400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік:Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Білім берушілік:Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне,өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ өткізу жоспары

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біздің балабақшада»

Міндеттері:

Тәрбиелік:Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Білім берушілік:Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.

Қажетті құралдар: Суреттер,хрестоматия

Сөздік жұмысы:Балабақша.

Билингвальды компонент: балабақша-детский сад.

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балабақшам менің

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр,бесігім.

Мен қуанып ашамын,

Балабақша есігін

Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.

II.Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар,бүгінгі біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық.

-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?

-Дұрыс айтасыңдар!Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар.Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар.Сондықтан «Балабақша-өз үйіміз» деп айта аламыз.

-Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз

Бұл-екінші үйіміз

Біз тұрғанбыз бәріміз,

Біз-осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Сұрақ-жауап

-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?

-Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Сұраққа жауап береді

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.Балалар бірге тыңдап жаттайды

Балалардың жауабын тыңдап,қорытындылау.

-Дұрыс айтасындар.Біз күні бойы балабақшада боламыз,бұл-біздің үйіміз,біз осы балабақшаның гүліміз,сәніміз.

Сергіті сәті:(әуенмен орындалады)

Кел балақан,балақан

Шапалақта алақан

Жай-жай-жай!

Қозғап барлық денені

Қолды қатты соқ енді:

Сарт-сарт-сарт!

Тықылдатып таяқты,

Ақырын бас аяқты:

Балалардың түсінігі және ойлары.Қимыл жасайды.

«Балабақша ауласын безендіру» Сурет бойынша әңгімелеу.

Сызба бойынша тақпақ жаттау:

Қар,мұз,еріп,

Су көбейіп,

Бүршік шашып

Жапырақ ашып,

Бәйшешектер басады

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

III. Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.


















































ҰОҚ өткізу жоспары 04.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Бір және көп сандарды салыстыру және олардың арасындағы сәйкестікті табу.Үлкен және кіші.Шеңбер.

Міндеттері:

Тәрбиелік: «Балабақша» туралы түсінік беру.Балабақша күн тәртібімен және ондағы қызметкерлердің жұмысымен таныстыру.
Білім берушілік:
Заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Ұзындықтары бірдей және түсі жағынан әр түрлі заттарды «ұзынырақ», «қысқа», «ұзындықтары тең» сөздерін қолдана отырып, салыстыру қабілетін бекіту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: бос жолағы бар екі карточка, үлкен шар немесе шеңбері бар үш тәрелке, төрт кіші тәрелке, жинақ полотносы.
Сөздік жұмысы:Шеңбер, үлкен және кіші..
Билингвальды компонент: шырша – елка, күн-солнце, саңырауқұлақ – гриб.
I.Мотивациялық – қозғаушылық
«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны. Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады.

Тікентікен, тік пісте,

Қысыжазы бір түсте. (шырша)


Көк жиекі шай табақта,

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.(күн)


Қалпағы бар,

Басы жоқ,

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлаң, тап, не екенін?

Балалар жұмбақтың шешуін табады. (Саңырауқұлақ)


Ұйымдастырушылық-ізденістік

1-тапсырма.

Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?

Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

Бірден салынған заттарды бояп шығындар. Тәрбиеші балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай

(үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.

2-тапсырма.

«Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.

Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол «салындар».

Сергіту сәті:

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3-тапсырма:

Бір және екі затты санауға байланысты берілген

Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?

Тәрбиеші затарынының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

4-тапсырма.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орамның пішіні,

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

Барлық шеңберлерді бояндар.

Неше шеңбер боядындар?

Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіңе салады.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Өзінөзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.

Тәрбиеші балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

1.Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.

2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентаймен кесемен қосуларың керек.

3.Тақиялар мен киіз үйлерді бір-бірімен қосу керек.











































ҰОҚ өткізу жоспары 05.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Біздің балабақшаның ауласы

Міндеттері:

Тәрбиелік: Өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету.
Дамытушылық:
Ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар мен қайшы желім. Табиғи материалдар, желім, бояу үлгі суреттер

Сөздік жұмысы:Балабақша ауласы

Билингвальды компонент: балабақша-детский сад.

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі. Аулада ойнайтын қандай құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суреттер көрсете отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын құралдарды жасап көреміз бе?»-деп сауал қояды. Аулада не бар?

Балалар ауладағы ойыншықтарды құралдарды атайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Осындай құралдар жасау үшін бізге құрылыс материалдары көмекке келеді. Ауладағы сырғанақ, әткеншек т.б. жасау үшін алдымен құрылыс материалдарын түстеріне, көлеміне, пішініне қарай таңдап аламыз. Сырғанақ жасау үшін үш текше бір үшбұрыш қажет болса, құм салғышты кірпіштерді көлденең қатарластырып қою арқылы құрастырамыз, әткеншек жасау үшін үшбұрыш және ұзынша кірпіш пайдаланады.

Орындықтарды жасау үшін екі текше, бір кірпіш қажет. Кірпіштерді көлденең қатарластырып қою арқылы қақпа қоршауларды құрастырамыз.

Балалар текшелер мен кірпіштерді үлгі суреттерге қарай отырып, ауладағы құрылыстарды құрастырады. Өздеріқандай құрылыс жасағысы келетінін айтады құрастырады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып, балабақша ауласының көрінісі болатындай жағдай жасайды.

Балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп не жасағандарын айтып береді.



























ҰОҚ өткізу жоспары 05.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Біздің балабақшаның ауласы

Міндеттері:

Тәрбиелік: Өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету.
Дамытушылық:
Ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар мен қайшы желім. Табиғи материалдар, желім, бояу үлгі суреттер

Сөздік жұмысы:Балабақша ауласы

Билингвальды компонент: балабақша-детский сад.

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Өлең шумақтарын оқу
Күлімдеген күн нұрындай
Тәрбиеші анамыздай
Білім менен тәрбиенің
Ордасына айналғандай
Бақшамыздың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды.

-Өлеңде не туралы айтылған?
-Б.Ж
-Дұрыс айтасыңдар

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Б.Ж
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
-Б.Ж
-Күз мезгілін жақсы көресіңдер ме?

-Б.Ж

-Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі.

-Аулада ойнайтын қандай құралдар бар екен?

-Б.Ж

Үлгі суреттер көрсете отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын құралдарды жасап көреміз бе?»-деп сауал қояды. Аулада не бар?

-Балалар ауладағы ойыншықтарды құралдарды атайды.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға,оңға түзу тұр!

Солға,солға түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Ал, енді балалар балабақша ауласына гүлдер жасайық.

-Жарайсыңдар балалар! -Қандай керемет гүлдер жасадық.

Рефлекциялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып, балабақша ауласының көрінісі болатындай жағдай жасайды.

Балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп не жасағандарын айтып береді.

ҰОҚ өткізу жоспары 06.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қағаз, карындашпен таныстыру.
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Қарындашты он қолға ұстауға баулу, тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Қағаз,карындашпен таныстыру.
Дамытушылық: Топтағы заттар туралы түсінік беру.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
балаларды қарындаштармен таныстыру.
Қажетті құралдар: демонстрациялық материалдар,сурет салуға арналған ақ қағаз,түрлі түсті майлы қарындаштар, «өз түсіңді тап!»ойынына арналған әртүрлі жолақ қағаздар(немесе ойыншықтар т.б.)
Сөздік жұмысы:Қағаз, қарандаш
Билингвальды компонент: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага.
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Балалардың назарын өзіне аударту.
-Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін. Ерте,ерте,ертеде... бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсету) Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне тоқталып өтеді де).
-Оның ішінде не бар екен?
Балалар ертегіні тыңдайды. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік
(қорапты қозғалтып,ішіндегі қарындаштарды тықырлатады)
-Тыңдап көріңдерші,бұл қорап ереше,сиқырлы қорап болды. Өйткені,ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді. Кәне,ашып көрейік,-деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп,-бұл таяқшалардың түстері сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып,балалардан олардың қандай түсті екені сұралады).
-Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр. (Олар қағаз бетіне кезек-кезек шығып би билеп, «Көңілді із» қалдырмақшы болады).
(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтар қойылады).
-Мынау не?
Түсі қандай?
Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады,бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ,қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар,сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.

-Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді)
-Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштың ізі кім айтады?
Қызыл,көк,қара,сызықтарды сызғанда қолды батыл,үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп, балалардың қолдарын жетілдіруге көңіл аудару.
Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп,2-3рет ауада сызық жүргізіледі.
-Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.
-Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып,әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды жинап,орнына қойыңдар. Қарындаштарды жинату.

Қағаздарды жинап алып,салған сызықтары жөнінде әңгімеленеді.

Ойын: «Өз түсіңді тап!»

Билингвалдық компонент: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага.

Балалар қораптағы дыбысты тыңдайды.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Қайталайды: қарындаш-карандаш,қағаз-бумага.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар жұмысқа кіріскенде аралап,іс-әрекеттеріне басшылық жасап,бағыт беріп,жұмыстарын мақтап,мадақтау.

Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап,өздерінің еңбектеріне назар аударады.



















































ҰОҚ өткізу жоспары 07.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ф.Оңғарсынованың «Үй жақсы ма, бақша жақсы ма?» өлеңі
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Топ ішінде ұйымдастырылатын кез келген шараларға, ойындарға белсенді араласуға тәрбиелеу.
Білім берушілік: Балаларды өлеңді тыңдауға, мазмұндап беруге үйрету.
Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін және зейінін, тілін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: Хат, балабақша мен үйдің суреті; бейнетаспа, автордың суретті, дүрбі, Венн диаграммасы, өлеңге тірек сурет.
Сөздік жұмысы: Қызықпын-ау, мақтанарым, ортақ.
Билингвальды компонент: Маса – комар, үй – дом, балабақша – детский сад.
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар, бүгін есіктің алдында мына хат жатыр екен, қане, ашып оқиық: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Хатты жазып отырған сендердің Білгір ағаларың. Мына екі суретті сендерге жіберіп отырмын. Салыстырып, айырмашылығын тауып беріңдерші» (Жарты шеңбер құп тұрады. Тәрбиешіні тыңдайды. )
Екі суретті тақтағы іліп қояды: біріншісінде балабақшаның, екіншісінде үй бөлмесінің суреті бейнеленген.
Ұйымдастырушылық-ізденістік:

Артикуляциялық жаттығу

Са-са-са

Келіп қонды ...( маса)

(Қайталап айтады.)

Жаттығуды бірге, жеке қайталады.

  • Масаның әнін айтайық: з-з-з

(Масаның дыбысын салады.)

Суретпен жұмыс

Балабақша мен үй бөлмесінің суреттеріне назарларын аударады.

Суреттерден қандай ұқсас заттарды көріп тұрғандарын,оларды бір сөзбен қалай айтуға болатынын сұрайды. (Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.)

  • Дүрбілеріңді алып, суреттерде не бар екенін қараңдар. Білгір ағайға жауабымызды бейнетаспаға жазып жібереміз. Міне, таспа қосылды. ( Дүрбілерді алады, қарайды, анықтайды, айтады.)

Бейнетаспаны қосып, балалардың жауаптарын жазып алады. Бір-екі баланың жауабын қайта тыңдатуға болады.

Сергіту сәті

Кел, балалар, тұрайық,

Өлең бірге жаттайық.

Қолдарымыз биікке,

Аяғымыз төменде,

Оңға, солға бір адым.

Жоғары-төмен бір қарап,

Санамақ ойынына шапалақ.

( Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.)

Өлеңді тыңдаймыз

Ф.Оңғарсынованың өлеңін оқып береді. Автордың суретін көрсетіп, қысқаша мәлімет береді. ( Өлеңді тыңдайды, мағынасын түсініп алады.)

Сөздік жұмысы: « қызықпын-ау, мақтанарым, ортақ» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. ( Мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын түсініп алады.)

Сөздік ойын «Жаңғырық»

Естіген өлең жолдарын қайталап айтуды ұсынады. ( Өлең жолдарын бірге қайталайды)

« Сөйлемді аяқта» дидактикалық ойыны

Тірек сызба бойынша өлең жолдарын айқызып, жаттатады.

( Сөйлемдерді аяқтайды)

Рефлексивті-түзетушілік

Венн диаграммасын пайдалана отырып, балалардың білімдерң мен дағдыларын қорытындылайды. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. ( Венн диаграммасы арқылы балабақша мен үйдің айырмашылығы мен ұқсастығын тауып, айтып береді.)






















































ҰОҚ өткізу жоспары 03.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: Балабақша шарбақтары
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Қайшыны дұрыс ұстау жəне пайдалана білуді тәрбиелеу.

Білім берушілік: Балабақша шарбақтары туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:
Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
көрсету
Қажетті құралдар: Почташы, жедел хат, Мальвина, үлгі суретті шарбақ,құрылыс материалдар, фотосурет, бау бақша,ағаштар
Сөздік жұмысы: Балабақша
Билингвальды компонент: балабақша-детский сад,
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Топқа почташы жедел хат әкеледі.

Тәрбиеші жедел хатты оқиды: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым Мальвина, маған сеңдерден көмек керек. Биыл бізде көп алма өсіп пісті, алма мен алмұрт ағаштары биік болып өсіп кетті, алма, алмұрт көше жолдарында шашылып жатыр, не істерім білмеймін. Көмектесіңдер! (тәрбиеші алмаларды алып шығады, балалар Мальвина бізден көмек сұрап отыр, жаз бойы күтіп өсірген алмасында бізге жіберді)

Тәрбиеші: Балалар Мальвинаға көмектесеміз бе?

Қалай көмектесеміз?

Тәрбиеші балаларға: қоршалған биік шарбақтарымен баубақшадағы өсіп тұрған жеміс ағаштарын суреттерін көрсетеді. Мынау не?

Баубақшада не өседі?

Баубақшаны не қоршап тұр?

Баубақшаны шарбақтар қоршап тұр

Шарбақтар қандай?

Тәрбиеші бақшадағы алмалар қай жақта жатыр?

Неге алмалар көшеде жатқан жоқ?

Тәрбиеші: шарбақтар биік, егер аласа болса, онда алмалар көше жақта жатушы еді деп түсіндеді.

Ендеше балалар біз Мальвинаға биік шарбақ құрастырып берейік.

Балалар келісіп, белгімен екі орталыққа бөлініп жұмысқа кіріседі. Қалған балалар құрылыс орталығына барады, қойманы құрастырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Дидактикалық жаттығу: «Кім зейінді?»

Таныс құрылыс материалдарын естеріне түсіріп, атауларын айтып беру керек.

Балалардын алдында призма, текшелер, кірпіштер, жалпақ тақтайшалар, жалпақ пластиналар жатады.

Тәрбиеші (балалар көздерін жабады) олардын орындарын ауыстырып отырады, балалар естеріне сақтайды, не өзгергенің тауып айтады.

Тәрбиеші жарайсыңдар балалар.

БалаларТәрбиеші қайта үлгі суретті ортаға алып балаларды әңгімеге тартады.

Ең алдымен тәрбиеші шарбақты қалай жасау керек екенін айта отыра балалардың білімдерін бекітеді.

1. биік кірпіштерді аламыз да тігінен қатар-қатар (жақын) қоямыз деп көрсетеді, түсіндіреді.

2. шарбақ құлап қалмау үшін ұзын пластиналармен тіреп ұзынынан (шарбақтын бойымен қоямыз) деп түсіндіреді.

3. баубақшаға кіру үшін есік болу керек деп шарбақтын бір жерінде есікке орын қалтырып жалпақ пластинаны тігінен қояды (бұл баубақшаның есегі болады).

Сергіту: Саусақ гимнастикасы.

Тәрбиеші балалардан кім қандай іс әрекет жасайтынын сұрап бекітеді (балалар қойманы жасауға кіріседі)

Тәрбиеші: сеңдер жақсы еңбектендіңдер мына Мальвина жіберген алманы таратады.

Тәрбиеші: Алма қандай деп сұрайды.

Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар кімнен жедел хат келді?

Мальвина хатында не деп жазды?

Мальвинаға не жасап бердік?

Шарбақ қайда тұрады?

Үйдін, баубақшаның айналасында тұрады деп бекітеді.






















































ҰОҚ өткізу жоспары 10.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Әртүрлі доптар
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Білім берушілік: Ермексазды дөңгелетіп, түрлі доптарды мүсіндеуді үйрету.
Дамытушылық: Қиялдары мен ойларын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету.
Қажетті құралдар: көрнекіліктер:Үлгі, ермексаз, таяқша, тақтайша, су, сүлгі, суреттер
Сөздік жұмысы: Әртүрлі доптар
Билингвальды компонент: доп- мяч
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Қуыршақ қыз енгізу.
Қуыршақ :
- Менің атым Айгүл.
-Балалар бұл не?
-Б.Ж
Балалар, бұл доп неден жасалған?
-Б.Ж
Доп қандай қатты ма, жұмсақ па?
-Б.Ж
Доппен біз не істейміз?
-Б.Ж
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Д/о «Өз орнын тап»

- Мен өз добымды жоғалтып алдым.
-Маған көмектесіңдерші?
-Б.Ж

Балаларға доптын суретін көрсетіп үлгі бойынша жасалу жолын көсету:

1. Ермексазды

жұмсартқызу;

2. Бөлшектерге бөлгізу;

3. Бөлшектерді домалатып доп шығарту.

Добым добым домала,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдіріп,

Ыдыстарды сындырып.

Тентек бала болғым кеп,

Тұрмын сені тепкілеп.

Сергіту сәті
4.Екінші бөлікті ескізіп, жолақ жасату.
5.Жолақты доптың бүйіріне жалғатқызу.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Не істедік?
Қуыршаққа доптарын беру. Қоштасу.




ҰОҚ өткізу жоспары 10.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Адал дос»

Міндеттері:

Тәрбиелік: Адал дос туралы түсінік беру, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Білім берушілік: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру,
Дамытушылық: Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: Суреттер,хрестоматия
Сөздік жұмысы:Адал дос
Билингвальды компонент: дос-друг
I.Мотивациялық – қозғаушылық
1. Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Балалар: Сәлеметсіздерме.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар орындарымызға жайғасамыз қазір жылдың қай мезгілі?

Бір аптада неше күн бар?

Біз неше күн балабақшаға келеміз?

Балабақшада сендер достарыңыз барма?

Айгерім айтағой біздің тобымызда досың кім?

Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір–бірімізбен доспыз.

2. «Тыңдайық та, ойлайық» — проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.

Әңгімелеу
В. Осееваның «Екі дос» әңгімесі.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, осы баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма көмектесер едім.
О
йын. «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Сөйлемдерді аудару, сұрақтарға жауап береу, орысшадан — қазақшаға сөздерді аудару.

Дос-друг
Адал — верный
әдемі — красивый

Ой шақыру. ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.

ДОС → Адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор

Сергіту сәті Ойын "Ауа райы"

— Ал, енді балалар орнымыздан тұрып ,бәріміз солға бұрыламыз. Енді,қолдарымызды алдында тұрған баланың арқасына қоямыз, кенеттен балалар далада жаңбыр сепелей бастады,қолдарымызбен жайлап арқасына ұрамыз, бір уақытта қатты жаңбыр жауды, арқасын қатты ұрамыз. Енді, балалар күннің көзі шықты, арқамызға күннің суретін саламыз.

Жарайсыңдар ойын ұнадыма балалар?

8. «Венн» диаграммасы

Антонимдер


 Ойын: «Ренжістік, достастық»

— Балалар, бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойын ойнаймыз.

— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).

— Сендерге татуласу ұнады ма?

— Не сездіңдер? (қуаныш, бақыт)

— Сендерге ренжіскен ұнады ма?

— Не сездіңдер? (уайым, қайғы)

Рефлексиялық-түзетушілік

— Бүгін не туралы өттік?

— Тобымыз  арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

— Сабақ сендерге ұнады ма?

Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз  аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.

Мен сендерге өте қуаныштымын.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі