Тақырыбы: «
Біздің ауыл
»
ОІӘ түрі: Ашық
ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Білім саласы:
«Қатынас»
Білім бөлімі: «Тіл
дамыту»
Мақсаты: балаларға ауыл тіршілігі жайлы
айту, ондағы үй жануарлары туралы түсініктерді
қалыптастыру.
Дамытушылығы: Балалардың үй жануар туралы
білімдерін толықтыру, тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталап отырып,
сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Үй жануарларына қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарларының макеті,
суреттері, асық .
Бірімділігі: Балалардың үй жануарлары
туралы білімдерін бекіту
Оқу іс-әрекетінің
барысы:
Балалар шаттық шеңберіне
тұрады
Армысың, балабақша, дос
жараным,
Армысың, ардақты ауылым
менің
Армысың, асқар тауым, көлім
менің,
Армысыңдар
қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, дала
қандай тамаша. Бүгін бәрің сондай әдемісіңдер! Көңіл күйлерің
қалай?
Балалар: Көңіл күйіміз
жақсы.
Тәрбиеші: Олай болса, жақсы көңіл-күймен
оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
Шуақ шаша
,
Алтын
таңда,
Мөлдір , таза ауада
.
Табиғатта бәрі
оянды,
Оян сен де, бар
бала.
Бүгін гі оқу іс- әрекетіміз
қызықты болатын секілді.
Балалар , сендер ауыл дегенді
білесіңдер ме ? Ол жақта кімдер тұрады?
Балалар: Иә, ауылда ата-әжеміз
тұрады.
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін сол ата мен
әженің үйіне қонаққа барамыз. (Барлығы жиналып жолға
шығады.)
-Балалар қараңдаршы, тоғайда
малдар жайылып жүр.
Қане, кім маған төрт түлікті
атап береді?
Нұрбол: -Түйе,
Тоғжан: Сиыр
Ақерке: Қой
Нұрасыл: Ешкі.
Тәрбиеші: Олардың төлдерін
атайық?
Эльдар: Түйе төлі –
бота.
Үміт: Сиыр төлі –
бұзау.
Гүлсезім: Қойдың төлі –
қозы.
Аңсар: Ешкі төлі –
лақ.
Тәрбиеші: Ата-апамыздың үйіне жақындап
келеміз.
Балалар: Қане, қане! – деп қуанып
кетеді.
Тәрбиеші: Міне, келіп
жеттік.
Балаларды ата мен әже қарсы
алады.
Ата мен
әже: Амансындар ма
боталарым!
Балалар: Сәлеметсізде
ме.
Ата мен
әже: Әй, балалар, жолда малдардың
жайылып жүргенін көрдіңдер ме?
Балалар: Көрдік.
Ата мен
әже: Келіңдер боталарым сендерге
сақтап қойған құрт майдан дәм татындар.
Міне, мына дастархандағы
тағамдардың барлығы сол төрт түлік малдан алынған өнімдер.Сендер
қайсы малдан қандай өнім алатынын
білесіңдерме?
Толғанай: Сиырдан сүт
аламыз.
Н.Нұрасыл: Жылқыдан
қымыз.
Гүлнұр: Түйеден шұбат
аламыз.
Назерке: Сүттен айран, қаймақ, ірімшік,
құрт жасалады.
Ата мен
әже: Жарайсыңдар.
Балалар ,сендерүй жануарларын
қалай шақыратынын білесіңдерме?
Балалар: Ия,
білеміз.
Қойды
«пүшәйт-пүшәйт»,
Сиырды
«ахау-ахау»,
Ешкіні
«шөре-шөре»,
Атты
«құрау-құрау»,
Түйені «көс-көс» деп
шақырады.
Ата: Балаларым, мен сендерге асық
жинап қойып едім. Қалай, ойнауға даынсыңдар
ма?
Балалар: Ия
дайынбыз
«Ханталапай»
ойнау
Тәрбиеші: Қане балалар ата – әжемізге
тақпақтар айтып берейік.
Ата мен
әже: Ия боталарым, тақпақтарымен
бізді бір қуантындар.
Ерсұлтан: Біздің ауыл
көктемде
Көл жағалай
қонады
Айдын шалқар көк
көлге
Аққу – қаздар
толады
Ақерке: Қатар – қатар
шалғында
Ақ боз үйлер
тұрады
Ақ боз үйлер
алдында
Аппақ түтін
шығады
Тоғжан: Ауыл деген кең
дала
Жап – жасыл ғой
айнала
Ауасы қандай
тамаша
Ой салады
оңаша
Сондай ақ біздің балалар
тақпақты ғана емес мақал-мәтелдер де
біледі.
Ернұр: «Даланың
көркі-мал».
Фелиз: «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі
оның көл-көсір».
Тәрбиеші: Қане балалар жолға шығатын
уақытта келді.
Ата: Әжелерің сендерге өздеріңмен
алып бауырсақ дайындап қойған едім. Өздеріңмен бірге ала
кетіндер.
Тәрбиеші: Балалар атамыз бен әжемізге
рахмет айтайық.
Балалар: Рахмет сіздерге. Сау
болыңыздар!
Тәрбиеші: Ал балалар енді өз тобымызға
да келіп жеттік. Ауылда көрген
төрт түлігімізді мүсіндеп,
бейнелейік.
Балалар екі топқа бөлініп,
ермексаздан , бір топ – төрт түлік малдың бейнесін жасайды, тағы
бір топ-төрт түлік малды түрлі-түсті қаламмен
бояйды.
Балалар өз жұмыстарын белсене
отырып жасайды, жасаған жұмыстарын аяқтап болған соң ауылға
атасымен әжесіне жібереді.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар.
Аталарын мен әжелерін сендерге рақме айтып жатқан шығар.
Жарайсындар . Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқтайық. Сау
болындар.
.