"Біздің шырша"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Біздің шырша"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Біздің шырша"


Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу.Шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу. Кейіпкерлер:Аққала,Ақшақар,Аққоян,Аяз ата
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген.Балалар "Жаңа жыл" әнімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы айнала қандай әдемі.Мұнда қонақтар да көп екен,кәне амандасайық(хормен)Саламатсыздар ма?Мына тұрған шыршаға қараңдаршы,әдемі безендірілген екен,иә?!Балалар сендерге ұнады ма? Біз бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық.Мерекелерің құтты болсын!

Ау, халайық, халайық
Жылды қарсы алайық!
Қуанайық, тойлайық
Қызығына тоймайық.
Жаңа жылда бәріміз
Жақсы тілек айтайық!
Біздің қонақтарды ,балапандарымызды құттықтау сөз бөбек-жай басшысы Г.З.Каденоваға беріледі. Тәрбиеші:: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап»
Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша! Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
1-бала:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
2 -бала:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

Тәрбиеші: Қыс - ғажайып жыл мезгілі, тек қыста ғана көңілді мереке Жаңа жыл болады. Қанша қызықты ойындар ойнауға, шана мен шаңғы тебуге және Аққала салуға болады.
(Музыка әуенімен Аққала кіріп келеді)
Тәрбиеші: Мынау не? Қандай ғажап!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме!

Менің атым Аққала

Ән саламын шаттана.

Аққаланы айналып,

Кел ойнаңдар шаттана. Балалар,сендер мені таныдыңдар ма?

Мен Аққаламын! Мені орманда қардан жасаған. Мені өте әдемі жасаған: басым ақылды, өзім аппақпын, мұрным тамаша - сәбіз!Седер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Аққала: Сонда сендер аяздан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Аққала:Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз!

Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз!

Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз!

Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер.Енді менімен ойын ойнайсыңдар ?

Тәрбиеші,балалар: Ойнаймыз!

Ойын "Қар жинау"

Аққала:Тамаша! Сендерұйымшыл әрі епті екенсіңдер.Мен сендердің мерекелеріңе Аяз атаны сыйлықтарымен тауып ,ертіп әкелейін(кетеді)

Әдемі әуен ойнайды.

Тәрбиеші: Балалар естіп тұрсыңдар ма?Бізге қонаққа кім келе жатыр екен?(залға Ақшақар келеді)

Ақшақар: Саламатсыңдар ма балалар? Қарлы боран болса да,
Қорықпаймын, тоңбаймын.
Өйткені , немересі Аяз атайдың,
Ақшақар -сұлу мен боламын.

Тәрбиеші: Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз.
Ақшақарды ортаға алып
Би билейміз бәріміз.
Балалар,қараңдаршы,Ақшақар неткен әдемі?! Қош келдің Ақшақар!
Ақшақар:Бүгін сендер де сондай әдемісіңдер,мерекеге жиналдыңдар ма ? Қандай мерекеге жиналдыңдар?

Тәрбиеші-балалар: Жаңа жылға жиналдық.

Ақшақар:Бұл менің ең жақсы көретін мерекем.Бұл күні шырша әдемі күйге бөленеді.Балалар,шыршаларың қандай әдемі?!Ал шыршада ілініп тұрған нелер?

Балалар: Ойыншықтар

Ақшақар:Ойыншықтар әдемі ме?

Балалар: Иә,әдемі

Ақшақар:Ойыншықтар әдемі екен.Ал шырша шамдары жанбай тұр екен.

Балалар,шыршамен ойнаймыз ба?Қане,бәріміз шапалақтайықшы(шырша шамы жанады) Енді шыршаға үрейікші (шырша шамы сөнеді.Ойын 2-3р қайталанады)

Енді шыршаға арнап би билеп берейікщі.

Би : "Ұлпақарлар"

Ақшақар:Жарайсыңдар балалар. Енді айналаға қарайықшы,Мыа жерде қар жетіспейтін сияқты.Балалар,мына жерді қарға толтырамыз ба?

Ойын : "Қар лақтыру"

Ақшақар : Ой балалар,мына жерде қорқыр отырған не?

Қоян жүгіріп шығады: Ой-ой-ой.Мен қорқып кеттім.Маған қар лақтырған кім?

Ақшақар :Ой аққоян,қорықпа.Кел бізбен бірге мерекені тойла.

Тәрбиеші: Балалар,аққоянның көңілін көтереміз бе?

Ақшақар : Келіңдер балалар,аққоянмен бірге ойын ойнайық.

Ойын "Аққоян"

Ақшақар : Аққоян сенің көңілің көтерілді ме?

Қоян : Рақмет сендерге балалар,менің көңілім көтерілді.Енді менің қарным ашып тұр.Маған сәбіз керек.

Тәрбиеші: Балалар,аққоянға тездетіп сәбіз жинап берейік.

Ойын "Сәбіз жинау"

Қоян: Рахмет сендерге балалар.Менің сүйікті сәбізімді жинап бердіңдер.

Ақшақар : Балалар,мен шыршаның жанына сыйлық дайындап қойып едім.Соны таба алмай тұрмын.Мүмкін Аяз ата алған шығар.Аяз атаны бәріміз шақырайықшы.

Барлығы қосылып: Аяз ата,Аяз ата!

Аязата: Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем мереке

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.

балалар амандасады:Сәлематсыз ба, Аяз ата!
Аязата: Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өттім мен бүгін.
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен.
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Ақшақар қызым қайда жүр десем ол да осында екен ғой.

Ақшақар: Ия ата, сіз келіп сыйлық бергенше,мен балалармен ойнап,жақсы көңіл көтердік.Солай ғой,балалар? Балалар сізді көп күтті,енді сыйлықтарын беріңіз.

Аяз ата: Жарайды қызым,бірақ балалар да маған сыйлық дайындаған шығар,ә?Мен де әсем ән тыңдап,шаршағанымды бассам деймін.

Тәрбиеші: Балалар, Аяз атаға арнаған тақпағымызды айтып, әнімізді шырқайық!

1-бала :Қараңдар шыршаға,

Неткен әсем көрікті?!

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті.

2-бала:Тамаша сый алып

Келді аяз атамыз,

Шаттанып қуанып

Шырқап ән айтамыз.

3-бала:аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Ән : "Мерекеге келдік"

Аяз ата: Ой,бәрекелді,рахмет балапандарым!Қане,қызым сыйлықтарын берейік.(Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.)Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар. Жаңа жыл құтты болсын! Көріп тамашалағандарңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2025
40
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі