Материалдар / "Біздің ел-Қазақстан" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біздің ел-Қазақстан" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне арналған концерт сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2024
266
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Хор: «Мәңгілік ел жастары»

І- жүргізуші:

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

ІІ-жүргізуші:

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,
қош келдің!

І- жүргізуші:

Ассалаумағалейкум,қазақ елі!

ІІ-жүргізуші:

Армысыздар,азат елдің айбынды азаматтары!Құрметті ұстаздар мен оқушылар,қадірлі қонақтар!

І- жүргізуші:

Алты алаштың арманы болған,арда елдің айбары болған Ұлы мереке-Тәуелсіздік күні құтты болсын

ІІ-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Біздің ел-Қазақстан» атты концертке қош келдіңіздер!

І-жүргізуші:

Тарқамасын қазақтың шағы қызған

Таси берсін бақ артып бағыңыздан.

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып сөйлеңіз ағыңыздан!

Құттықтау сөз мектеп директоры Калмуратова Сандуғаш Жамалқызына беріледі






Әдеби-музыкалық монтаж

1-оқушы:

Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 37 жыл толып отыр.

2-оқушы:
1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндерінде Республиканың бас алаңына шерулеп шыққан жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын!», «Жеріміз тоналмасын!» болды. Империя құрсауынан құтыла алмай келе жатқан қазақ халқының тарихындағы бұл алғашқы бас көтеру емес екендігі белгілі.


3-оқушы:

1986 жылғы оқиға осындай қозғалыстардың жалғасының бірі. Жарылғалы тұрған жараның көзі ашылды. Ұлттардың теңдігі әбден жалықтырғанына да көзі ашық жастар шыдамады. Сол жастардың көрген азабын ұмыт қалдыруымызға болмайды.
Хор: «Желтоқсан желі» әні /экранда бейнебаян көрсетіліп тұрады/


І- жүргізуші:

Тәуелсіздіктің қарлығашы бодандықтан босауына түрткі болған желтоқсан құрбандары біздің есімізде мәңгі сақталады.
Құрбан болған жастардың рухына 1минуттық үнсіздік жариялаймыз.


4-оқушы:

Азапты ауыр күндер артта қалды,

Еркіндік ернеуінен таптық балды.

Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,

Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.




5- оқушы:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

6- оқушы:

Асқақтап көк байрағы аспанымда,

Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында.

Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін

Азаттық арайланып дастанында.

7- оқушы:

Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,

Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.

Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,

Тәуелсіздік жайында осы жырым.

Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,

Бүгінгі жарқыраған келбетімен.

Тарихты сараласаң көзің жетер,

Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.

8- оқушы:

Тәуелсіздік аңсаған қайран елім,

Талай ғасыр соғыста қорғап жерін.

Арпалысып, алысып сыртқы жаумен,

Сақтай білді қазақтың ел бірлігін.


9-оқушы:

Тәуелсіздік бағы ғой қазағымның,
Өтеуі бұл сан қырлы азабының
«Қазақпын»-деп бұл күнде айта аламын
Біздер үшін еркіндік-таза ұғым.

10-оқушы:

Тәуелсізбін, еркінмін, азатпын мен,
Әлем жұрты тамсанған қазақпын мен
Ширек ғасыр ішінде көкке өрледім
Қай істе де алдамын, ғажаппын мен


11-оқушы:

Елім аңыз жаһанда тамсанады,
Осы едіғой қазақтың аңсағаны
Тыныштық, бейбітшілік, мұратымыз.
Біздер жақтан еседі жан самалы

12-оқушы:

Байлық толы, қарашы, дала қандай
Тауларыда тұғыр боп қаланғандай
Елбасымыз-кемеңгер, елім-дархан
Болашаққа бет алдық алаңдамай.


13-оқушы:

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

14- оқушы:

Мықтап ұстар асылым-Азаттығым,

Келешегім, ертеңім, ғажап күнім.

Сен боп, мен боп қосайық жеке үлесті,

Арқаласып халықпен мақсат жүгін.

15- оқушы:

Отыз екі жыл –егемен ел шалқығалы,

Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.

Көк байрағын алашым желбіретіп,

Өркениет төрінде жарқылдады.


16-оқушы:

Қуаныңдар, қарттарым, барша жасым,
Азаттықпен кеңіді арқа-басың,
Әр күніміз-қуаныш, шаттық-думан
Қазағымның тойлары тарқамасын!

Барлығы бірге:
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!




І-жүргізуші:


Қасиетті Қазақстан -мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнерлі жас өркенім.

Қыздардың әсем биін қабыл алыңыздар.


ІІ-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,  Туған тілім шұбарланба жарқыра.
саналы ұрпағымыз көбейсін деп,
Бас иемін ата баба рухына.

Ақпейілдің орындауында «Батырлар ұраны» әнін қабыл алыңыздар!

І-жүргізуші:

Тәуелсіз қазақтың қызымыз
Әлия, Мәншүктің ізіміз
Көк туы жайнаған,
Бұлбұлы сайраған
еліме арналар жырымыз!

«Қазақстан-Отаным » әнімен Айсара ,Аяла қыздарыңызды қарсы алыңыздар.

І-жүргізуші:

Қазақстан-Отанымыз.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

ІІ-жүргізуші:

Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.








І-жүргізуші:

Ата мен әженің тәрбиесі ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландырып тұрады. Көпті көрген көнекөздің өмірден алған тәжірибесі мол. Бар жылы-жұмсағын тауысып, ыстық-суығын ажыратып, бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата мен әже – кемел келешекке ақыл үлестіруші кемеңгер

ІІ-жүргізуші:

Келесі ән кезегін бүгінгі кешіміздің қонақтары-әнші әжелерірімізге берсек. «Бір әсем ән орындап беріңіздер»,- деп қолқа салсақ.

Ән: орындайтын әжелер

І-жүргізуші:

Аяулы, ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет деп», – деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін.
 
Әжем менің асыл жан,
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!

«Жақсы көрем атамды,жақсы көрем әжемді» әнімен Қазына мен Жәудір қыздарыңызды қарсы алыңыздар!

ІІ-жүргізуші:


Баланың бас ұстазы- ата-анасы.Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы,отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады.

Нұрсаяттың орындауында «Ана-әке» әнін қабыл алыңыздар!









ІІ-жүргізуші:

Таңғажайып атыңда дәл табылды.
Табылды да талай жұртқа таңылды.
Туған елім көкке жетті көк туың
Сен – тәуелсіз мемлекетсің ғұмырлы.

Алихан мен Біржанның орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар. Қошеметтеп қойыңыздар!

Флешмоб

І-жүргізуші:



Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.



ІІ-жүргізуші:


Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!

І-жүргізуші:


Сіздерге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, деніңізге саулық тілейміз.

ІІ-жүргізуші:


Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Жүргізушілер бірге:

Мереке құтты болсын! Қош сау болыңыздар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!