400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің бақтар гүлдеді (ересек тобы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақшада қызмет жасайтын бейнелеу пәні мұғалімдеріне арналған оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біздің бақтар гүлдеді»


А.Куанышбекова, МКҚК «Алпамыс» балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы


Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Қатынас»

Бөлімдері: Сурет, жапсыру, орыс тілі

Мақсаты: Табиғатты қорғап, қадірлей-қастерлей білуге тәрбиелеу. Балаларды ағаштар мен гүлдерді күтіп баптауға, қамқор болуға үйрету. Орыс тілінде түстерді ажырыта білу, ұқсастығын таба білу. Оттиск өнерімен балаларды таныстыру. Дәстүрден тыс сурет салу техникасын қолдана отырып, көктемгі гүлдеген ағаштың суретін салуға үйрету. Гүлдің бейнесін жапсыра білуге үйрету.

Көрнекіліктер: суретті слайд, үлгі суреттер, көктем мезгілінің суреті, кемпірқосақтың, көктемгі гүлдеген ағаштың суреті.

Жабдықтар:умаждалған ақ парақ, гуашь, губка,су,түрлі түсті қағаздар, желім,сүлгі.

Билингвальды компонент: радуга-кемпірқосақ,семь-жеті,красный-қызыл, оранжевый-қызғылт сары,сары-желтый,зеленый-жасыл,голубой-көгілдір,синий-көк, фиолетовый-күлгін.


«Шаттық шеңбері»

-Қайырлы күн, балалар!

Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.

«Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, қонақтар.

Біз ерекше боламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз!»

Мұғалім:

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл

-Дұрыс. Мезгілдердің атын атап беріңдерші.

-Күз, қыс, көктем, жаз.

-Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын:

«Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады,

Ағаш басы бүршік шашып,

Гүл бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?»


-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

-Өте дұрыс! Ал, енді кім көктем айларының атын атап береді?

Көктем туралы кім тақпақ, мақал-мәтел біледі?

Балалардың жауабы.


Мұғалім:

-Балалар, көктемде күн жылына бастайды, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жануарлар, малдар төлдейді, жер көгере бастайды, ағаштар бүршік жарады.

Балалар, айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді?

- Бозторғай, қарлығаш, су құстары.

- Көктемнің алғашқы күндерінен бастап бой көтеріп гүлдер өсе бастайды. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Олар бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын гүлдері.

- Балалар, көктемде жаңбыр жауып балған соң, аспанда не шығады?

-Кемпірқосақ.

- Дұрыс! Ал, енді кемпірқосақта неше түс бар?

- Жеті.


Осы кезде әсем әуен орындалып, ішке Көктем ханшайымы кіреді.

- Здравствуйте, ребята!

- Я — Фея Весны, пришла издалека, из леса. Я вам принесла подарки, но чтобы получить подарки вам нужно выполнить задания!

Мен – Көктем ханшайымын. Мен сендерге алыстан келдім, орманнан келдім. Сендерге сыйлық әкелдім.

Сыйлықты алу үшін менің тапсырмаларымды орындауларыңыз керек.

Мұғалім:

- Балалар, Көктем ханшайымның тапсырмаларын орындаймызба?

Көктем ханшайымы:

1. Первое моё задания отгадайте загадку: «Цветное коромысло в небе повисло» (Радуга).

2. Сколько цветов у радуги?( Семь цветов (считают))

3. Какие цвета у радуги, назовите? (Красный, оранжевый, желтый, зеленый, голубое, синее, фиолетовое)


- Молодцы ребята, вы справились с заданиями. Жақсы, жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша жауап бердіңдер! Балалар, мен асығып тұрмын, тездетіп орманға жетуім керек, мына сыйлықтарды сендерге мұғалімнің өзі таратып береді. Сауболыңдар! Досвидания!

Мұғалім:

-Балалар, қарандаршы , мына гүлдеп тұрған ағаш өте әдемі екен. Бұл балалар, жеміс ағашы.

Оған әркез су құйып тұру қажет. Түбін қопсытып баптау керек. Сонда ғана ағаш жеміс бере бастайды.


Тақтада жапырағы, гүлі жоқ екі ағаштың суреті ілулі тұрады. Осы кезде Бағбан ата күрсініп ішке кіреді.

- Сәлеметсізбе! Ата сізге не болды?

Бағбан ата:

- Сәлеметсіңдерме! Мен бақшамдағы жеміс ағаштарыма күнде су құйып, жақсылап баптасам да өспей тұр. Не істесем екен?

- Балалар біздер көмектесеміз бе?

Ата сіз демала тұрыңыз, біздер қазір бір амалын табамыз.

Шығармашылық жұмыс:

Балалар, мына гүлдеген бұтаның суретін салайық. Бүгін біздер «оттиск» тәсілімен сурет саламыз.

Оттиск дегеніміз «көшірме» деген мағына береді, яғни көшірме тәсілімен сурет саламыз.

Мұғалім балаларды үш топқа бөледі.. Бірінші топқа «умаждалған қағазбен», екінші топқа «губкамен» көшірме тәсілімен гүлдерді салғызады. Үшінші топқа түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдерді қағаз бетіндегі бұтақтардың арасына қалай жабыстыратының көрсетеді.

Сергіту сәті:

«Гүлдей болып өсеміз,

Күндей болып күлеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелек болып қонамыз.»

Дайын болған балалардың суреті мадақталып,тақтадағы гүлі жоқ екі ағаштың үстіне ілінеді. Сол кезде екі ағаш гүлденіп, әдемі болады.

Осы кезде Бағбан ата келіп ағаштары гүлденгенін көріп, қатты қуанады:

- Балалар сендерге көп-көп рахмет.

Енді ағаштарым жемісін беретін болады. Күзде қонаққа келіңздер. Сауболыңыздардар!

- Сауболыңыз!

-Балалар ағаштар, гүлдер жақсы өсу үшін біздер не істеуіміз керек?

- Ағаш пен гүлдерге су құйып, түбін қопсытып, баптау керек.

-Орысша кемпірқосақты қалай айтамыз?

- Радуга.

-Гүлдерді салу үшін қандай тәсілді қолдандық?

- Оттиск тәсілін, яғни қағаздан гүлдің көшірмесін жасадық.

-Гүлдердің түсін қандай түспен боядық?

- Қызғылт, ақ түспен.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтармен қоштасайық.

Мұғалім балаларға Көктем хан-шайымның сыйлығын таратып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: көктемгі гүлдеген ағаштың суретін салып білу, жапсырып білу;

Нені игерді: ағаштар мен гүлдерді күтіп баптауға, қамқор болуға;

Нені білді: дәстүрден тыс сурет салу әдісін меңгереді. Орыс тілінде түстерді ажырата білу.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.01.2018
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі