Тақырыбы:
«Бізді ҰБТ күтіп тұр»
Мақсаты:
11- сынып оқушыларын сенімділікке үйрету,
стрестік қалыптан арылту, бір-біріне
деген қарым-қатынасын нығайту
Кіріспе:
«ҰБТ
– бұл …»
Сендер үшін не?
1.Мереке
2.
Батыр қадам
3. Ауыр жұмыс
4. Күрес
5.
Ештеңке емес
6. Болашақтағы тәуелсіздік
т.б.
Енді
осы ҰБТ сәттіліктеріне жету үшін бізге
қандай факторлар керек деп ойлайсыңдар?
1.
Білім деңгейі
2. Эмоциялық өзіңді
ұстай білу
3. Қиындыққа төтеп беру
4.
Сенімділік
Жарайсыңдар!
Олай болса оқущылар қазір біз сендермен
жаттығуды жалғастырайық.
2.
«Жас түлектердің стреске жақындығын
айқындау» жаттығуы
Оқушыларға
аяқталмаған сөйлемдер жазылған
үлестірмелер таратылады. Үлестірмелерге
жауаптарын кезекпен айтады.
Ашығын
айтқанда:
Шынын айтсам, болатын
(ҰБТ-ны) ойлағанда, …
Шынын айтсам,
емтихан туралы менің ата-анам да уайымдап
жүргені туралы ойлағанда мен …
Шынын
айтсам, бұл емтихан туралы естіген
кезде…
Шынын айтсам, мен қосымша
сабаққа келген кезде …
Шынын айтсам,
мен үйге келген кезде …
Шынын айтсам,
мен қобалжып, уайымдаған кезде…
Шынын
айтсам, осы тренингке қатысып отырған
кезде…
Жарайды
балалар, сендердің ойларыңды білдік.
Негізгі
ереже!!!
ҰБТ
кезінде эмоцияңды дұрыс ұстап, сақтай
білсеңдер, жетістікке, жеңіске жетесіңдер!
3.
«Менің жаңа өмірім» жаттығу (баяу әуен
қойылады)
Болашағымыз
туралы сурет салу (әр оқушы ақ қағазға
түрлі-түсті маркермен немесе краскамен
сурет салады) Салып болған соң өзі салған
суреті туралы әңгімелеп, (өз ойларын
яғни жаңа өмірін, арманын) түсініктеме
береді.
Талдау
жасалынады
(Ватсап
желісі арқылы әр оқушы өз ойын видеомен
жолдауға болады. Меңің тел.
Номерім:87755340242)
«Бекіту»
жаттығуы
Әрбір
адам кешке жатар, ұйықтар алдында ойын
бекіту керек. Бір сөзді он рет қайталап
жазу керек. Мысалы, «Мен ҰБТ –дан 140
ұпай аламын» деген сөзді. Өзімізді
сәттілікке, жеңіске тәрбиелеп отырмыз.
Жазғандарыңды жүректеріңе қойыңдар…
Осыны толық алу үшін сендерде күш-жігер
жетеді. Жазған қағаздарыңды кеудеге
қойып, іштеріңнен жақсы сөздеріңді
өздеріңе айтыңдар.
Осы
сөзді жазып жатқан кезде ішкі сезімдерің
қандай болды?…
(Ватсап
желісі арқылы әр оқушы өз ойын аудио
жазба арқылы жолдауға болады. Меңің
тел. Номерім:87755340242)
Енді
өзіңіздің қолыңызды қысыңыз, көзіңізді
жұмып «ішімізден күштімін, сыртымнан
көңілдімін» – деп бірнеше рет іштей
қайталаңдар… Қолдарыңды босатыңдар.
Осыны күнде ертеңгісін жасаңыздар.
Отырып та, жатып та, тұрып та жасауға
болады. 2 минут уақыт табасыздар деп
ойлаймын. Бұл – күшіңді басқару. (Бұл
психологияда – Афермация деп аталады)
Арт-терапиялық
жаттығу «Өз жұлдызыңды тап» (баяу
әуен)
Нұсқау:
көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет демалып,
үш рет дем шығарыңдар… (баяу музыка
ойнап тұрады)
—
Ал, енді көз алдарыңа жұлдызды аспанды
елестетіңдер. Жұлдыздар үлкен және
кішкентай, жарық және сығырайған.
Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал
басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап,
біресе алыстайтын жарық нүктелер.
—
Сол жұлдыздарға қарап саған ұнаған ең
керектісін таңдап ал. Мүмкін ол сенің
арманыңа ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты,
шабытты балалық шағыңды есіңе түсіреді
ме? Тағы да жұлдызыңа қарап оны ұстап
көруге тырыс. Бар күшіңді сал! Сен
міндетті түрде оны аласың. Жұлдызыңды
ақырын ұстап, алдыңа қойып, жақсылап
қарап, оның қандай екенін және жарықтығын
есіңе сақтап қал.
Ал
енді алақандарыңмен тізелеріңді ұстап,
төмен қарай аяқтарыңды сипап, керіліп,
көздеріңді ашуға болады. Қолдарыңа
түрлі-түсті қарындаштарды алып, ақ
қағазға өз жұлдызыңның суретін сал.
Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына
өзінің шуағын шашып, достығымызды
нығайтады. Салынған жұлдыз суреті
өзіңізде қалады. Олар сендерге білім
жолында, барлық емтихандарда және өмір
бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият
қараңдар, олардың барлығы әртүрлі,
сендер мен біздер сияқты бір-біріне
ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы
секілді, ҰБТ-ның бес пәнінен де «5» деген
баға алып шығуларыңа тілектеспіз!
Құрметті
оқушылар! Психолог кеңестері:
ҰБТ
алдында жақсылап ұйқыны қандыру керек,
ойыңды жинақта
Киген киімің ыңғайлы,
таза, шашың тараулы болсын
Аудиторияға
өзіңді қалыпты ұстап кір. Менде бәрі
дұрыс болады деген сеніммен кір.
Жолдастарыңның
кеңесі мен қолдауы ол да керек!!!
Бір-біріңе
көмектесуді үйреніңдер!
Егер
алдағы ҰБТ-ны сәтті тапсырып шықсаң:
Өзіңнің
жағымды әрекет сапаларыңды мақтан ет.
Егер
сен «ҰБТ-дан ойыңдағыдай тапсыра алмай
қалсаң»:
Неге олай болғанын терең
ойлан. Мәселе бағада емес, баға сенің
тағдырыңды шешпейді. Тауың шағылмасын.
Кемшілігіңді жойып, бойыңа қажыр- қайрат
жина!
Сендерге
тағы да сәттілік тілейміз! Жолдарың
ашық болсын!
Сау болыңдар!