400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің ойыншығымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ойыншықтарды таныстыру. 1.Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір-бірінен түсіне, пішініне қарай ажырата білуге үйрету,жұмсақ,пластмасса, резинка, қуыршақ Ақботаға көмек беру,дамытушы ойындарды айту,тақпақ,санамақ жатқа айтуға, ойыншық дүкенімен таныстыру. 2.Балалардың сөздік қорларын молайту,есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту. 3.Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: « Қатынас» Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту» Тақырыбы: «Біздің ойыншығымыз» Мақсаты: Балаларға ойыншықтарды таныстыру. Білімділік: 1.Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір-бірінен түсіне, пішініне қарай ажырата білуге үйрету,жұмсақ,пластмасса, резинка, қуыршақ Ақботаға көмек беру,дамытушы ойындарды айту,тақпақ,санамақ жатқа айтуға, ойыншық дүкенімен таныстыру. 2.Балалардың сөздік қорларын молайту,есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту. 3.Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын. Көрнекіліктер: Әртүрлі жұмсақ матадан,резинадан,пластмассадан жасалған ойыншықтардың түрі,машина телешкісімен,сылдырмақ, көктем мезгілінің суреті.


Оқу –қызметінің түрлері

Педогогтің - қызметі

Балалардың - қызметі

Мотивациялық қозғаушылық


Сәлеметсіздерме балалар!

Мен ойыншықтар патшайымымын мен ойыншықтар әлемінен келдім қане бәріміз жылулық шеңберіне тұрайықшы.

Жылулық шеңбері:




-Рахмет балалар орындарыңызға отыра қойыңыздар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?

Өйткені күн жылынып, қар еріп,адамдар жеңіл киімдерін киіп,құстар келіп жатыр.

Көктем мезгілінде неше ай бар? Бәріміз бірге айтайықшы. Балалар сендер немен ойнайсыңдар?

Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.

Балалар сіздерге мамаларың ойыншықтарды қайдан әкеледі


Балалар педагогпен бірге қайталап айтады.



-Амансың алтын күн!

-Амансың ба достарым!

-Тілейміз сіздерге жарқын күн!


Көктем



Үш ай Наурыз,Сәуір,Мамыр

Ойыншықпен Қуыршақ,машина,доп.

Ұйымдастырушылық –ізденістік





Сіздер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіздер, ойыншықтармен танысайық, неше түрлі заттардан жасалады.Мен сіздерге өзіммен бірге жұмсақ матадан, резинадан және қатты пласмассадан жасалған ойыншықтарды ала келдім. Аю, доп қуыршақ,. Ойыншықты сындыруға болмайды, оны таза ұқыпты ұстау керек. Бұл ойыншықтардың бәрін дүкенде дүкенші апай сатады.

Балалар бәріміз дүкенге барып, ойыншықтармен танысайық. Қане балалар бәріміз машинаға мінейік.

- Тосын сәт:

Дүкенге барайын деп машинаны оталдырып жатырғанда, жылап бір қуыршақ келеді.

«Сәлеметсіз бе, қуыршақ сен неге жылап келе жатырсың?»

Сенің атың кім?

Сен жыла ма? Біздер ойыншықтар дүкеніне бара жатырмыз, сенде бізбен баруға келісең бе?

Балалар Ақботаға көмектесеміз бе?

Ойыншығын тауып беруге, өзімізбен бірге дүкенге алып барамыз ба?

Сәлеметсіз бе, дүкенші апай

Сәлеметсіздерме! балалар.

Біз сіздің дүкеніңізден ойыншықтарды көруге келіп едік рұқсат етесіз бе?Бірінші балалар өздеріңнің ойыншықтар туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші

Сіздер ойыншық туралы тақпақты өте жақсы біледі екенсіңдер

Дүкенші: Балалар сіздерге тапсырма:

«Кім жылдам» ойыны. Шарты: ойыншықтарды көрсеткенде, олардың аттарын түстерін пішінін неден жасалғанын жылдам айту керек. 1)Балалар мынау қандай ойыншықтар? Түстері қандай? Құлағы қандай пішін,басы ше?Неден жасалған? өте жақсы балалар. Сәуле осының ішінде сенің ойыншығың бар ма? Келесі жерді қарайық бұл жерде бар ма екен ? 2)Балалар мынау қандай ойыншықтар? Түстері қандай? Пішіндері қандай? Неден жасалған?



Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар машинамен ойыншықтар дүкеніне баратындарына мәз болады.

- Қуыршағымды жоғалтып едім. Басқа ұқсайтын қуыршақ сатып алайын деп едім, дүкенді табалмай жүрмін. Ешкім дұрыс жол көрсетпеді.

- Менің атым Ақбота

- Дүкенге бара жатырсаңдар меніде ала кетіңіздерші

Ия көмектесеміз

- Ақылбек:

Іші толған бөлменің ,

Ойынешығым мол менің

Босқа тізіп қоймайық,

Достарыммен ойнайық Жұлдыз:
Ойыншықтарым көп менің Бәрін жақсы көремін, Кешке дейін жалықпай Бірге ойнап жүремін Алинұр: Ойыншықтарым қандай әдемі! Қызыл, сары, қоңыр-көк Түрлі-түрлі түстері, Көз тартады өздері. Балалар ойыншықтарды ұстап көріп, аттарын атайды. Қоян түсі жасыл, ұзынша, домалақ, аю түсі сары жұмсақ матадан жасалған. Ақбота: Мына ойыншықтардың ішінен де



Балалар енді қайдан тауып береміз?

Тағы ойыншықтар тұр екен сол жерден іздейік. Осы жерден біздің жолымыз болар. 3)Балалар мынау қандай ойыншықтар? Түстері қандай? Пішіндері қандай? Неден жасалған?

Ақбота қуыршағын таптық . Тәрбиеші: Енді бізге Ақылбек ойыншық туралы санамақ айтып беремін дейді қане, тыңдайық.

Сергіту сәті: Сылдырмақ-сылдырмақ Тұрады әркез сылдырлап. Сылдырмақ-сылдырмақ Бір сәт тұршы сыбырлап Ойын: «Ойыншықтардың сыңарын тап» Шарты: Балаларға аю, қуыршақ, допты сыңарын табу керек.

Балалар енді машинамен қайта тобымызға барайық

табалмай тұрмын.

Бұл мұнара, түстері қызыл, жасыл, сары, пішіні дөңгелек, пластмассадан жасалған.

Ақбота: Алақай!

Пластмассадан жасалған ойыншықтар ішінен қуыршағымды таптым.

Сіздерге рахмет балалар. Балабақшаға жақсы аға, көп-көп ойыншық әкелді

1-аю, 1-қуыршақ,1-доп.

Шатасып қалма бірақ та.

Балабақшаға жақсы аға,

Қандай ойыншық әкелді?

Қане балалар кім санап үлгерді. Дұрыс үш ойыншық. Қимылмен сергіту сәтін орындайды.

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Қуыршақ: Достар сіздерге көп-көп рахмет менің қуыршағымды тауып бергендеріңізге қуаныштымын.

Ойын: «Суретті таны»

Шарты: Бейне тақтадан суретті танып іс-қимылын әңгімелеу.

Достарым сіздер өте тапқыр, білгір, алғыр балалар екенсіздер. Менің сіздерге сатып алған қуыршағымның ішінде сыйлығым бар, соны сендерге табыс етейін.

Қуыршақ қоштасып шығып кетеді.

Балалар біз кімге көмектестік?

Дүкенге барғанда неден жасалған ойыншықтармен таныстыңыздар?

Балалар біздер ойыншықпен не істеміз? Ойыншықтар бізге ренжемеу үшін не істеуіміз керек?Бүгін өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Барлығымыз бірге дос болып тұрайықшы.


Ойынды қызыға ойнайды.




Ақбота деген қуыршаққа көмектестік.

Жұмсақ матадан, резинадан, пласмассадан жасалған ойыншықтармен таныстық.



Ойыншықтармен ойнаймыз. Оларды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнауымыз керек. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық

Күтілетін нәтиже:

Біледі;Көктемнің ерекшелігін

Игереді:ойыншықтардың атын, түрін түсін, пішінін ойыншық түрлері туралы білімдерін толықтырып, ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдыларын

Меңгереді. ойыншықтар және олардың неден жасалатыны туралы мәліметтерді











































«Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны












Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы: «Біздің ойыншығымыз.





















Өткізген: Қартбаева.Г.С



2016ж



«Кім жылдам» ойыны. Шарты: ойыншықтарды көрсеткенде, олардың аттарын түстерін пішінін неден жасалғанын жылдам айту керек.

1)Балалар мынау қандай ойыншықтар? Түстері қандай? Құлағы қандай пішін,басы ше?Неден жасалған?





























Ойын: «Қай ойыншық көп?» Шарты:Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсетіп қай ойыншықтың көп екенін сұрайды. Бізде қандай ойыншық көп? Бізде тағы қандай ойыншықтар көп?







































Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеу дамыту.

Тақырыбы: «Біздің ойыншығымыз.

Мақсаты: а )Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды, сипаттап айтуға үйрету.Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту ә )Жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше,түрде айтуға жаттықтыру. б )Ойыншықтардың күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күшіктер,мысықтар,лақтар, қозылардың суреттері,шарлар,ойыншықтар. Сылдырмақ ойыншықтар. Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар!

Қане барлығымыз орнымыздан тұрып бізге қонақ болып келіп отырған апайлармен амандасып алайықшы.

Жылулық шеңбері

-Амансың ба алтын күн!

-Амансың ба достарым!

-Амансыз ба апайлар,

Тілейміз сіздерге жарқын күн!

Тәрбиеші: -Рахмет балалар орындарыңызға отыра қойыңыздар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар : -Күз деп жауап береді.

Тәрбиеші: -Күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыздар ма?

Балалар: -Күзде күн суытып,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,жапырақтар сарғаяды.

Тәрбиеші:- Өте жақсы.Балалар, сендерді ата-әжелерің, әке-аналарың қандай сөздермен еркелетеді? Балалар: -Құлыным, ботақаным, лағым, қошақаным. Тәрбиеші: -Сендерді үлкендердің жақсы көретіні соншалық, төрт түлік малдың төлдерінің аттарымен ерекелетеді екен. Балалар мына суретке қараңдаршы,ненің суреттерін көріп отырсыңдар. Балалар: Үй жануарлары. Тәрбиеші:Жарайсыңдар, үйжануарлары екен біреу және бірнешеу екен.Бәріміз қосылып айтайықшы.Біреу болса күшік,ал көп болса күшіктер дейміз.Мысық-мысықтар,лақ-лақтар, қозы-қозылар. Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап оларды қорша. Балалар бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа келіпті.Сәуле бізге жалғыз келмепті.Ол өзінің көптеген ойыншық достарын ерте келіпті.Қане мұқият қараңдаршы.Сәуленің ойыншықтары пластмассадан,резинадан,мақтадан,ағаштан жасалған екен.

-Мынау үй жануары сиыр Бұл ойыншық резинадан жасалған екен.

-Ал мынау машина.Ол пластмассадан жасалынған екен.

-Ал мынау қонжық.Ол жұмсақ мақтадан жасалыныпты.

Тәрбиші:Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз?

Балалар: Дүкеннен аламыз.

Тәрбиеші: Ал,ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын фабрикаларда ағайлар мен апайлар сіздер сияқты бүлдіршіндер ойнасын деп жасайды.Сондықтан да сендер ойншықты ұқыптап,сындырмай ойнауға тиіссіңдер. Балалар ойыншықтар туралы кім тақпақ біледі.

Мадияр: Іші толған бөлменің, Ойыншығым мол менің. Босқа тізіп қоймайық, Достарыммен ойнайық.

Нұрислам: Мына тұрған арғымақ Мінем оған қарғып-ақ Мына тұрған қояным Алдыңа жем қоямын

Мансур: Ойыншықтарым қандай әдемі! Қызыл сары қоңыр-көк. Түрлі-түрлі түстері, Көз тартады өздері. Тәрбиеші: Енді бізге Бекарыс ойыншық туралы санамақ айтып беремін дейді,қане, тыңдайық. Балабақшаға жақсы аға, Көп-көп ойыншық әкелді. 1-аю,1-машина,1-доп,1-қуыршақ,1-қоян, Шатасып қалма бірақ та, Балабақшаға жақсы аға , Қанша ойыншық әкелді? Қане,балалар кім санап үлгерді.Дұрыс бес ойыншық. Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар сіздер ойыншық туралы өте жақсы біледі екенсіңдер.

Енді балалар манадан шаршаған шығарсыңдар бойымызды жазып алайық. Шеңбер болып тұрамыз қане бәріміз.



Сергіту сәті: Сылдырмақ-сылдырмақ Тұрады әркез сылдырлап. Сылдырмақ-сылдырмақ Бір сәт тұршы сыбырлап

Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз ойыншықтар туралы көптеген мәлімет алдық.Ойыншықтардың бірнеше түрі бар.Олар резинадан,пластмассадан,мақтадан жасалады екен.Біз ойыншықтармен ұқыпты ойнауымыз керек.Балалар тобымыз немен безендірілген Балалар:шармен . Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар шармен,ол шарлардың ішінде не бар екенін білесіздер ме балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалар: Сәуле қуыршақ.

Тәрбиеші:-Бізге Сәуле қуыршағымыз өзінің сыйлығын ала келіпті,ол бірақта шардың ішінде екен балалар.Кім еңбектеніп шапшаң шардың түсін,пішінін айтып шарды жарса сол сыйлыққа ие болады.

Енді қонақтарымызбен қоштасып алайық.

Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық

Күтілетін нәтиже

Біледі: Ойыншықтардың аттарын атауды. Игереді: үй жануарларының жекеше және көпше айтуды.

Меңгереді : Ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі