400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің сынып. Сапар мен парта.

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің сынып тақырыбы аясында өз ойларын айта отырып, А.Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалымен танысады. 2.3.7.2. Мысалды оқи отырып, мазмұнын түсінеді. 2.3.7.3. Өз оқу-құралдарымен қатар мектеп мүлкіне де құрметпен қарауға үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

26.11.2020ж.

Мектебі: Еңбекшіқазақ ауданы Әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ

Пәні:

Әдебиеттік оқу

2 «Е» сыныбы

Мұғалімі: Сәрсенәлиева Н.Ж.

Сабақтың тақырыбы:

Біздің сынып. Сапар мен парта.

Оқу мақсаты:

2.3.7.1. Біздің сынып тақырыбы аясында өз ойларын айта отырып, А.Сопыбековтың «Сапар мен парта» мысалымен танысады.

2.3.7.2. Мысалды оқи отырып, мазмұнын түсінеді.

2.3.7.3. Өз оқу-құралдарымен қатар мектеп мүлкіне де құрметпен қарауға үйренеді.

Тірек сөздер

Біздің сынып, парта, Сапар, Мысал.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Білу

3 минут.

  • Сыныпты түгендеу.

  • Оқу құралдарын сабаққа дайындау.

  • Сынып туралы сұрау. (Слайдпен жұмыс.1.Видеоны қосу) синхронды

  1. Бұл қай мектеп?

  2. Кімдерді көріп тұрсыңдар?

  3. Қайда отырмыз?

  4. Сыныпта қандай заттар бар еді?

  5. Оларды қалай ұстауымыз керек? ҚБ «Басбармақ»

  6. Лоторея ойынын ойнайықшы. Ойнағыларың келе ме? Олай болса слайдта көрсетілген 1 мен 26 сандарының арасынан бір ғана санды таңдаңдар. Таңдаған сандарыңды атаңдар. Сонымен қатар бір-бірімзді қайталамаймыз. (Слайдпен жұмыс. 2. (1,12, 23 сандарына жұмбақ шешкізу. )) ҚБ «Күлегештермен»

Білім мен тәлім

Парақтап ашқанда,

Беттерінен мәлім.

Ілулі түр кең алаң,

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.

23.

Жұқа тақтай бөлшегі –

Ұзындықтың өлшемі.

  1. Сабақтың басында көрген видеомыз, шешкен жұмбақтарымыз не туралы, неге қатысты болды?

  2. Жарайсыңдар! Бүгінгі тақырыбымыз қандай болады деп ойлайсыңдар? Жақсы.

Бүгінгі сабақта А. Сопыбеков ақынның «Сапар мен парта» атты мысал өлеңін оқып, мамұнын түсінеміз. (Слайд 3.)

Түсіну

15 минут

А.Сопыбеков – ақын. Қызылорда облысында туған. «Айға сапар», «Айналайын» т.б. кітаптары бар. Алдымен мысал дегеніміз не екенін еске түсіріп алайық. Мысал дегеніміз – заттарды, жан-жануарларды адам кейпінде сөйлете отырып, сабақ боларлықтай, тәрбиелік мағынада жазылған шығарма. (Слайд 4.)

Мысалды мұқият тыңдайық. Видеодан «Сапар мен парта» өлеңін тыңдайды.

Өздеріне оқыту. ҚБ «ЖҰЛДЫЗША - ЖАСЫЛ, САРЫ, ҚЫЗЫЛ.»


Критерий: Мысалды оқиды.

Дескриптор:

  1. Сауатты оқиды.

  2. Тыныс белгісіне қарап, дауыс ырғағымен оқиды.

Қолдану

5 минут

Енді, білім лендке кіріп, тек тапсырмаларын тез-тез орындап шығамыз. (Экраннан көрсету қорытындысын)

Жинақтау

10минут

  • Өлеңдегі кейіпкерлерді атайықшы.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Сапардың іс әрекеті дұрыс па?

  • Сапар парта бетіне қарағанда жауап берді ме?

  • Өлеңді диалог деп атаймыз ба, әлде монолог деп атаймыз ба?

  • Неге?

Талдау

5 минут

Қолыма қалам алып ойынын ойнайық. Яғни, сендер хат жазасыңдар. Тақырыбы: «Сапарға айтарым бар»

  • Сапардың іс-әрекетіне баға берейікші.

  • Сапардың іс-әрекетінен қандай қорытынды шығардыңдар?

  • Сен сыныптағы заттарға қалай күтім жасайсың?


Критерий: Хат жазады. «Сапарға айтарым бар»

Дескриптор:

  1. Іс-ірекетін дұрыс бағалайды.

  2. Мысалдан қорытынды шығара алды.

  3. Сапарға құнды ой айтады.


Бағалау

2 минут


Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болса «КҮЛІМДЕГЕН ТАЗА ПАРТА» суретін жібересіңдер. Егер түсінбей қалған тұстарың болса «МҰҢАЙҒАН СЫНЫҚ ПАРТА» суретін жібересіңдер.

Балдық жүйемен бағалаймын. ӨЗ БАҒАМ

«3» - 2,3,4.

«4» - 5,6,7.

«5» - 8,9,10.





Бекітемін:

_______________

Мектеп директоры

Л.А. Тункаева





Ашық сабақ

Shape1

«Біздің сынып. Сапар мен парта»

(мысал)

Тақырыбы:













2 «Е» сынып

Сынып жетекшісі: Сәрсенәлиева Н.Ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі