400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Біздің көмекшілеріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________ Тексерілді:____________

Бөбекжай басшысы А Қайранбаева әдіскер: Н. Абсаттарова



Күні: 14.11.2017

Тәрбиеші: А. Куланбаева

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Біздің көмекшілеріміз.

Мақсаты: Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу, көмекші құралдардың маңызын түсіндіру.

Билингвалды компонент: еңбек-труд-labour, күрек-лопата-shovel, балта-топор-аxe, тырма-грабли-rake, сыпырғыш- веник- broom, ожау- черпак- scoop.

Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Саламатсыздарма-здравствуйте-good morning

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Далада қандай өзгерістерді көріп жүрсіңдер?

-Қыста адамдар қандай киімдер киеді?






-қыс

-күн суытты, қар жауды

-жылы, қалың киімдер, бас киім, қолғап


Ұйымдастыру-іздестіру.

Ғажайып сәт

Топқа қолдарына қорапша ұстап екі бала кіреді

-Сәлеметсіңдерме, балалар біз сендерге қонаққа келдік.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме, балалар, келе қойындар, мына жерге отыра қойыңдар

-Балалар, Сабина мен Шерхан сендерге күнделікті не істейтінін айтқылары келіп отыр екен.

Сабина: балалар мен еңбек еткенді жақсы көремін. Анам уй жинап жатса, мен шаң сүртемін. Ол тамақ пісіріп жатқанда, мен ыдыс жуамын. Мен анамның көмекшісімін.

Шерхан: ал мен әкеме көмектесемін. Әкем отын шапса мен сол отындарды жинаймын, әкеммен бірге қар күреймін.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендер еңбекқор балалар екенсіңдер

Шерхан: балалар мына заттарды сендерге әкелдік, біз кетейік. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Рахмет балалар, бұның ішінде не бар екен?

Қорапшаны ашып ішіндегі заттарды шығарады.

Балалар, бұл жұмыс жасайтын құралдар екен.

Бұл заттармен әр түрлі жұмыстар жасаймыз.

-Мынау ожау. Ожауды анамыз тамақ пісіру үшін пайдаланады,

-Сыпырғышпен үйімізді сыпырамыз,

-Ал мынау күрек. Күрекпен қыста қар күрейміз, күн жылынғанда бақшада жұмыс жасаймыз.

-Бұл кетпен. Кетпенді де күн жылынғанда бақшада жер қопсыту үшін пайдаланамыз.

-Мынау тырма. Тырманы жапырақ, шөп жинауға пайдаланамыз.

-Балтамен әкеміз отын жарады.

Балалар бұл заттар біздің көмекшілеріміз.


Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»

Слайдпен жұмыс.

Үлкендердің еңбек етіп жатқаны бейнеленген суретті көрсетіп,сұрақтар қою, балалармен жеке жұмыс жасау:

Суретте не бейнеленген?

Қолдарында не бар?

Олар не істеп жатыр?

Балалардың жауабын толықтыру.

Билингвалды компонент:

еңбек-труд-labour, күрек-лопата-shovel, балта-топор-аxe, тырма-грабли-rake, сыпырғыш- веник- broom, ожау- черпак- scoop.



Сергіту сәті:

Балаларды ортаға шақырып, музыка әуенімен, «Құралдармен жұмыс» жаттығуын жасау.

Балалар, көрдіңдерме біз тек жұмыс жасап жатқан жоқпыз, біз бір жағынан денемізді шынықтырып жатырмыз, қол, аяқ, беліміз қозғалып жаттығулар жасап жатырмыз.








-Сәлеметсіңдерме















Балаларды тыңдайды

















Сау болыңдар!













Балалар, тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды



















Балалар, әр заттың сыңарын табады





Суретті тамашалап,сұрақтарға жауап береді.

-Адамдар жұмыс жасап жатыр

-күрек

-қар куреп жатыр



Балалар тәрбиешінің айтқандарын қайталайды









Жаттығуды қимылдар жасап орыңдайды.


Рефлексивті-түзетушілік.

Ұжымдық жұмыс:

«Құралдардың егесін тап» ойыны.

Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар.




Суретке қарап өз егесін табады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көмекші құралдардың атауларын,

Нені игереді: үлкендердің еңбегін бағалауды

Нені біледі: денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі