400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің айналамыздағы ақпарат 5 сын

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің айналамыздағы ақпарат 5 сын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп: 25 қазақ қыздар гимназиясы

Сыныбы:5

Мұғалімнің аты – жөні: Адамова Жанар Алпысбаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Біздің айналамыздағы ақпарат

Осы сабақта қол жеткі-зетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме)

Әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушыларға: Әртүрлі ақпаратты атап шығады, көрсетеді.

Басым бөлігі: түсінеді, қабылдайды, қажет болған жағдайда білімін қолданады. Әр түрлі формадағы ақпараттармен жұмыс жасайды, ақпараттардың қасиеттерін меңгереді.

Кейбір оқушылар: білімін жинақтайды, рефлекция жасайды. Біздің айналамыздағы ақпараттардың берілуі мен ақпарат алмасу түрлерімен танысады.

Бағалау критерийі

- Ақпарат түрін формасына қарай анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Орыс тілі, ағылшын тілі: ақпарат - информация - information.

Ақпарат - (латын тілінің “information” сөзінен шыққан - түсіндіру, баяндау) - бұл қоршаған ортаданалынатын білім, мәлімет немесе команда.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер

Ақпарат мынадай түрде берледі - ........

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу, ынтымақтастық, ашықтық, патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Математика, музыка, технология, бейнелеу

Бастапқы білім

Оқушылар ақпарат туралы мағлұматты өмірден алады.

Сабақ барысы

І кезең

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс- әрекеті

  1. Ұйымдастыру

Тренинг «Сені көргеніме қуаныштымын, өйткені . . .. .» жалғастыру арқылы тізбек бойымен қасындағы оқушының жақсы қасиеттерін айтады.

Сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу.

Оқушылар ақпарат тартушы құралдар арқылы топқа бөліеді


ЖПрямоугольник 10 аңа тақырыпты оқушылар суретті құрастыру арқылы табады.

  1. Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптың тапсырмаларын «Ыстық орындық» әдісі арқылы текесеру.

Мұғалім үй тапсырмасын тексереді.

Оқушылар берілген әдіс тәсілдер бойынша өз ойларын айтады.

  1. Қызығушылығын ояту, мәселе қою

Көпір тапсырмасы тексеріледі «Инсерт»әдісі бойынша.

Оқушы жауаптары тыңдалады. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырылады.

Көпір тапсырмасында берілген сұрақтарға жауап беру, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді.

ІІ кезең.

Теория бойынша «Білу»,

«Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары.

(топтық жұмыс, мұғаліммен бірге талдау)

Мазмұнды сызбамен жұмыс. Әр топқа берілген тақырып бойынша: ақпарат ұғымы туралы мазмұнды сызба дйындау жәнеқорғау тапсырмасы беріледі. Оқулықтағы тапсырма

1 – топ. «Білу» Ақпарат.

2 - топ. «Түсіну» Ақпараттың қасиеттері.

3-топ. «Талдау» Ақпарат таратушы құралдар.

«Жинақтау»: Ақпарат сөзіне ребус құрастыру.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен таныстыру, интернет ссылкасы арқылы мәліметтер беру. Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру. Топ бойынша жасалынған жұмыстарын тексеру.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен бірлесе отырып орындау.

Қадамдар тапсырмаларын қатесіз орындау, тексеру.

Қолдану

1-3 қадам тапсырмалары

Интернеттегі 1-3 жаттығуларды орындау.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16302-aqparat_uhymy

Компьютерде орындалатын практикалыө тапсырмаларды тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындау.

Тақырып бойынша алған білімдерін практикада қолдану. Берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.


Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.

ІІІ кезең – кері байланыс.

Бұл кезеңде оқушылар жұмыс дәптеріндегі деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасайды.

І деңгей (3 балл)

ІІ деңгей (2балл)

ІІІ деңгей (3 балл)

(Қосымша 1)


«Сен кереметсің»

«Жарайсың, бірақ . . .»

«Жақсы болуға тырыс»

Мұғалім басқарады, тексереді, түзетулер енгізіп қатал бақылай-ды. Дұрыс орындалған тапсырмаларды тақтада ілулі тұратын бағалау кестесіне тіркетеді.

Барлық оқушы орындауға міндетті. Мұғалімнің тексеруінен кейін, дұрыс нәтижелерін тақтадағы кесеге белгілейді. Озінің дұрыс жауабы бойынша көршілерін тексеріп, тақтада,ы кестеге тіркетеді.


Бағалау:

(бағалау парағы бойынша)

Әр топ оқушылары бір – бірін бағалайды. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша. Мұғалім басқарады. Дұрыс орындалған тапсырмаларды тақтада ілулі тұратын бағалау кестесіне тіркетеді.

Мұғалімнің тексеруінен кейін, дұрыс нәтижелерін тақтадағы кесте-ге белгілейді. Бағалау парағы-на бағалар қойылады.

Өзінің дұрыс жауабы бойынша тексеріп, тақтадағы кестеге тіркейді.

Үй тапсырмасы:

1.Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.

2.Келесі тақырыпты «Көпір тапсырма» тапсырмасын жеке дәптерлеріне орындау. Оқулықтағы мәтіннің соңында берілген «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмаларына тұсаукесерлер дайындап келу.

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы тапсырмаларды 1 – деңгейден бастап, үлгергенше орындайды, қлғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында әзірге сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді(ол жұмыс дәптерінің соңында тіркелген). Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған баллы қосылып, барлық балл саны мониторинге тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.

Қосымша ақпарат




Саралау: оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.

Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын.

Информатика. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, компьютер құрылғыларын қолдана отырып, мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылады. АКТ-мен байланыс, топта бір – бірін тыңдау, сыйластық таныту, бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.

Рефлексия: 1. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралаушылары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неліктен?

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1:

2:



І деңгей (3 балл) Қосымша № 1

1 – тапсырма. Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.

Ақпарат - (латын тілінің “information” сөзінен шыққан - түсіндіру,) - бұл қоршаған ортада аналынатын білім, мәлімет немесе команда. Ақпарат – сақтау, өңдеу, жеткізу және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлемде болып жатқан мәліметтер мен өзгерістер.

2 – тапсырма:

Адмның ақпаратты қабылдау тәсілдері көрінетін, естілетін, дәм сезу, сипап сезу, иіскеу болып бөлінеді. Сонда ақпаратты біз сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз.

3 – тапсырма:

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, графикалық, мәтіндік. Дыбыстық және бейне ақпарат болып бөлінеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шәкіл


Әртүрлі ақпарат


Бос орынға 5 дұрыс сөзді жазады

5

Бос орынға 4 дұрыс сөзді жазады

4

Бос орынға 3 дұрыс сөзді жазады

3

Бос орынға 2 дұрыс сөзді жазады

2

Бос орынға 1 дұрыс сөзді жазады

1

Сөздерді орнына дұрыс қоя алмады.

0

Барлығы:


5

ІІ деңгей (2балл) Себебін анықта.

1 – тапсырма:

  1. Неліктен ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз?

Ж: Себебі, адам ақпаратты көру, есту, дәм сезу, сипап сезу арқылы қабылдайды. Сезім мүшелері арқылы ақпаратты ажырата аламыз.

  1. Неліктен ақпаратты мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық деп бөлеміз?

Ж: Себебі, ақпарат бізге әртүрлі түрде беріледі. Мәтіндік ақпарат сөз, мәтін, әңгіме графикалық ақпарат сует, сызба, кесте, сандық ақпарат сандар, арнайы өлшеммен жасалған ақпараттарғ кейбір есептеулер.

2– тапсырма:Дұрыс жауабын белгіле:

  1. Сендер қандай да бір қызықты театрға барып тамашаладыңдар, бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) сезу Ә) Дім сезу Б) көру В) жазу С) сипап сезу

2. Ақпаратты сақтау түрлерін тап:

А) кітап Ә) дискі Б) глобус В) карта С) парта

3. Ақпарат қандай қасиетке ие? Бүгін сағат 12-де балалар қойылымы болады.

А) Өзектілік Ә)толықтылық Б) біртекті В) мәтін С) графика


Бағалау критерийі

Дескриптор

Шәкіл

Әр түрлі формадағы ақпараттармен жұмыс жасайды, ақпараттардың қасиеттерін меңгереді.

Ақпараттың түрлерінің себебін анықтайды.

1

Себебін анықтай алмайды.

0

Тест

Дұрыс жауабы

1

Барлығы:


3


ІІІ деңгей: (3балл)

  1. Тапсырма: Сөз жұмбақты шеш:

  • Ақпараттың түрі /графикалық/

  • Компьютердің құрамына кіретін құрылғы/тышқан/

  • Жүйелік блоктың миы/процессор/

  • Компьютерде деректерді есте сақтау құрылғысы/жады/

  • Компьютерді зақымдаушы программа/вирус/

  • Ақпаратты енгізу құрылғысы/пернетақта/

  • Бүкіләлемдік өрмек/интернет/

  1. Сурет бойынша ақпаратты қабылдау түрлері қандай болатынын жаз.

Сезім мүшелері

Ақпарат түрлері

Ақпарат алу арналары



?



көру



?





Иіс сезу



?



?



?



?





Дыбыстық



?




Дәм сезу



Сипап сезу

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шәкіл

.Біздің айналамыздағы ақпараттардың берілуі мен ақпарат алмасу түрлерімен танысады.

Сөзжұмбақты шеше алады

1

Сурет бойынша ақпаратты түрін анықтайды.

1

Барлығы:


2










3 – тапсырма: 10 сөйлемнен тұратын «Ақпараттың менің өмірімдегі орны» туралы эссе жаз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шәкіл

Біздің айналамыздағы ақпараттардың берілуі мен ақпарат алмасу түрлері

Тақырып мазмұнын аша алады.

1

Ақпарат тақырыбына мысал келтіре алады

1

Ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.

1

Барлығы:


3



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі