400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Біздің әдемі шыршамыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі қағаздан үшбұрыш, дөңгелек етіп қиып алу. Шыршаның ең жоғарғы жағына жұлдызша,төмендеу қызыл,сары, көк т.б. кішкене дөңгелектерді жапсырамыз. Бөлшектер әуелі төселіп,содан кейін желімделетінін балалардың есіне салады. Желімнің артығын сүртіп алуға сулықты пайдаланады. Ойыншықтардың барлығы мықтап жапсырылуға тиіс, әйтпесе олар құлап түсіп,сынып қалады.Тәрбиеші балаларға олардың қай-қайсысы да шыршаны өздері қалай қаласа,солай безендіретінін айтады. Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме жұмысы бойынша

Сабақ №5


Өткізген: Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 15.01.2021ж.

Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ

Тақырыбы: «Біздің әдемі шыршамыз»

Мақсаты: Жаңа Жыл мерексі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту.

Міндеттері:

БМ: Мереке ерекшелігін сезіне білуді, шыршаны безендіре білуді үйрету.

ДМ: Ой –қиялды және шығармашылық амалдарын көрсету ниетін дамыту.

ТМ: Тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу

Құрал жабдықтар:Түрлі түсті қағаздар,алдын ала дайындалған шырша, аппликация үлгілері,желім,қағаздан қиылған қаршалар

Сөздік жұмыс: Шырша,безендіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тосын сәт:

Тәрбиеші:Балалар, мен бүгін балабақшаға келгенде есіктің қасынан шырша тауып алдым. Оны кім әкелді деп ойлайсыңдар?

Осы кезде есік қағып қоян кіреді.

Сабақтың негізгі бөлігі:

Қоян: Балалармен амандасады.

Жақында жаңа жыл, ал ормандағы жануарлардың шыршаға арналған ойыншықтары жоқ, оларсыз шырша соншалықты әдемі емес екенін айтып,көмек сұрайды. Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесейік пе?

Балалар:Көмектесетіндерін білдіреді.

Тәрбиеші:Мен бірінші жұмбақ жасырайын,сендер жауабын тауып көріңдер.

"Қысы, жазы бір түсті?"

Бұл не?

Балалар: «Шырша»

Тәрбиеші: Олай болса, шыршамызды безендірейік.

Жұмысты орындаудың реті:

Әр түрлі қағаздан үшбұрыш, дөңгелек етіп қиып алу.

Шыршаның ең жоғарғы жағына жұлдызша,төмендеу қызыл,сары, көк т.б. кішкене дөңгелектерді жапсырамыз.

Бөлшектер әуелі төселіп,содан кейін желімделетінін балалардың есіне салады. Желімнің артығын сүртіп алуға сулықты пайдаланады.

Ойыншықтардың барлығы мықтап жапсырылуға тиіс, әйтпесе олар құлап түсіп,сынып қалады.Тәрбиеші балаларға олардың қай-қайсысы да шыршаны өздері қалай қаласа,солай безендіретінін айтады.

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі.

Балалар бұдан бұрын орындалған «Шырша» аппликациясын немесе жаңа суретті ойыншықтармен безендіреді. Балаларға "Ақ қоян отырады"ойынын ойнауды ұсынады.

Ойын 1-2 рет өткізіледі

Рефлексия: Тәрбиеші: Балалар, енді қоянға орманға оралудың уақыты келді. Қоян шыршасын безендіріп бергенге рахмет айтып,балалармен қоштасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.11.2021
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі