400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі" ата-аналарға кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге ата-аналармен жұмыс кезінде керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақ бота» бөбекжай - бақшасы» МКҚК



















Кеңес

«Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі»
















































Петропавл қ

Қауіпсіздік үйден басталады

Статистикаға сүйенсек, жалпы жарақаттану құрылымында 15%-ға жуығы балалардың жарақаттануы болып табылады. Балалардың жарақаттануының ішінде бірінші орында тұрмыстық сипаттағы жарақаттар-жоғарыдан құлау,өткір заттардан жарақат алу,күю. Жарақаттың 80%-ға жуығын балалар үйде алады. Екінші орында көшеде жаяу жүрубарысында алынатын жарақаттар. Балалардың зақымдалуының негізгі себептерінің бірі ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы болып табылады. «Қауіпсіздік үйден басталады» жобасының мақсат балаларға өзін-өзі қауіпсіздендірудің қарапайым шараларын үйрету.

Петропавл қаласының ТЖБ ересектермен және олардың балдырғанына негізгі қауіпсіздік ережесін ескертеді.

Қоңырау шал:

101- егер үйде өрт шықса

102-егер пәтерде бөгде адамдар кірмекші болса

103- егер жақындарыңмен қатерлі жағдай болса немесе өзің зақымдансаң

104- егер газдың иісін сезсең

Пәтердегі қауіпсіздік ережесі:

-Қылтимаға шығып, төмен қарай еңкейіп қарауға болмайды, құлап кетуің мүмкін.

-Ересек адамдар болмағанда электр құралдары мен газ плитасын қолданба.

-Пышақ,қайшы,ине сияқты қауіпті заттарды қолдануға болмайды.

-Сіріңке мен оттықтар-ойыншық емес, оны қажет болғанда ғана қолданады.

- Тез тұтанатын сұйықтықтармен (бензин,керосин) ойнама.

Егер сен үйде жалғыз қалғанда өрт шықса,онда:

-төменге қарай еңкейіп,ғимараттан тезірек шығуға тырыс;

-бетіңді дымқыл шүберекпен немесе киіммен орап, сол арқылы тыныс ал;

-қандай жағдай болмасын өрттен төсек астына немесе шкафқа тығылма, өрт сөндірушілерге сені іздеп табуға қиынға соғады;

-егер сенің үстіндегі киім жанса, онда дереу тоқта және жерге құлап,жалынды сөндіргенше домала;

-егер алдыңда есік жабық болса,біріншіден алақанның сыртымен есіктің тұтқасын тексер. Егер ол ыстық болмаса есікті ашып бөлмеде түтін немесе жалын барма байқап көр, содан кейін ғана ол бөлмеге кір. Егер есіктің тұтқасы немесе есіктің өзі ыстық болса, онда оны ашпа.

Аулада:

-жақын маңда тұрған машиналардың,жолдың және жертөлелер мен шатыр асты жайларында ойнама;

-балаларға арналған құм алаңқайында абай бол, онда әйнек сынықтары, сынған сыра және арақ шөлмектері, сондай-ақ басқа да қоқыстар жиі кездеседі;

-балалар алаңқайының маңында үйретілмеген немесе әрекеттері қадағаланбайтын үй және дала иттері жүруі мүмкін, абай бол;

Өз балаңызға қауіпсіздік ережесін үйретудің ең жақсы амалы-оған үлгі болу. Егер өзіңіз қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз, онда балаңыз қауіпсіздік белдігін тағады деп күтпеңіз. Егер сіздің қызыл шамға жолданөткеніңізді көрсе, онда ол бағдаршамға бағынады деп немесе сіздің сөндірілмеген темекі тұқымын бүкіл үйде анда-мында лақтырып тастағаныңызды көріп жүрсе, ол отпен абай болады деп ойламаңыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі