«Бізді ҰБТ күтіп
тұр»
Мақсаты:
Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере
отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал
болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік
ұялату.
Тренингті сәлемдесу,
өзімізді таныстырумен бастайық.
«Таныстыру» Тренингке қатысушы қасында өзінен кейінгі отырған
оқушыға адами қасиеттерін айта отырып таныстыру жүргізіледі.
(Мысалы: Айгүл, сәлем! Сен қандай аяулы, сүйкімді, ақкөңі, білімді
қызсың)
Психолог сөзі: Құрметті оқушылар! Сендер үшін жаңа өмір басталғалы
отыр – сендер үшін бір белес. Мұндай белестер өмір мектебінде көп
болады. Осы алдағы белестерден сүрінбей өтулеріңе ата-ана да,
ұстаздарың да, мына отырған қонақтар да тілектес. Сүрінбей өту үшін
білімді, сенімді болуымыз керек. Қиындықтарға төтеп беретін
психологиялық рухани күш керек. Сондықтан да біз бүгін сендермен
осы тақырыпта психологиялық дайындықты күшейту үшін осында шақырып
отырмыз. Сәттілік тілейміз!
Психологиялық бейімдеу – бейнебаян
«ҰБТ тапсыру кезіндегі сәттен»
1-жаттығу «Талдау»
Интерактивті тақтамен жүргізіледі. (ҰБТ сөзіне талдау
жасалынады)
«ҰБТ – бұл …»
Сендер үшін не?
1. Мереке
2. Батыр қадам
3. Ауыр жұмыс
4. Күрес
5. Ештеңке емес
6. Болашақтағы тәуелсіздік т.б.
Енді осы ҰБТ сәттіліктеріне жету үшін бізге қандай факторлар керек
деп ойлайсыңдар?
1. Білім деңгейі
2. Эмоциялық өзіңді ұстай білу
3. Қиындыққа төтеп беру
4. Сенімділік
5. Өзіңді ұстай білу т.б.
Жарайсыңдар! Олай болса
балалар қазір біз сендермен жаттығуды
жалғастырайық.
2. «Жас түлектердің стреске
жақындығын айқындау» жаттығуы
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған үлестірмелер таратылады.
Үлестірмелерге жауаптарын кезекпен айтады.
Ашығын айтқанда:
Шынын айтсам, болатын емтиханды (ҰБТ-ны) ойлағанда, …
Шынын айтсам, емтихан туралы менің ата-анам да уайымдап жүргені
туралы ойлағанда мен …
Шынын айтсам, бұл емтихан туралы естіген кезде…
Шынын айтсам, мен қосымша сабаққа келген кезде …
Шынын айтсам, мен үйге келген кезде …
Шынын айтсам, мен қобалжып, уайымдаған кезде…
Шынын айтсам, осы тренингке қатысып отырған
кезде…
Жарайды балалар, сендердің
ойларыңды білдік.
Негізгі ереже!!!
Емтихан кезінде эмоцияңды дұрыс ұстап, сақтай білсеңдер,
жетістікке, жеңіске жетесіңдер!
3 — тренинг – жаттығу «Менің жаңа өмірім» (баяу әуен қойылады)
Болашағымыз туралы сурет салу (әр оқушы ақ қағазға түрлі-түсті
маркермен немесе краскамен сурет салады) Салып болған соң
орындарына отырып, өзі салған суреті туралы әңгімелеп, (өз ойларын
яғни жаңа өмірін, арманын) түсініктеме береді.
Талдау жасалынады
«Бекіту» Әрбір адам кешке
жатар, ұйықтар алдында ойын бекіту керек. Бір сөзді он рет қайталап
жазу керек. Мысалы, «Мен 2-маусымда 120 ұпай аламын» деген сөзді.
Өзімізді сәттілікке, жеңіске тәрбиелеп отырмыз. Жазғандарыңды
жүректеріңе қойыңдар… Осыны толық алу үшін сендерде күш-жігер
жетеді. Жазған қағаздарыңды кеудеге қойып, іштеріңнен жақсы
сөздеріңді өздеріңе айтыңдар.
Осы сөзді жазып жатқан кезде ішкі сезімдерің қандай
болды?…
Енді бір-бірлеріңнің
қолдарыңды қысыңдар, көзді жұмып «ішімізден күштіміз, сыртымыздан
көңілдіміз» – деп бірнеше рет іштей қайталаңдар… Қолдарыңды
босатыңдар. Осыны күнде ертеңгісін жасаңдар. Отырып та, жатып та,
тұрып та жасауға болады. 2 минут уақыт табасыңдар деп ойлаймын. Бұл
– күшіңді басқару. (Бұл психологияда – Афермация деп аталады)
Орындарыңнан тұрыңдар, бір-бірлеріңмен жұптасын тұрыңдар.
Бір-бірлеріңнің алақандарыңды соғыңдар. Күшпен соғыңдар! Отырыңдар.
Енді осы тренингтен алған әсерлерің туралы айтып, ойларыңды бізбен
бөлісіңдер.
(Ойларын айтқызып болған соң) Егер осы тренинг сендерге ұнаған
болса қолдарыңды 3 рет соғыңдар, ұнамаса 1 рет соғыңдар.
Мен сендерге сәттілік тілеймін!!!
Енді сергіту сәтін жасап
алайық (бейнебаян дауыспен)
Мақсаты: Тұлғаның психологиялық сенімділігін дамыту
Арт-терапиялық жаттығу «Өз жұлдызыңды тап» (баяу әуен)
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көздеріңді жұмыңдар. Үш рет демалып,
үш рет дем шығарыңдар… (баяу музыка ойнап тұрады)
— Ал, енді көз алдарыңа жұлдызды аспанды елестетіңдер. Жұлдыздар
үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше
жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе
алыстайтын жарық нүктелер.
— Сол жұлдыздарға қарап саған ұнаған ең керектісін таңдап ал.
Мүмкін ол сенің арманыңа ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты
балалық шағыңды есіңе түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңа қарап оны
ұстап көруге тырыс. Бар күшіңді сал! Сен міндетті түрде оны аласың.
Жұлдызыңды ақырын ұстап, алдыңа қойып, жақсылап қарап, оның қандай
екенін және жарықтығын есіңе сақтап қал.
Ал енді алақандарыңмен тізелеріңді ұстап, төмен қарай аяқтарыңды
сипап, керіліп, көздеріңді ашуға болады. Қолдарыңа түрлі-түсті
қарындаштарды алып, ақ қағазға өз жұлдызыңның суретін сал. Салған
жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды
нығайтады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар
сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы
көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңдар, олардың барлығы әртүрлі,
сендер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес
тармағы секілді, ҰБТ-ның бес пәнінен де «5» деген баға алып
шығуларыңа тілектеспіз!
Бейне баян «Барлығы өзіңе
байланысты»
Құрметті оқушылар! Психолог кеңестері:
Емтихан алдында жақсылап ұйқыны қандыру керек, ойыңды жинақта
Киген киімің ыңғайлы, таза, шашың тараулы болсын
Аудиторияға өзіңді қалыпты ұстап кір. Менде бәрі дұрыс болады деген
сеніммен кір.
Жолдастарыңның кеңесі мен
қолдауы ол да керек!!!
Бір-біріңе көмектесуді үйреніңдер!
Енді құрметті түлектер!
Бүгінгі тренинг-сабағымызды
«Су асты патшалығы» деп аталатын әуенді аутотренингпен аяқтағалы
отырмын.
Орындыққа ыңғайлы, еркін отыруларыңды
сұраймын.
Терең дем алып, әуеннің
ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңдар. Еркін
отырып көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа теңізді елестетіңідер.
Ұшы-қиыры жоқ көкпеңбек теңіз. Теңізден ескен самал жел сондай
жағымды, жылы, су жағаға қайта-қайта қалқиды. Мен қазір беске дейін
санаймын, біз су асты патшалығына қонаққа жүзіп барамыз. Сендердің
алдарыңда су асты патшалығының керемет байлығы ашылды. 1, 2, 3, 4,
5. Тып-тыныш, айналаңа қарашы, қандай керемет балдырлар, әртүрлі
балықтар, сенің қасыңда жүзіп жүр. Сол балықтар арасынан сені
«алтын балық» өзі қарсы алып тұр. Сені өзінің патшалығымен
таныстырып және әр адамның тілегін орындауға дайын екенін айтуда.
Алтын балығымызға сеніммен қарайық. Өзіңнің арман тілегіңді ішіңнен
ойланып, алтын балыққа аңсаған армандарыңды айтыңдар…
Міндетті түрде сендердің армандарың орындалады. Ал енді арман
тілектеріңді айтып болсаңдар ақырындап жүзіп жағаға шығайық. Алтын
балық біздің қасымызда, бізді шығарып салып тұр. Терең дем алып мен
5-ке дейін санағанда көзімізді ашамыз. 1, 2 ,3, 4, 5…
Міне «Алтын балық» өзінің сендерге деген тілектерін таратады.
(Алтын балықтың жас түлектерге деген тілектері балықтың суретімен
слайдтан оқылады)
Әуенді бейне -баян
«Сәттілік»
Егер алдағы ҰБТ-ны сәтті
тапсырып шықсаң:
Өзіңнің жағымды әрекет сапаларыңды мақтан
ет.
Егер сен «ҰБТ-дан
ойыңдағыдай тапсыра алмай қалсаң»:
Неге олай болғанын терең ойлан. Мәселе бағада емес, баға сенің
тағдырыңды шешпейді. Тауың шағылмасын. Кемшілігіңді жойып, бойыңа
қажыр- қайрат жина!
Сендерге тағы да сәттілік
тілейміз! Жолдарың ашық болсын!
Сау болыңдар