400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің кафеде. Буын.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: А.Т.Бисенова

Қысқа мерзімді жоспар

Cабақ: Сауат ашу


Мектеп: Достық жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

Хайдарова Аяжан Серікқызы

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «б»

Қатыспағандар саны:-

Ортақ тақырып:

Тағам және сусын

Бөлім

Тыңдалым және айтылым

Бөлімше

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың тақырыбы

Біздің кафеде. Буын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтінмен жұмыс істеп сұрақтарға жауап бере алады. Берілген сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады және сахналық қойылым көрсете алады.

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып жай сөйлемдер құрастыра алады.

Ойлау деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану, талдау, құрастыру, бағалау

Бағалау критерийлері

1.Сөзді буынға бөледі

2.Сөздегі буын санын анықтайды

3.Буындардан сөз құрастырады

4.Сөзді буынға бөледі және сызбамен көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік , ізеттілік, достық

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі

Тілдік құзыреттілік

Буын – слог – syllable

Сөз-слова- word

Талқылауға берілген сұрақтар

Әріптер мен дыбыстардың айырмашылығы қандай?

Буынды қандай дыбыстар құрайды?

Буынның қандай түрлері болады?

Бұған дейін меңгерілген білім

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау

Ұ –ұжымдық жұмыс, Т- топтық жұмыс,

ЖЖ-жұптық жұмыс, Ж-жеке жұмыс.

Жоспар

Жоспарлнған уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Дереккөздер/

ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

















Сұрақ –жауап минуты


-Сәлеметсіздерме, балалар!

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп , бір-бірімізге бүгінгі сабақта сәттілік тілейік.

«Менің есімім» ойыны

(әр оқушы өз есімдерін буынға бөліп , неше буын бар екенін айтады)

-Балалар, біздер жаңа не істедік?

-Иә, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

-Буын нелерден құралады?

  Буын – слог – syllable

Сөз-слова- word
1) Дыбыс дегеніміз не?

2) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Оларды ата.
4) Дауысыздыбыстардың қандай түрлері бар?

«Сапалақ» ойыны арқылы дыбыстардың түрлері туралы білімімізді пысықтайық.










Шаттық шебері











Сабақтың ортасы

12 минут



























Проблемалық сұрақ











1-топ











2 топ


















3 топ
















4 топ

  1. Тапсырма (Барлық сынып)

Мәтінмен жұмыс

Түсініп оқу Түсінгені бойынша сұрақтарға жауап беру

Балалар анасымен кафеге келді. Олар тапсырыс беру үшін даяшыны шақырды. Осы арада екі бала бір-бірімен сөйлесіп те үлгерді.

  • Сенің анаң қайда жұмыс істейді?

  • Менің анам – дәрігер. Ал сенің анаң қайда жұмыс істейді?

  • Менің анам- наубайшы. Ол адамдарға нан пісіреді. Нансыз ешкім де өмір сүре алмайды.

Дескриптор: Білім алушы

-Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқиды;

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. «Смайлик» арқылы бір-бірін бағалайды

2-тапсырма

Әр оқушы жеке

1 жаттығу. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаз. Дәрігер, наубайшы сөздерін буынға бөл.


Дескриптор: Білім алушы

-Қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жазады;

-Сөздерді буынға бөледі.

ҚБ: Мұғалімнің «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауы


-Сөздердегі буындар санын қалай білдің?
(Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылай отырып, төмендегі ережені түсіндіру, 20 - бет)

АнықтамаСөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады: ақ,

уа-қыт, жү-рек.

Буын

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

А-на,

әке,

а-ға,

Ал-ма

Ба-ла

Қа-ла

Ант

Нан

Қант


Топтық жұмыс.( оқушылар дорбадан асықтарды алып, асықтардың түстеріне қарай топтарға бөлінеді)

Тапсырма

Берілген буындардан сөз құрастырып айтыңыз. Әр сөзде неше буын бар?

Дескриптор: Білім алушы

- буындардан сөз құрап айтады;

- әр сөздің буын санын анықтайды.


Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Сөздердің буын санын анықтаңыз. Оларды буын

санына қарай топтастырып айтыңыз.

Бір буынды сөздер


Екі буынды сөздер


Үш буынды сөздер


Дескриптор: Білім алушы

- бір буынды сөздерді атайды;

- екі буынды сөздерді атайды;

- үш буынды сөздерді атайды.


Берілген буындардан сөз құрастырып, кестеге жазыңыз. Сөздегі буын санын

к

дақ

бал

өрсетіңіз.

шы

су

сын


рын

мұз



Үлгі: бүл-дір-ген - 3 буын

Сөз

Буын саны







Дескриптор: білім алушы

буындардан сөз (екіден кем емес)

құрастырады;

сөздегі буын санын анықтайды.


Буындарды сәйкестендіріп, сөздер құрастыру . Қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасату.

Жү бат

Та ран

Би зім

Ай дай

Шұ ры


ҚБ: әр топ бір-бірін «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.


оқулық














жұмыс дәптері



Сергіту сәті


Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үші бір, екі, үш

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.



.


Қалыптастыру-шы бағалауға арналған тапсырма

Карточкамен жұмыс (Жеке жұмыс)

Тапсырма

Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Буынды сызбамен көрсетіңіз.

Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- заттың атауын буынға бөліп айтады;

- сөзді буынға бөлу сызбасын көрсетеді;

- сөздегі буын санын анықтап, жазады

ҚБ: мұғалім смайликтер арқылы бағалайды.

карточка

Оқулықпен жұмыс

2-жаттығу. Сиқырлы сандықшадан ізетті сөздерді ізде. Өтінемін, мүмкін болса, ғафу етіңіз, кешіріңіз, сізді бола ма, тапсырыс берейін деп едім...


3-жаттығу. «Кафеде» тақырыбына сурет бойынша сахналық қойылым көрсетіледі.

( Жұптық жұмыс)


ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы бағалау.

Picture 2


Picture 1

Сабақтың соңы

2 минут


«Кім жылдам» ойыны. Оқушылар суреттен бір буынды, екі буынды және үш буынды сөздерді шапшаң тауып айтады.


Кері байланыс.

«Еркін микорфон» стратегиясы арқылы сабақты қорыту.

-Бүгінгі сабақта сіз не үйрендіңіз?

-Сізге сабақ несімен ұнады?

-Бүгін сіз үшін жаңалық не?

-Сіз бүгінгі сабақта не үйрендіңіз?

-Сөзді неге бөлеміз?

-Буынның неше түрі болады?

-Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз?

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін.

«Алма ағашына жапсырамыз»

(өз есімдерін жазады)

Жасыл- барлығын түсіндім

Сары- түсінемін, бірақ барлығын емес

Қызыл– түсінбеймін, қайталап қарау қажет.








А лма ағашы суреті

стикер

Саралау – тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында төмендегідей тапсырма ұсынылды.




Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Интерактивті тақтаны уақытымен дұрыс пайдалану. Оқушылардың жазу кезінде партада түзу отыру.

А)Топтық жұмыста буындардан сөздер құрастырады, сөздерді буынға бөле біледі

В)Жұптық жұмыста бір-біріне сурет бойынша сұрақтар қойып жауап беріп, сахналық қойылым көрсетеді.

С) Сөздердегі буындардың түрлерін ажырата біледі, сурет бойынша диалогтік әңгім құрастырады.


ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы




ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



ҚБ:«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


ҚБ:«Смайлик» әдісі арқылы бағалау



ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы өз-өздерін бағалайды.

Партада дұрыс отыру, тазалық сақтау, интербелсенді тақтаны 15минуттан арттық отыруға болмайды.

Сергіту сәті





























































буын – слог – syllable

сөз-слова- word









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі