Біздің сыныбымыздың жұлдызды сәті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің сыныбымыздың жұлдызды сәті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына, сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біздің сыныбымыздың жұлдызды сәті»тренинг

Мақсаты: оқушылардың өзін –өзі тануын, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру, сыйластықтарын, бірлігін, ынтымақтастығын дамыту.

Барысы:

1. «Көрші» жаттығуы

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жыми,

Сол жақтағы көршіңе бір жыми.

2. «Сиқырлы сөздер» ойын

Бұл ойында әрбір оқушы бір біріне сиқырлы сөздерді қолдану арқылы немесе сыпайы түрде сөйлемдер айтады.

3. «Менің кеңістігім» жаттығуы

Әр оқушыға бір бет парақтан беріледі. Сол парақтың ортасына өзінің есімін жазады да, ал жан - жағына менің сүйікті жыл мезгілім, сүйікті пәнім, сүйікті әншім, сүйікті мұғалімім, сүйікті тағамым, сүйікті досым деп жазады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін оқылып, тыңдалады. Міне, жақсы көретін ісіміз, тағамымыз, әншіміз, досымыз бар. Жақсы көретін адамдарымыз жанымызда болғанда көңіл –күйіміз көтеріліп, ерекше бір сезімде болады. Әр адам өзінше ерекше.

4 «Сен, мен және бәріміз» әні.

Сен мен, және бәріміз,

Қандай жақсы, достарым бар қасымда

Бөлінбейді еш арамыз

Біз балдырған балалармыз

Достық жырын шырқайтын расында



Сен, мен және бәріміз

Бар әлемді шарлап кәне шығайық

Бейбітшілік өмір мәнін,

Ынтымақпен достық әнін

Әрқашанда біздер терең ұғамыз

5. «Атомдар мен молекулалар»

Әр қатысушы жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір – бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.

6.Топтық жұмыс

1-топқа: Күннің суретін салып, салынған суретке туған жерге деген игі тілектерді жазып күннің шуақтарына тарату.

2-топқа: Гүлдің суретін салып, салынған гүлге достарына деген үлкен ризашылықтарын жазу.

3-топқа: Жүрек салып, салынған кішкентай жүрекшелерге ата – аналарына ыстық ықыластарын жазу.

7. Жүректен жүрекке

Күн сайын биіктеген әр сатымыз

Біздің бір тілегіміз мақсатымыз

Әрдайым ашық болып аспанымыз

Еңбекпен шыға берсін жақсы атымыз.













«Өмір қымбатсың маған» тренинг

Мақсаты: оқушыларға өмірді сүйіп, қадір –қасиетін түсіндіру, қоғамда өмір сүре білуге үйрету.

Барысы:

1.Шаттық шеңбері.

Өмір, Өмір! Өмірдің мәні қандай ?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып,

Достарың жарасып, дәл осылай.

Шыдамдыны бұл өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады.

Сүріндіріп кейде сені құлатады,

Жылатып тұрып, жұбатады.

Дұшпандарға сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады.

2. «Арқада сурет салу» жаттығуы

Мақсаты: тері сезгіштігін, қарым – қатынас қабілетін дамыту.

3. «Менің жер шарым» жаттығуы

А4 форматқа күннің суретін салып, «Мен» деп жазады. Осы күннің шашағының бойына келесідей сұрақтарға жауап жазады.

1.Менің бойымда қандай қабілетер бар ?

2.Мен қандай кітаптар оқығанды ұнатамын ?

3.Мен нені армандаймын ?

4.Мен нені есіме түсіргенімді ұнатамын ?

5.Мен нені есіме түсіргенді ұнатамын ?

6. Менің мінезім қандай ?

7. Басқаларға қарағанда, мен нені жақсы жасай аламын ?

8.Маған өмірде не көбірек тартымды болып көрінеді ?

4. «Достық үйі» мінездеме беру.

«Достық үйіне» өзіңіздің қай этажда тұрғыңыз келетінін белгілеңіз. Сол арқылы сіздің жеке тұлғалық ерекшелігіңіз байқалады.

IV қабат – сенімді адам

ІІІ қабат - көмегін аямайтын жан

ІІ қабат – шыдамды адам

І қабат - сабырлы адам

5.Жүректен жүрекке

Өміршеңдік ережесі

Әр адамның ережесі өзжүрек қалауымен жүру мен батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңдыттіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Жігер деген -Мен

Күш деген - Мен

Махаббат деген -Мен

Кешірім деген -Мен

Құдірет деген -Мен

Жасөспірім деген - Мен

Жастық шақ деген -Мен

Денсаулық деген -Мен

Адалдық деген - Мен

Жарқындылық деген-Мен

Бар ғажайып деген- Мен

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.





«Біздің сыныбымыздың жұлдызды сәті»тренинг

Мақсаты: оқушылардың өзін –өзі тануын, өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру, сыйластықтарын, бірлігін, ынтымақтастығын дамыту.

Барысы:

1.Шаттық шеңбері

Күлімдеп тұрған адамның суретіне қарап, бір –бірімізге қарап күлімдейік.

Алақан суретіне қарап қолдарымызды қысамыз.

Күннің суретіне қарап бір –бірімізге жылы сөз айтамыз.

Жүрекке қарап бір –бірімізбен құшақтасамыз.

2. «Атомдар мен молекулалар»

Әр қатысушы жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір – бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.

3. «Фиксики» флештренинг

4. «Гүл сыйлау» жаттығуы

Гүл алып, «Мен сізге гүлді сыйлаймын, себебі сіз... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір –бір қасиеттерін айтып шығады.

5.Жүректен жүрекке

Жүк машина – жүкті арқалайтындай қабілеті бар, барлық ауыртпалықты көтере алатын қайратты да, жігерлі адамдар.

Автобус – көпшіл, адамдарға иланғыш, ақкөңіл, шулы ортаның адамдары.

Трактор – қажымай, талмай еңбек ететін қызметтің адамдары.

Жеңіл машина –қандай жағдай болса да жеңіл жағын қарастыратын, шапшаңшыл, пысық адамдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
933
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі