400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біздің сынып , 3 сынып , сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал орыс сыныптарындағы қазақ тілінен беретін мұғалімдерге арналған. Қазақ тілін үйретудегі төрт дағдыны дамытуға арналған жұмыс түрлері қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: «Біздің сынып »

Сабақтың мақсаты: 1. Мектеп туралы алған білімдерін тексеру. Өз сыныбы жане әңгімелеп беруіне бағдар беру.

2.Ой-өрісін арттыру, сөздік қорларын байыта отырып, өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру. Оқушылардың

тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

3. Өзінің оқитын мектебіне, мұғалімдеріне, сыныптастарына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Табыс критерийлері: 1. Сабақта белсенді боламын;

2. Сыныптастарымның пікірімен санасамын;

3. Өз ойымды анық жеткіземін.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас сабақ

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, СТО стратегиялары.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма, ойындар, диалог.

Сабақ барысы:

Кезеңдер

Мұғалім

Оқушы

Уақыты

Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.

  • Қайырлы күн, Вероника!

  • Қайырлы күн, Алексей!

  • Барлықтарыңызға қайырлы күн!

  1. Сабаққа бейімдеу. Тілдік жаттығу.

  • Сенің тегің кім?

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Қазақстан қандай ел?

  • Қазақстанның қай жерінде тұрасың?

  • Сенің ұлтың кім?

  • Сен сыныпта кіммен отырасың?

  • Сен қай мектепте оқисың?

  • Сен қайда тұрасың?

  • Сен неше жастасың?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қазір қай ай?

  • Бүгін аптаның қай күні?


Оқушылар мұғаліммен амандасады.



Ұсынылған сұрақтарға жауап береді.

3 мин

Үй жұмысын тексеру

Өз мектебі туралы әңгіме құрастыру

Оқушылар өткен сабақта өткен тақырыпты жүйелей отырып өздерінің мектептері туралы әңгімелеп айтып береді.

5 мин

Жаңа материалды меңгертуге дайындық

«Кезекші» өлеңі

Дайындаймын картаны,

Сүртем тақта, партаны.

Гүлдерге су құямын,

Қоқыс болса, жиямын.

Кезекшімін мен енді,

Тазартамын еденді,

Терезе, есік жуамын,

Шаң, тозаңды қуамын. (Ш.Мамасерікова)

Оқушылар өлеңді мәнерелеп оқиды, таныс емес сөздерді белгілейді.

2 мин

Таныстырылым

Өлеңде кім туралы айтылған? Өлеңге атау беру. Өлеңнен қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, ауызша фонетикалық талдау жасау (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке)

Өлеңді оқи отырып қазақ тіліне тән дыбыстарды атайды, олардың ерекшелігіне сипаттама береді.

3 мин

Айтылым

Оқылым

Жаңа сөздерді меңгерту.

Дайындау – подготовить

Сүрту – вытирать

Құю – лить

Жинау – убирать

Тазарту – чистить

Жуу – мыть

Қуу – гнать

Берілген сөздерді бірнеше рет қайталатып, айтылу ерекшелігіне назар аударту.

Оқушылар жаңа сөздерді қайталайды.

2 мин

Жазылым

«Кезекші» сөзіне ассоциация жазу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Кезекші

Мектеп оқушы сынып


Тақырып анықталған соң, келесі кестені толтыру ұсынылады.

Сынып

Сынып бөлмесі қай қабатта орналасқан?

Сыныпта қанша оқушы бар?

Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?

Сынып бөлмесінде неше терезе бар?

Сынып оқушылары қандай?







Қажетті сөздер: бірінші, жиырма төрт, екі, тату, адал, әділ, ұйымшыл, тілалғыш, салмақты, парасатты, т.б.


Жұптаса отырып «Біздің сынып» тақырыбында 3-4 сөйлем құрастырады.


Ұсынылған сөзге жақын баламалар анықтайды.

15 мин

Сергіту сәті

Компьютер арқылы көрсетілген сергіту сәтін орындау



2 мин

Тыңдалым

Айтылым

Оқушылар жұппен ортаға шығып жазғандарын баяндайды.



Орындарында диалог ұйымдастыру.

Жұптарды тыңдайды да баға береді. 2 – жұлдыз,

1 – ұсыныс

5 мин

Рефлексия

«Біздің сынып» атты кәрзеңкені жаңа сөздермен толтыру.

Сабақта меңгерген сөздерді жазу.

3 мин

Қорытынды

Маған сабақ ұнады. 5 себебін көрсет.

Маған сабақ ұнамады. 5 себебін көрсет.

Оқушылар жұпта берілген пікірлердің бірін қорғайды.

2 мин

Бағалау

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні


Жұптың жұмысына баға

Өзімнің жұмысыма баға

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға















2 мин

Үй жұмысы

«Қоржында не бар?»

Қоржындағы әріптерден сөз құрастыру, сөз тіркесін жасау және сөйлем құрау.

ЕҒКТПШ

АУБ

ЫҰЛ

ОҚІ

АБҚА

Оқушылар ұсынылан әріптерден сөз, сөздерден сөз тіркесін, одан сөйлем құрастырып келеді.

1 мин


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі