жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Біздің өлкеге қыс келді
Мерзімі: 11.12.2019ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Біздің өлкеге қыс келді
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдістері: шаттық шеңбері,түсіндіру,көрсету, тосын сәт, ойын, сергіту сәті, көрнекілік,.
Көрнекі құралдар: АКТ-да тақырыпқа байланысты суреттер, бейне ролик
Сөздік жұмыс: Аяз, боран, мұз, шана.
Билингвалды компонент:
Тәрбиеші:- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Бүгінгі көңіл -күйлерің қалай? Балаларды шаттық шеңберін құруға шақырамын.
-Бүгін , балалар , бізге тобымызға қонақтар келіп қалыпты, барлықтарымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
Жылулық шеңбер:
Ал, балалар тұрайық
Үлкен шебер құрайық!
Алдыменен бәрімен
Амандасып алайық.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң – апайлар!
Салеметсизбе,
Здравствуйте
Good morning!
Балалар: шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасады
Тәрбиеші: Балалар сендерге бір жұмбақ жасырайн
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)
Тәрбиеші: Балалар, мен бүгінгі ұ. о. қызметін Абай атамыздың «Қыс» өлеңінен бастағым келіп тұр. Тақтаға назар аударып мұқият қарандар.
Балалар: Мұқият бейнероликті көреді.
Тәрбиеші: Бейнероликте не көрдіндер?Балалар жылдың қай мезгілі туралы?
Балалар: - Қыс мезгілі .
Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: - 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
Тәрбиеші: - Қыста күн қандай болады?
Балалар: - Суық, аяз, боран.
Тәрбиеші: - Енді, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
Балалар: - Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты
Тәрбиеші:
Балалар
ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
Балалар:
-
Боранның.
Тәрбиеші:
Ендеше
боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын
жоғары көтеріп жәй және қатты дыбыс
шығарып гуілдейді.)
Тәрбиеші:
Ал,
қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын
қусырып,аяқтарын топылдатады).
Тәрбиеші:
-Ал,күн
шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп
қолдарын шапалақтайды).
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар
осындай көңіл – күймен сабағымызды
одан әрі жалғастырамыз.
Тәрбиеші:
- Балалар қандай қысқы ойындар білесіңдер
ме?
Балалар:
-
шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки
тебеміз, қар лақтырып ойнаимыз, аққала
жасаймыз
Тәрбиеші:Қандай
ойындар ойнайсыңдар?
Балалар:
Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен
сырғанақ тебеміз.
Балалар, қыста ауа
таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау
үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін
таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы
денелерің шынығады.
Тәрбиеші
Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай
мерекелерді тойлаймыз?
Балалар:
Жаңа жыл!
Тәрбиеші
Балалар, мынау ненің суреті?
Балалар:
Аққала
Аққала неден жасалады?
Балалар:
Қардан
Тәрбиеші
Қардың түсі қандай?
Тәрбиеші
Ақ Қар
Тәрбиеші
Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар:
Үш бөліктен тұрады
Тәрбиеші
Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар:
Дөңгелек
Тәрбиеші;
Балалар,
біреу сыртқы есікті тоқылдатып түрған
сияқты кім екен?
-
Аққала келеді қонаққа.
Аққала: -
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:-
Сәлеметсізбе аққала.
Аққала:
- Сендер мен жайлы айтып жатқандарыңды
естіп сендермен бірге ойын ойнаиын деп
келдім. Дала өте суық мен тоңып бара
жатырмын бірге денемізді қыздырып
жаттығу жасайық.
- Әрине аққала.
Тәрбиеші:
Қане бәріміз аққала мен жаттығу жасап
бойымызды сергітейік.
Сергіту
сәті
-
Ән: «Аққала»!
1)
Қыздырыайық ойынды
Көрсін бізді кең
дала
Суық шалмас бойыңды
Билесең
шыр айнала.
Қ-сы
Кел достарым,
келіңдер
Би билейік шаттана
Үйреніңдер
көріңдер
Қардан соқтық аққала, аққала
2)
Денеміз бар ақ қардан
Мұрнымыз
сәбізден
Қалпағымыз шелектен
Көзіміз
бар көмірден
Қ-сы 2
Аққала:
Балалар мен сендерге тапсырма
әкелдім.
Тәрбиеші:
Қане аққала қандай тарпсырма әкелдіңіз
көрейік.
1-тапсырма
- Тіл ұстарту
жаттығуларын орындаңдар. Бұл ойын
түрде.
Тәрбиеші:
Мен сендерге буындар оқып отырамын
сендер сол буынға арнап сөйлем
құрайсыңдар.
1) Ша-ша-ша
Жап жасыл шырша.
2) Ар-ар-ар
Қандай аппақ қар.
3) Ыс-ыс-ыс
Келіп қалды қыс.
4) Лар-лар-лар
Далада ойнаиды балалар.
5) Ла-ла-ла
Соғамыз қардан аққала.
Тәрбиеші:
Міне аққала сіздің тапсырмаңызды орындап
болдық.Енді
балалардың сізге сыйлық жасағылары
келіп отыр екен.
Аққала: Жақсы қандай керемет, ол қандай сыйлық?
Тәрбиеші: Біздің балалар аққаланы әр түрлі тәсілмен жасай алады. Сол жасағандарын сізге арнамақшы. (3 топқа бөлініп 1- ші топтың балалары аққаланы мақтадан жабыстырады, 2-ші топ тұрған аққаланың бөліктерін алып аққаланы суретін қиықтардан құрастырады, 3-ші топ балалары аққаланың суретін бояйды)
Тәрбиеші: Ал аққала, балалар жасаған кішкентай аққалаларды қабыл ал
Аққала:
Рахмет сендерге барлықтарын жақсы
тамаша жасапсындар. Рахмет.
Аққала:
Ал
балалар мен далаға бара берейін мен
сендерді қысқы ойынға шақырамын.
Тәрбиеші
- Жарайды аққала. Сіз ендеше еріп кетпей
тұрғанда қайта беріңіз. Сабақ аяқталған
соң біз сізге ойнауға барамыз. Сау
болыңыз!
Блингвальды компонент:
қыс-зима-winter
Суық-холодно-cold
Қар-снег-snow
аққала-снеговик- snowman
Сөздік жұмыс. Аяз, боран, мұз, шана.
Қорытынды:
Тәрбиеші:Қыс қандай екен?
Балалар:
Көңілді екен.
Тәрбиеші:Қыста
не жауады?
Балалар:Қар
жауады.
Тәрбиеші:Қандай
қысқы ойындарды білесіңдер?
Балалар:Аққала
жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, қармен
ойнаймыз.
Тәрбиеші:Ендеше,
мына үстел үстінде тұрған аққаланың
бөліктерін алып аққаланы құрастырамыз.
(Балалар аққаланы құрастырады).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Барлықтарынның аққалаларын әдемі шықты.
Сабағымызды Қыс келді әнімізбен қорытындылап жіберейік
Келген апайларға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген