400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

біздің балабақшаның ауласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік: Өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Білім берушілік: Балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету. Дамытушылық: Ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ өткізу жоспары 05.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Біздің балабақшаның ауласы

Міндеттері:

Тәрбиелік: Өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету.
Дамытушылық:
Ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар мен қайшы желім. Табиғи материалдар, желім, бояу үлгі суреттер

Сөздік жұмысы:Балабақша ауласы

Билингвальды компонент: балабақша-детский сад.

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Өлең шумақтарын оқу
Күлімдеген күн нұрындай
Тәрбиеші анамыздай
Білім менен тәрбиенің
Ордасына айналғандай
Бақшамыздың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды.

-Өлеңде не туралы айтылған?
-Б.Ж
-Дұрыс айтасыңдар

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Б.Ж
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
-Б.Ж
-Күз мезгілін жақсы көресіңдер ме?

-Б.Ж

-Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі.

-Аулада ойнайтын қандай құралдар бар екен?

-Б.Ж

Үлгі суреттер көрсете отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын құралдарды жасап көреміз бе?»-деп сауал қояды. Аулада не бар?

-Балалар ауладағы ойыншықтарды құралдарды атайды.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға,оңға түзу тұр!

Солға,солға түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Ал, енді балалар балабақша ауласына гүлдер жасайық.

-Жарайсыңдар балалар! -Қандай керемет гүлдер жасадық.

Рефлекциялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып, балабақша ауласының көрінісі болатындай жағдай жасайды.

Балалар өздерінің жұмыстарын көрсетіп не жасағандарын айтып береді.

ҰОҚ өткізу жоспары 13.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Достарыма арналған түрлі түсті шарлар.
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Достыққа тәрбиелеу, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Білім берушілік: Балаларға сурет салуды үйрету;
Дамытушылық: Пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамыту
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар: үш түрлі көлемде ойыншықтар, шарлар, шардың суреті, балаларға үлестірмелі көрнекіліктер, көңілді смайликтердің суреті.
Сөздік жұмысы:Достарыма арналған шарлар
Билингвальды компонент: шар – шарик; ойыншықтар – игрушки; қағаз – бумага;
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Күліп өмір сүрейік.

Ұйымдастырушылық-ізденістік
Үлгі суретпен жұмыс:

Тақтада шардың суреті ілініп тұрады.

Сұрақтар:

-Шардың пішіні қандай?

-Қандай түсті шарлар болады?

-Шар мен ойнағанды ұнатамыз ба?

Балалардың жауаптары.

- Балалар ойын ойнағылырың келе ме?

-Ия.

«Көлеміне қарай орналастыр» дидактикалық ойын.

Тақтада үш түрлі көлемде үш ойыншық ілініп тұрады. Көлеміне қарай үш түрлі түсті шарды ойыншықтардың көлеміне қарай орналастыру керек. Балалардың алдында үш түрлі ойыншықтар бекітілген суреттер тұрады. Соған балалар алдарында тұрған шарларды ойыншықтардың көлеміне қарай орналастырып шығуы керек.

-Үлкен шардың түсі қандай?

-Сары шардың көлемі қандай?

-Кішкентай шардың түсі қандай?

Шардың бейнесін жапсыру. Алдарымызда тұрған шардың бейнесін қағаз бетіне салу.

- Балалар салып жатқан шарымыздың түсі қандай?

- Сары.

Сергіту сәті.

«Көңілді қимылдар».

Қалай отырасың?

Міне былай!

Қалай күлесің?

Міне былай!

Қалай жүгіресің?

Міне былай!

Қалай қоштасасың?

Міне былай!

(мазмұнына сай қимыл – қозғалыстар көрсетеді)

- Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.

«Көңілді смайликтер» ойыны

Балалар ол үшін бәріміз экранға назар аударайық. Экранда әр түрлі көңіл күйді білдіретін смайликтер шығады, соларды салуымыз керек. Әр түрлі қимылмен, мимикамен.

- Балалар сендерге ойын ұнады ма?

- Ия.

- Көңіл күйіміз бір көтеріліп қалған сияқты.

Ұжымдық жұмыс:

Шарларды безендіру.

Балалар үш топқа бөлінеді, әр топқа үш түрлі түсті шарлар беріледі. Соны әр түрлі бейнелермен безендіріп шығуы керек.

- Жарайсыңдар балалар шарларымыз қандай әдемі шыкты! Сендерге ұнады ма?

- Ия.

- Балалар ендеше безендірген шарларымызды бір – бірімізге сыйға тартайық.
Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақтар:

Балалар бүгін біз ненің бейнесін жапсырдық?

Шарлардың пішіні қандай екен?

Мысықтардың пішіні қандай?


















































ҰОҚ өткізу жоспары 14.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: Дос (ертегі)
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Достарына әрқашан көмектесуге тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Достық қарым-қатынас жəне өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. 
Дамытушылық:
Ертегі желісін ретімен орындауға, түрлі мəтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алуға үйрету.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар:
Сөздік жұмысы:
Билингвальды компонент: дос- друг
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Шаттық шеңберін айтамыз.

Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

-Жылылық, қуаныш т.б

Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай: 
Жаманмен жолдас болсаң, 
Кесірі жұғар. 
Жақсымен жолдас болсаң, 
Несібі жұғар.

Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиеші балаларға достық туралы тақпақ жайында айтады.

«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?

Енді балалар мен сендерге бір қысқаша ғана әңгіме айтайын.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым балалар:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер дос туралы?

Адал достық пен амал достықты қалай түсінесіндер?

Әңгіме тыңдағанда не жайлы айтылған?
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау.
























































ҰОҚ өткізу жоспары 17.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қуыршақ бізге қонаққа келді

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балалардың ойыншықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім берушілік: Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын айтуды үйрету
Дамытушылық: Қонақжайлыққа баулу.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: шай ішіп отырған қыз баланың суреті.Ойыншық ыдыстар,тағамдар. Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері.
Сөздік жұмысы: Қуыршақ
Билингвальды компонент: қуыршақ-кукла
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Балалармен сәлемдесіп,олардың назарын шай ішіп отырған қыз бейнеленген суретке аудару. –Балалар,суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Ия,қыз бала шай ішіп отыр.
Үстелде тұрған заттардың аттарын айтайық.
–Мынау-нан,шай,қант,тәрелке,шәйнек, кесе. Нан,қант,шай тағамдар деп аталады.Кесе,шәйнек,тәрелке ыдыстар деп аталады.
Дыбыстық жаттығуы.
Ыс-ыс-ыдыс.
Ғам-ғам-тағам.
Осы сздерге сөздік жұмысы жүргізу.
Балалармен бірге қайталау. Ыдыстарға тағамдар саламын. Ыдыстардың түрлерін,үлкен-кішілігін сұрау. Ақ,қара,тәтті деген сөздерді қосып айтқызу. Топтағы ойыншық ыдыстарды әкелулерін сұраймын.Олармен ойнайтынын айтамын
Ұйымдастырушылық ізденістік
Ғажайып сәт.
Қонаққа қуыршақ Айжан келеді.
–Балалар, Айжан бізге қонаққа келді.Қазақ- қонақшыл халықпыз.
Қонақты күтуді,сыйлауды білуіміз керек.
Кәне, Айжанға шай жасайық. Деп ұсыныс жасау.Қантты, нанды тәрелкеге,шайды шәйнекке салып,шай дайындап,кесеге құямыз,деп айтып,үйретіп отыру. Балалар тағамдарды ыдыстарға салып,үстелге қойып,Айжанды үстелге шақырамын.
Сергіту сәті. 
Орнымыздан тұрамыз,
Аяқты нық басамыз,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Қолымызды жуамыз.
Алжапқышты байлаймыз.
Дастарқанды жасаймыз,
Ыдыстарды қоямыз.
Қамқоршы бала боламыз.
 
1. «Дұрыс көрсет,ажырат!»дидактикалық ойыны.Тағамдар мен ыдыстардың суреттерін беремін. Атын атағанда тез көрсетуі және ол тағам ба, ыдыс па-дұрыс ажырату керек. 
2. «Не артық?»дидактикалық ойыны. Суреттен артық затты табады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақтар беріп,оқу іс-әрекетін қорытындылау. Дұрыс айта алмаған балаларға көмектесу. Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.









