400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біздің Елбасы" тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының шығармашылық жолы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Боташым –ай бала-бақшасы»



Shape1





даярлық «Бәйтерек» тобы

Өткізген: Мухамеджанова Дамагай. Сериковна









2018-2019 жыл.

Мерзімі:

Тақырыбы: Біздің Елбасы!!!
Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар.
Барысы:
I. Кіріспе
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қадірлі қонақтар және оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз егеменді Тәуелсіз елімізге арналады.


Әнұран ойналады.


Құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгін бізде ашық сабағымыз өткелі тұр.

Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы!! тұңғыш Президент күні аталып өтілгелі тұрғаны белгілі. Сол Президент күніне байланысты бүгінгі сабағымыз "Балалық шаққа саяхат" деп аталады. Бүгін біз елбасымыздың балалық шақтағы өмірдерегімен танысамыз.

  • Әнұран орындау

  • 1 – желтоқсан –Президент күні. Қазақстан күнтізбесінде бұл күннің пайда болуы кездейсоқтық емес, ол біздің еліміздің толағай табыстарын, халқымызбен мемлекетіміздің тарихындағы ұлы бетбұрыстарды әйгілейді.

  • Қазақстанның тарихи табыстарының басты себептерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз тарихтың жолайрығы тұсында таңдап алған, содан бері бір сәтте айнымай ұстанып келе жатқан өзіміздің дербес жолымызбен, Қазақстанның даму жолымен келе жатырмыз. Әлемдік тәжірибені зерттеп, саралай отырып,біз эволюциялық даму жолын таңдағанбыз. Біз ешкімнің салған соқпағын көшіріп алғанымыз жоқ, өз елімізге, өз халқымызға қажетті жаңа жолды өз қолымызбен салып келе жатырмыз. Ең бастысы, бұл біздің қолымыздан келеді.» - деп нақты атап көрсеткен болатын.


Әр елдің егемендігін ,тәуелсіздігін көрсететін нышандары болады .Біздің елдің де нышандары бар.Бүгінгі тәрбие сағатында рәміздерімізді толық танысып , ондағы әр элементтін мән мағынасын ұғынуға тырысамыз.


Айша С -1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.

Дархан -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.


Кәусар -Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады.
Шапағат -Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
Аянат -Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды.

Диас -Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.

Мөлдір -Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
М Айша :
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі,

Диас -ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.


Айзере -Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Диас -Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Аружан : Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады.

Қазбек : Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Ислам :Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Рахман : Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.



Мұғалім : Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразия кеңістігі басты ықпалдастырушы – саяси көшбасшысы ретінде қабылдайды. Соңғы жиырма жыл бойы қарқынды даму үлгісін көрсетіп келе жатқан Қазақстанның саяси көшбасшылық моделі тек өз халқына емес, тұтас аймаққа, сол арқылы барша адамзат баласына пайдасын тигізіп келеді.

Сол себепті де, біз Президент күні – Қазақстанның тарихи табыстары күні деп нық сеніммен айтуға болады.


«Атамекен » әні





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі