туралы сөзжұмбақ шешу/

6. Суреттер сайысы: Табиғатты қорғау жолдарын бейнелеу. Полиглот: / сұраққа жауап беріп жауабын үш тілде аудару Мысалы: 1.Өсімдіктің өсімді мүшесі /жапырақ, листья, leac. 2. Үй маңына ұясын жақын салатын құсты ата / қарлығаш, ласточка, swallow. 3. Сөз сөйлеу шеберлігі: /ораторлық/

7. Қорытынды. 1. Егер мен газ құбырының мұнай саласының бастығы болсам. 2. Мен эколог болсам .

Білсең егер, табиғатта зор мән бар, Онда аң құс, жануарлар, орманда. Жерің, суың, таза ауаң қажетті, Шын жүректен сендер оны қорғаңдар! Қазылар алқасы сайысты қорытындылайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.01.2019
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі