400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің кафеде. Буын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің кафеде. Буын

Осы сабақта негізделген оқу мақсаты (Оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1. Мәтін мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы

1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз,сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.3.5.1Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сурет сызба,сурет белгілерінқолданаотырып,жай сөйлемдер мәтін құрастыру және жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Көгөністердің адам денсаулығына пайдасы зор екендігін біледі.

Көптеген оқушылар: Қандай тағамға қандай көгөніс қосуға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар: Өлеңдегі көгөніс суреттерінің орнына олардың атауларын қойып мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

Сөздерді тұтастай оқиды.

Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Көгөніс

Құндылықтарды дарыту

Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Бастапқы білім

Көгөністердің пайдасы туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин








Ынтымақтастық ахуалын құру

Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. «Жақсы тілек».

Топқа бөлу: «Санамақ» ойыны арқылы

Қызығушылықты ояту: (Ұжымдық)

Болса да ащы, Дәмді етер асты.

Өседі ол жерге, Тығып ап басты (пияз)


Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз палауды. (сәбіз)


Бақшамызда өседі, Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы, Ащы – тұщы бәрісі. (картоп)

Бағалау: мадақтау







Жұмбақ



Ортасы

40 мин





1-жаттығу. (Ұжымдық)

Сюжетті суретпен жұмыс

  1. Суреттен қандай бөлмені көріп отырмыз?

  2. Тағам дайындау үшін бізге қандай құралдар қажет?

  3. Үстел үстінде қандай көгөністер бар?

  4. Үстел үстіндегі көгөністерге қарап қыздың қандай тағам дайындағалы жатқанын айта аламыз ба?

  5. Ең алдымен қазанға не салу керек?

Бағалау: смайлик

2 – жаттығу (Топтық жұмыс)

Көгөністердің пайдасы туралы қызықты ақпараты бар суреттерді іріктеп алып, қосымша мағлұмат беру.

Топтық жұмыс

Әр топқа әртүрлі көгөністердің суреттері беріледі және олардан қандай тағам жасауға болатынын және ол тағамның қалай дайындалатынын жазады.

Әр топ өз жұмыстарын топта жариялайды.

Басқа топтардың жұмыстары туралы пікірлерін білдіреді.

Бағалау: смайлик

3-жаттығу (Жұптық жұмыс)

Оқулықта берілген жұмбақты жұмыс дәптеріне көшіріп жазғызу.

Жұмбақ шешуіне дыбыстық талдау жасату.

Орындалған жұмысты жұптық жұмыс түрінде өзара бағалау.

Бағалау смайлик арқылы


4-жаттығу (Ұжымдық жұмыс)

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Көгөніс атауларын орындарына қою.

Тақтамен жұмыс жасату. Көгөніс атауларын буынға бөліп жазу.

Көгөністер туралы өздері білетін тақпақтарын сұрау.


Сергіту сәті

«Дұрыс, дұрыс емес» ойыны

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ортада екі бос орындық тұрады. Біреуі дұрыс, екіншісі дұрыс емес дегенді білдіреді. Мұғалім бір тұжырымды айтады. Топтардағы оқушылар ол тұжырым дұрыс болса, дұрыс орындығына бірінші отыруға таласады. Мысалы: Көгөністердің адам денсаулығына пайдасы зор. Бұл – дұрыс тұжырым.


Дәптермен жұмыс (Жеке жұмыс)

№1 жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындату.

Бағалау смайлик арқылы .



Сюжетті сурет










Қызықты ақпараты бар суреттер















Жұмыс дәптері
















Жұмыс дәптері




Соңы

1 мин

Кері байланыс:

Смайлик арқылы




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы







Сабақ бойынша рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі