жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Біздің қауіпсіздігіміздің ережелері" сабақ жоспары
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән |
Технология |
Күні: 12.11.2019 |
Мұғалім |
Б. Д. Мыңжасаров
|
|
Мектеп, сынып |
«Жалаулы орта мектебі» КММ, 6-сынып |
|
Сабақ тақырыбы |
Біздің қауіпсіздігіміздің ережелері |
|
Сынып сағатының мақсаты |
• Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін толықтыру. • Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу |
Сабақ барысы: І. Миға шабуыл • «Қауіпсіздік» дегенді қалай түсінесің? • Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет? • Қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды? • Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қандай болуы мүмкін? • Өзің қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтайсың?
ІІ.
Жол қауіпсіздік ережелері 2. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін. 3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер. Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауың мүмкін. 4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр. 5. Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың. 6. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.
ІІІ. Судағы қауіпсіздік ережелері - тек ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар, жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда шомылыңыздар; - шомыла білмейтін болсаңыздар, белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер; - шомылу кезінде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыздар; - жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер; - жүзе білмесеңіз, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар; - жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар; - қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер; - суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін; - түнгі уақытта суға шомылмаңыздар. IV. Мектептегі қауіпсіздік ережелері - Үзілісте баспалдақтармен жүгіруге, терезе жанында және шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде бір-бірін итеруге, қуалауға, заттарды лақтыруға болмайды; - Асханада ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып, абай болу керек;
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды
орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға,
тиісуге тыйым салынады;
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген