Біздің жарық жұлдыздарымыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің жарық жұлдыздарымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әрдайым биіктерден көрінуі , отбасының және мектептің жарық жұлдыздары екендігін ұғындыру және жарасымды қарым-қатынас орнату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан обылысы Қазығұрт ауданы «Диқан» жалпы орта мектебінің педагог-психологы : Асқарова Жадыра Әбдіманапқызы

Picture 2

Біздің жарық жұлдыздарымыз

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен жарасымды қарым-қатынаста болуы әрдайым тату тәтті өмір сүруі және отбасының осы мектептің жарық жұлдыздары екендігін түсіндіру

  1. Танысу жаттығуы

Менің есімім Жадыра Мен Жайдарлымын

2 Жүректен шыққан жылы лебіз

Мен сіздерге шын жүректен бақыт тілеймін....

3 Ертегі терапия «Ормандағы сұр лақ»

Ертеде кемпір мен лақ өмір сүріпті. Кемпір лаққа күнде орманға барма, онда қасқыр бар ол сені жеп қояды деп, қайта-қайта айта береді екен . Бір күні кемпір ұйықтап қалса, лақ орманға шығып кетеді, сосын оны қасқыр жеп қояды.

Енді сұрақ Кім кінәлі?

Талқылау: Балалар кемпір жоқ, қасқыр жоқ лақ кінәлі деп талқыға салады.

Кіңәні өзгеден емес өзіміздің бойымыздан іздеуміз керек. Сонда адам өз қателіктерін көріп жоюға тырысу керек.

Біреудің мінін көргенше

Жамандығын тергенше

Өз-ойыңды мазалап

Өз –бойыңды тазалап

Өзіңмен алыс өлгенше

«Жағымсыз қасиеттерді жою» жаттығуы

Парақты аламыз оны мыжыймыз іштегі жаман қасиеттерді параққа жібереміз оны бар күшпен ортаға лақтырамыз. Сонымен жаман қасеттер кетті.

«Армандар орындалады» жаттығуы (3 мин)

Мақсаты: Өзінің алдына қойған арман мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру. Балалар көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып қоғамдағы орнын , айналасындағы жандармен көз алдына елестетуге тырысады. 1-2 мин уақыт беріледі.

Келешекте өзін көз алдына қалай елестетететіні туралы айтып беру немесе қағаз бетіне түсіру .

Менің арманым болашақта президент болу бұл менің жай ғана арманым емес бұл менің басты мақсатым, сол мақсатыма жету үшін мен осы мектеп табалдырығында жақсы білім алып, тәртіпті оқушы болып, ұзтаздарымның айтқанын істеп, ата-анамның үмітін ақтап шығуым керек.

Менің арманым дәрігер болу, Қазіргі таңда жазылмай жатқан дерттерге шипасын тигізетін дәрі-дәрмек ойлап табу. Көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу.

Менің арманым профессор болу. Мен көптеген жаңалықтар ашып жаңа технологиялар ойластырып, оны халыққа пайдасын тигізу.



Менің арамным мұғалым болу. Дәрігерде, президентте, басқа салаларыңда тек мұғалімнің қолынан өтеді. Сенің профессор болуың, дәрігер болуың оның бәрі тек мұғалімнің арқасында деп ойлаймын.

Сергіту сәті

Балалар сендер білесіңдерма біздің қазақ әріптеріміздің пайдасы өте зор екен денсаулыққада және көңіл-күйгеде пайдасы мол.

А-бүкіл ағзаға жемісті ықпал етеді екен.

Е- қалқанша бездеріне әсер етеді.

И-ми көздер, мұрын құлаққа әсер етеді.

О-жүрекпен өкпеге әсер етеді

У-ішке,қарындағы, мүшеге ықпалы бар.

Я-бүкіл ағза жұмысына ықпал етеді.

Х-ағзаның тазаруына көмектеседі.

ХА-көңіл-күйдің көтеруіне әсер етеді.



Сергіту: Видео ролик «Жігерлендіру» «Қанағат қыл басыңдағы бағыңа»



«Мен саған сенемін» жаттығуы

Екі-екіден жұпқа бөлініңздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар.

Енді рет-реттеріңізбен мынандай сөздерді бір-бірлеріне айтыңыздар.

«Мен сенімдімін , сен алдағы уақытта өз ісіңнің шебері болады деп , Мен сенемін маған алдағы уқытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз»

«Мен сенімдімін сен алдағы уақытта өз ісіңнің шебері болады деп, Мен сенемін маған алдағы уақытта көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз.»

«Мен сенемін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсыз »

«Мен сенемін сен әрдайым көмекке дайынсың , сенімдімін сен мені көмек беруге дайынсың»

Хормен : БІЗ СЕНІМДІМІЗ , СІЗДЕР БІЗ ТУРАЛЫ ЖАҚСЫ ПІКІРДЕСІЗДЕР. ҮМІТ , СЕНІМ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.......

Қоштасу: Май –шам Шырақ жаттығуы . Қоштасуға май шамды алған себебім жарық деген, әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтанда алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.

Біздің жаттығуымыз аяқталуына жақын қалды. Мен сендердің осы тренингкке қатысқандарың үшін ризамын. Мен сендермен жұмыс жасағаныма қуаныштымын. Ал қазір май шамды жағамын .

Енді бір-бірімізге жылы сөзімізді айтып май шамды береміз.

«Сенің өмірің осы жарық сияқты әрқашан жарық болсын. Рахмет. »

«Сенің өмірің осы жарық сияқты жылуы болсынРахмет»

«Сенің өмірің осы жарық сияқты жан-жаққа сәулесін төгіп тұрсын.Рахмет»

«Сенің өмірің жарыққа толы болсын Рахмет»

«Сенің өмірің осы жарық сияқты әрдайымжанып тұрсын, ешқашан сөнбесін»

«Сенің өмірің осы жарық сияқты жарқын болсын»

«Сенің өмірің жарық сияқты нұрланып тұрсын»

Сіздердің өмірлеріңізде осы жарық сияқты жап-жарық ашық болсын. Ешқашан сөнбесін!!!!!











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі