400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің ойыншығымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету. Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өткізілген күні: 30.11.2016

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Біздің ойыншығымыз.

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету. Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 13 демонстрациялық материал. (күшік, мысық, лақ, қозылардың суреттері).

Сөздік жұмыс: қозылар, күшіктер.



Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.


Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.



Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, ыстық тілектерін айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

№13 демонстрациялық материалмен жұмыс.

-Балалар, сендерді ата-әжелерің, әке-аналарың қандай сөздермен еркелетеді?

-Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің ат-аттарымен еркелетеді екен. Тәрбиеші балаларға бір үй жануарының және олардың бірнешеу болып тұрған суреттерін көрсетеді.

-Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?

Олардың баласы(төлі) қалай аталады?

-Бірнеше қозыны қалай айтамыз?

-Бірнеше күшікті ше?


Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.


«Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.

Шарты: үй жануарларының қалай дыбыстайтынын қайталау.

Тәрбиеші жануарлардың суретін көрсетеді:

-Бұл не?

-Сиырдың төлі қалай аталады? Ол қалай дыбыстайды?

-Мынау не?

-Қой төлін қалай атаймыз?

-Қой мен қошақан қалай дыбыстайды?


-Құлыным, ботақаным, лағым, қошақаным.







-Қой, ешкі, сиыр,т.б.

-Қозы, лақ, бұзау т.б.

-Қозылар.

-Күшіктер т.б.



Өлең мазмұнына сай құлынның қимылдарын келтіреді.




Ойынға кіріседі.




-Сиыр.

-Бұзау. «Мө-мө-мө» дейді, яғни мөңірейді.

-Қой.

-Қозы, қошақан.

-«Мә-мә-мә» дейді, яғни маңырайды

Рефлексиялық-түзетушілік


Балалардан үйде, балабақшада кіммен ойнайтындарын, қандай ойыншықты жақсы көретіндері туралы сұрап, жауап алу.


Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже:


Орындайды: «ә», «ө» дыбыстарын дұрыс айтуға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: жануарлар мен олардың төлдері туралы мағлұматтарды;

Қолданады: тәрбиеші сұрақтарына тыңғылықты жауап беру іскерліктерін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі