Тақырыбы: «Біздің
Елбасымыз»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің
сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген,
елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр
танып.
Көк байрағың желбірейді
төріңде,
Гимнің
тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
орындалады)
Тәрбиеші:
Бағдарлап елдің
ертеңін,
Тыныштық тауып
жатпаған.
Болашақ үшін тер
төгіп,
Үмітін елдің
ақтаған.
Балалар бүгін біз
тәрбие
сағатымызды бастайық. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім
бейнеленген?
Балалар:
Нұрсұлтан
Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол біздің
президентіміз.
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті.
Балалар, сендердің
мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың
жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім
біледі?
Балалар:
Астанада!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Астанада Ақордада.
Балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар:
Астанада
Бәйтерек, пирамида, көп биік үйлер бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол
біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін
білесіңдер ме?
Иә, білеміз. Олар: ту,
әнұран және елтаңба.
-Жарайсыңдар, балалар!
Балалар Президент күніне
арналған тақпақтарын айтады:
1.Толтырған гүлге
даланы,
Жайнатқан ауыл
қаланы.
Ардақты
атамекенім,
Отаным Қазақстан.
Ұласхан
2.Сәулесі күн шатырлы
аспан,
Кең дала төсі толқыған
егін.
Көлдері күміс
шашқан,
Қазақстан –Республикам менің.
Інжу
3.Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып
жатпаған.
Болашақ үшін тер
төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Нұралы
4.Қиялы ұшқыр ойлы
адам,
Әлемге болған аты
аңыз.
Ұрпақтың қамын
ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Жансәуле
Балалар «Туды
құрастыр» ойынын
ойнайық.
Мен
сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден
туды құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?
-Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не
білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі
қандай?
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі
ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100
ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз
әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және
туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы
екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға
қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр? –
-Шаңырақ!
Дұрыс! Балалар шаңырақ
біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не
бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты
біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз
бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды
білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің
елдікі екенін білдіреді.
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта
кім туралы айттық? Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
-Ол
кім?
-Ол
біздің елдің тұңғыш президенті.
-Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
-Қазақстан!
-Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап
беріңдерші. Олар нені
білдіреді?
Жарайсыңдар,
балалар!