ҰОҚ өткізу жоспары 17.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: Қонжыққа арналған пирамида
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Білім берушілік: Тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға, ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету.
Дамытушылық:
Қайшымен жұмыс істеу, қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету
Қажетті құралдар: ойыншық қонжық, пирамида,желім, сулық, ақ ақағаз ,үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмысы: түрлі түсті пирамида
Билингвальды компонент: қонжық- медвежонок, пирамида- пирамида
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбер.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға арналған «Қонжық» туралы видео таспадан мультфильм үзіндісін көрсету

Тапсырма :

«Пирамиданы құрастыруға көмектес»

Балалар бір-бірден шығып, сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші

пирамиданын сақиналардың пішіні қандай?

Тілге арналған жаттығулар

Зе-зе-зе-бұл шыны терезе

За-за-за- үйдің іші тап таза

Зу-зу-зу-күрекпен жер қазу.

Сөздік жүмыс:

түрлі түсті пирамида

-Қайталайды: түрлі түсті пирамида

Билингвальді компонент:

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріпа алайық

Қалтамызға салайық.

-Мәтінге сәйкес қимыл қозғалыс жасайды

Балалар жұмысқа кіріседі,пирамиданы жапсырады

2. Тапсырма:

Жұмыстың орындалу ретімен таныстыру. Қиылған сопақ пішіндерді үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз, үстіне домалақ шарды қоямыз. Енді бәрін желімдейміз.

Сопақ пішінін, екінші жағынан желімді жағып, әдемілеп желімдейміз. Келесі пішінді - оның үстіне кішісін және тағы біреуін солай желімдейміз.Үлестірмелі материалды қарастырады.

Ең үлкені- қызыл, көк, жасыл, сары

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Саусақ жаттығуларын орындау

Рефлексивтік-түзетушілік

-Қонжық балаларға алғыс айтады. Балаларды мадақтау

-Қуаныштарын білдіреді.

Дайын аппликациялардан көрме ұйымдастырады



ҰОҚ өткізу жоспары 19.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Пойыз

Міндеттері:

Тәрбиелік: Бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Құрылыс материалдарын пайдаланып пойыз құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық:
Басқа көлік түрлерінен айырмашылығын білу.
Алдын ала жұмыс жүргізу: Суреттер қарау

Қажетті құралдар: суреттер

Сөздік жұмысы: Паравоз, вагон.

Билингвальды компонент: Пойыз - поезд

I.Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар орындарынан тұрып, орындықтарды пойыз сияқты етіп, ретімен қойып, пойыз туралы ән шырқайды.

Пойыз әнін орындау

Пойыз, пойыз
Судай жаңа,
Жылтырайды шынымен.
Не бар екен пойызда?
Аю менен маймылдар,
Мысықтармен қояндар,
Міне, осындай пойызды
Балаларға сыйлаймыз.
Ұзақ, ұзақ,
Жол ұзақ.
Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар, біздің ойыншықтар саяхатқа шыққымыз келеді. Бірақ бізде пойыз жоқ, не істейміз?

Ендеше сабағымызға кірісейік.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық. Пойыз – көлік, теміржолмен жүреді. Пойызда паровоз бен вагондар бар. (суретін көрсету)

Балалар мен сендердің алдарында қиылған қағаздар яғни пойыздың вагондарын қойдым кане солады қағаз бетіне жапсырайық. Балалар вагон неше бөліктен тұрады. Көп бөліктен. Дұрыс айтасындар балалар.

Сөздік жұмыс: паровоз,вагон.

Балалар жұмыстанады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Пойыз тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады. Балалар казір жылдың қай мезгілі - қыс мезгілі. Қыста ауа-райы қандай болады? Қар жауады, аяз болады, күн салқын болады. Қыста неше ай бар - үш ай бар. Қандай айлар бар - желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазір айдың қай айы – Қаңтар айы.

Балалар мен сендердің алдарында қиылған қағаздар яғни пойыздың вагондарын қойдым кане солады қағаз бетіне жапсырайық. Балалар вагон неше бөліктен тұрады. Көп бөліктен.Дұрыс айтасындар балалар

Қайталайды: паровоз,вагон. Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді.

Сергіту сәті:

Пойыз: Ду-ду! Ду-ду!
Мен жүремін,
Мен жүремін!-деп шулайды,
Ал вагондар зулайды.
Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Ұшақ болып, балалар,
Ұшамыз биікке, биікке.
Жоғары қарай тартыламыз,
Енді жерге қонамыз,
Қолымызды төмен түсіреміз.

Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд

Балалар жұмыстанады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Пойыз тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады.

Қайталайды: паровоз,вагон. Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді.

Билингвальді компонент:

Пойыз-поезд.

Пойыз жасауға кіріседі

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балаларды ойыншықтардың атынан мақтайды.

Қуаныштарын білдіреді.










































ҰОҚ өткізу жоспары 06.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Білім берушілік: Ұжымда жеке жұмыстарды қосып сурет салуға үйрету.
Дамытушылық: Шығармашалық қабілетін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету, түсіндіру
Қажетті құралдар: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (ат, ботақан, мысық).
Сөздік жұмысы:Қағаз, қарандаш
Билингвальды компонент: ойыншық – игрушка, ат - лощадь
I.Мотивациялық – қозғаушылық
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
М.Әлімбаевтың

«Ойыншықтар» өлеңін оқып беру.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды.

Айтқаныңнан шықпайды.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс – әрекетінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды.

-Сенің қандай ойыншығың бар?

-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?

-Қандай? (Үлкен, кішкентай).

-Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба?

Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе?

Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.

Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».

-Кәне, сандықта не бар екен, деп балалардың көңілін аударады.

-Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен.

-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі.

Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:

Құлыншағым – құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.

Суреттен не артық екенін табады.

Балалар сандыққа қызығушылық танытады.

Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды.

-Менің ойыншық мысығым бар.

Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.

Мысығым аппақ.

Ол сүтті өте жақсы көреді.

-Менде құлыншақ бар.

-Құлыншақ кішкентай, әдемі. Мен құлыншақты жақсы көремін.

-Менде ойыншық ботақан бар.

Ботағанның құлағы, төрт аяғы бар.

Балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ойынды түсініп ойнауға талпынады.

-Суретте гүл артық, өйткеніол ойыншық емес.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады.

Балалардың түсінгендерін, қимыл-қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтайды.



















































ҰОҚ өткізу жоспары 21.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы ертегісі
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Білім берушілік: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
Дамытушылық: Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқаша әңгіме құрау дағдыларын дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
шаттық шеңбер
Қажетті құралдар: суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмысы: Ойыншықтар
Билингвальды компонент: ойыншықтар -игрушки
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар қараңдаршы, балабақшаға келгенде айналамызда нелерді көреміз?

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Жұмбақ жасыру.

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар, кім жауабын біледі? Бұл не?

-Балалар, бүгін біздер ойыншықтармен танысамыз.

-Қане бәріміз менің үстелімдегі ойыншықтарға қарайық.

-Қане, қоянды ұстап көріңдерші, қандай екен?

- Қоян туралы кім тақпақ біледі?

- Доп неден жасалған?

-Доп туралы кім тақпақ біледі?

- Машина неден жасалған?

-Машина туралы кім тақпақ біледі?

-Домбыра неден жасалған?

-Бір сөзбен не деп айтамыз? Бір ойыншықты ойыншық дейміз, көп ойыншықты ойыншықтар дейміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар,ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан, немесе пластмассадан, темірден т.б жасалуы мүмкін. Сонымен қатар біз ойыншықтарды мұқият, сындырмай, ластамай ұстауымыз керек.

-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың барма? Қандай?

- Көбіне қыз балалар қандай ойыншықты жақсы көреді?

«Қуыршақ» қандай әріптен басталып тұр?

-Ал ұл балалар ше?

Енді сендермен «Ойыншықтар» шығармасын тыңдап көрейік.

Ертеде сұлу әдемі қуыршақ болыпты.Ол өз әдемілігіне масаттанып басқа ойыншықтармен ойнамапты.

Достары аюдың баласы қонжық,қоянның баласы көжек,маймыл оны ойнауға шақырса бармапты.Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге құлап түседі.Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты.Оны байқаған ойыншықтар не істепті?

-Маймыл не істепті?

-Көжек қалай көмектесті?

-Ал көнжық шы?

-Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірде қызық емес екенін үғады.

Осыдан соң қуыршақ менмендігін ұмытып,сұлулығына мақтанбай достарының бәрімен тату болыпты.

Дидактикалық ойын: «Аукцион»

Сергіту сәті. «Қарлығаш»

Шығармашылық жұмыс: «Пирамида»

Ән: «Ойыншықтар»

Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылау.

Балаларды мадақтау.

Балалардың тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


 





















































ҰОҚ өткізу жоспары 24.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К.

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі

Міндеттері:

Тәрбиелік: Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Білім берушілік: Жиһаз атауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру, көрсету.
Қажетті құралдар: (бөлме жиһаздары суреттері), топтағы жиһаздар.
Сөздік жұмысы: жиһаз, кереует, үстел, орындық.
Билингвальды компонент: жиһаз-мебель, кереует-кровать, үстел-стол, орындық - стул.
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңберінде тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіру.

Балалар, Әйгерімнің өз бөлмесі бар екен. Кане, мына жаққа қараңдаршы?

Бөлмесі қандай?

Бөлмесінде не бар екен?

Дұрыс, жиһаздар. Жиһаз диван, орындық, үстел, кереует.

Мынау не?

Үстел не үшін керек?

Ол үстелдің түсі қандай?

Біздің топта үстел бар ма?
Ұйымдастырушылық –ізденістік
Мынау не?

Дұрыс, орындық.

Ол орындық не үшін керек?

Орындықтың түсі қандай?

Біздің топта орындық бар ма?

Мынау не?

Ол диван не үшін керек?

Мынау не? Дұрыс кереует.

Кереует не үшін керек?

Кереуеттің түсі қандай?

Біздің топта кереует бар ма?

Мынау не? Дұрыс, шкаф.

Ол не үшін керек?

Оның түсі қандай?

Біздің топта шкаф бар ма?

Балалар, сендердіңбөлмелеріңде қандай жиһаздар бар?

Билингвальды компонет:мебель, кереует-кровать, үстел-стол, орындық - стул.

Сергіту сәті.

Д/ойын: «Қайсысы жоқ?»

Балалар ойыншық жиһаздарды пайдалана отырып, жетпей тұрған жиһазды табуы керек.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топтағы жиһаздар, олардың атауы туралы сұрау.

Рефлексиялық-түзетушілік
-Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесінде қандай жиһаздар бар екен?

Мысық туралы тақпақты қайталап, оқу іс әрекетін қорытындылайды.










































ҰОҚ өткізу жоспары 24.09.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Орындық
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Үй жиһаздарын ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Құрылыс материалдарынан орындық пен креслоны құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Оларды құрастыруды ойланып , айырмашылығына мән бере білу.

Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету.
Қажетті құралдар: құрылыс материалдары және үлгі көрсеткіштер
Сөздік жұмысы: үлкен-кіші орындық, кресло көлденең, тік
Билингвальды компонент: орындық-стульчик
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Тәрбиеші үй жиһаздарын көрсетіп әңгімелейді.Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, орындық пен креслоның айырмашылығына назар аударады.Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатының айтып, тандау ұсынады.

Балалар оюлы кілемге назар аударады,құрылыс материалдарын түріне, түсіне, пішініне қарай таңдап алады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік.Креслоны.Ол үшін қандай құрылыс материалдарын пайдаланамыз.Алдымен орындықты қоятын кілемді , төсенішті қойып алуды ұсынады, құрылыстарды соның үстіне орналастыруға бағыт береді.Оның кеңістікте қалай орналасуы керек.Тәрбиеші бір кірпішті көлденең қояды,оның артқы жағына бір кірпішті тігінен тұрғызып оған жақындатып қояды.Үлкен орындық дайын болды.

Енді кіші орындықты жасау бұрынғы алған тәжірибелерін бекіту мақсатында өздері құрастыруларына болады.Ол үшін бір кірпіш,бір текше керек.

Текшенің артқы жағына кірпішті тігінен орналастырсақ орындық болады деп көрсетеді.Дайын болған кіші және үлкен орындықтарға біреуіне қуыршақты біреуіне мысықты орналастырады.Балалар дайын болған құрылыстарын ойын іс-әрекетімен жалғастырады.

Балалар үлкен кірпіштерді таңдап алады

Балаларды кіші орындықты құрастыруға арналған бір текше, бір кірпішті түсіне, пішініне қарай таңдап алады, іс-әрекетті орындайды және ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші балалардың барлық жұмыстарын қарап шығады. Үлкен және кіші орындықтарды құрастыруда құрылыс материалдарын кеңістікте қалай пайдаланғанын қарап, кейбіреулеріне дұрыс қоймаса қалай қою керек екенін ескеріп,өзіне түзеткізеді.

Жақсы құрылыстар мадақталып, қорытынды жасайды.

«үлкен» және «кіші» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап,өздерінің қандай орындықтар жасағандарын айтып береді.




























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
2392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі